Материалдар / Бисерден "Ақ қайың" жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бисерден "Ақ қайың" жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қол өнерін үйрету үйірме сабақтарында көрмеше қатысу бос уақыттарында жұмыс жасауға сыйлық ретінде де пайдалануға блады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2019
565
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Бисерден «Ақ қайың»жасау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бисердің шығу тарихын, жасалу жолдарын, қолданылуын, композициялық табиғат көрінісін үйрету.

Білімділік: Оқушыларға өнер және қолөнер туралы білім беру. Қолөнердің бір саласы бисер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. Қолөнер бұйымын жасап шығару.

Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, бисер туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту. Бұйымды жаңа дизайн үлгіде көрсету.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын, сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.Тиянақты деңгейін көтеруге баулу.

Көрнекілігі: Бисерден жасалған бұйымдар: білезік,картинка, т.б.....

Құрал-жабдықтар: бисер, сым, тоқыма ақ жіп, қайшы, нұсқау карта.

Пәнаралық байланыс: Тарих, математика, сызу, бейнелеу өнері, биология, география.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс арқылы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау.

ІY.Жаңа білімді меңгерту.

Ү. Сарамандық жұмыс.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқу құралдарын алып отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа келген, келмегені түгенделеді.

ІІ. Үй тапсырмасы: (8-10мин)

  1. Изонит дегеніміз не?

2. Қай елде алғашқы рет қолданылды?

3. Жіппен бейнелеу үшін не қажет ?

4. Жіппен бейнелеудің шығу тарихы?


Жаңа сабақ

Халқымыздың қолөнері деп, халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.

1.Оқушылырдың бисер тоқу өнерінің шығу тарихына байланысты жинаған аңыз-әңгімелерін тыңдау.

Бисер тоқу өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармаларының ішінде әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға, алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер, әшекейлер тоқуға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.

Бисер тоқу өнері нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді.Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек.Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның(натрий қосындыларының)үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар б.з.д ҮІ ғасырда ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ киімге таққан деседі. Ең алғашқы «Бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң әйнек өндіруші шеберлер жан- жаққа тарап, әлемге «Бисер атауы» мәлім бола бастады. Нақ осы кезде бисерден тоқылған бұйымдар жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдер, сөмкелер т.б жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» болуы үшін мықты болып келетін жібек жіппен орындалады. Бисермен қазақтың ою -өрнектерін тұмарша , алқа, шашпау, тағы басқа өте сәнді әшекейлер : сырғалар, алқалар жасауға болады.

ПShape1

Бисердің түрлері

ластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.

Shape2

Shape3 Дөңгелек Таяқша

Shape4

Сопақ

Бисермен тоқу нені талап етеді?

Оқушы: -Бисермен тоқу көп уақытты, шыдамдылықты талап етеді.


ШShape6 Shape5

Бисерді неден жасайды?

ыны Керамика

Shape7

ХShape8 Shape9 русталь Металл


Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Бисермен тоқу жұмысы жақсы жүру үшін құрал- саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын да ыңғайлап алу, әсіресе , ол жерде бисерді дұрыс орналастыру қажет. Ол үшін өте терең емес,(5-10 мм) тәрелкеге салған да жөн, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Сонымен қатар, жұмыс істелетін орнын жарықпен жақсы қамтамасыз ету керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

Бүгінгі сабағымызда біз бісерден тал, ақ қайың жасаймыз. Ақ қайың түралы мәлімет айту.


Технологиялық картасы:


Жұмыс реті

Құрал сайман

  Нобайы

1

Бисер таңдау

Бисер


2

Ұзындығы 70-80см жұмсақтау сым

сым


3

3бисерді өткізіп,сымның ортасына апарып бұрау

Бисер, сым




 

4

4бисерді өткізіп бұрау

Бисер,сым



 

5

Өткізілген бисерді ортасынан бұрау




 



6

3-4 бұтақты біріктіріп, қалыңдау сымға жіппен орап шығу

Сым,тоқыма ақ жіп

 

7

Дайын бұтақтарды 50 см қалың сымға жіппен орау

Сым, тоқыма ақ жіп



 


.

Қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  1. Қайшымен жұмыс кезіндегі.

  2. Сыммен жұмыс кезіндеі.

Сарамандық жұмыс.

Оқушыларды жұмысқа кірістіру.

Әр оқушы өздерінің әкелген сымдарымен, бисерімен өз жұмысын орындау керек. Алдымен математикаға байланысты ойын ойнайық. Ол үшін бізге 1ден 9 ға дейін санды цилиндрге жазып қоямыз. Осы сандарды араластырып қойсақ 156 саны шығу керек. Ол үшін 39 көбейтеміз 4- ке , 78 көбейтеміз 2- ге.

Көзге жаттығу орындату.

Қорытынды.

Болғандарына сурет беріп, «Кім жылдам табады?» ойынын ұйымдастыру. (көзді тынықтыру)

Оқушылардың жасаған бұйымдарын тексеру, жақсы жасалған бұйымдарды атап өту, кемшіліктері болса түзету, соған қарап бағалау.

Осы еңбектің барлығын жисақ - байлық, берсек - тәуір сыйлық, сатсақ - теңге, бір сөзбен айтқанда сән- салтанат емес пе?Бұл уақыт керуенімен озған ата – бабамыздың бізге қалдырған иелік мұра – қазынасы, бай тәжіребесі, қолөнері. Байқасақ, мұнда әлеуметтік және экономикалық мәні зор исі қазақтың атакәсібі жатыр. Бабаларымыздың атамұрасын жалғастыру атакәсіпті игеру арқылы тіршілігімізді жандандыру,тұрмысымызды елмен егіздеу біздің қасиетті парызымыз деп білемін.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!