"Біз 5-сыныпқа барамыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз 5-сыныпқа барамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Біз 5 – сыныпқа барамыз»

(тренинг-сабақ)

 

Тақырыбы: « Біз 5 – сыныпқа барамыз»

Мақсаты : балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.

Сабақтың түрі талқылау, ойын сабақ

Керекті құралдар : түрлі – түсті қағаздар , маркер , суреттер , ватман .

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.

2. Тренинг «Жүректен — жүрекке»

3.Оқушыларға сұрақтар

4. Топтық жұмыс. «Гүлге қонған көбелек»

5. «Біздің 5 сынып» суретті жаттығу

6. «Менің жұлдызым»

7. «Алма тілектері»

8. Рефлексия (ой қорытындылау)

9.Қорытынды


I Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.

Балалардың көңіл-күйлерін сұрау. Сәлеметсіздерме балалар? Қалдарыңыз, көңіл-күйлеріңіз қалай? Бүгін күн қандай тамаша. Балалар сіздердің көңіл-күйлерің жақсы болса бүгінгі сабағымызды бастайық. Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Балалар сіздер ойын ойнағанды жақсы көресіздер ме?

Балалардың пікірін тыңдау. Олай болса балалар бүгінгі біздің ойын сабағымыздың тақырыбы «Біз 5 сыныпқа барамыз» деп аталады.

Менің тренингтік есімім.

Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.

Жүргізуші оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап,қорытындылай келе тренинг сабақтың ережесін түсіндіреді.

ЕРЕЖЕ:

1.      Құпиялылық

2.      Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз

3.      Белсенді боламыз

4.      Бір-бірімізге ренжімейміз

5.      «қазір» және «осында» принципі

 

II . Психологтың кіріспе сөзі.

5- сынып дегеніміз не ?

Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектесу керек.


Оқушыларға сұрақтар:

 

— 5 сынып дегеніміз не ?

— 5 сыныпта қандай пәндер оқытылады ?

— 5 сыныптан не күтесіз ?

— Мен бастауыш түлегі болғандықтан …

— 5 сыныпта мұғалім маған …

 

III. Топтық жұмыс.  «Біздің 5 сынып» суретті жаттығу.

 

Мақсаты: оқушылардың сынып туралы ойларын білу, қарым – қатынасын анықтау. Топтық суреттер арқылы оқушының ойын білу.

Оқушылар топ болып отырады. Топқа жұмыс беріледі. Оқушылар өздерінің ойларын білдіріп , презентация жасайды.

1 топқа — «Менің бесінші сыныбым»,

2 топқа — «Менің сынып жетекшім»,

3 топқа  — «5 сынып оқушысы қандай болу керек ?»

Оқушылар салған суреттері бойынша түсінік жүргізеді.

 

«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар»деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.

     «Менің жұлдызым».

Нұсқау: Енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елесетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және әлсіз жарық. Біреулер үшін бұл бірнеше жұлдыз, біреулер үшін сансыз ұсақ, небір жарық, жымыңдаған нүктелер болуы мүмкін. Қол созғанда жететіндей біресе алыстап, біресе жақындап көрінуі мүмкін. Жұлдыздарға көңіл қойып қарап, ішінен өзіңізге ұнаған тамаша жұлдызды таңдаңыз. Өз жұлдызыңызға қарап, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізбен ұмтылыңыз, сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жете аласыз. Оны аспаннан алыңыз да, алдыңызға жайлап қойыңыз. Жақынырақ қараңыз, оның қандай екенін есте сақтаңыз. Тізеңізді сипап, қолыңызды екі жанға созыңыз да, көзіңізіді  ашыңыз. Жұлдызыңыз сізге достық, қайырымдылық , шұғыласын шашады. Білім жолында, өмір жолында қолдау көрсетеді. Түнгі жұлдыздарды қарасаңыз олардың әртүрлі екенін көресіз. Олар әртүрлі біз бен сіз сияқты.

 

Рефлексия (ой қорытындылау).

«Аяқталмаған сөйлемдер».

Бүгінгі сабақта менің түсінгенім…

Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны…

Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.


           Өміршеңдік ережесі

 

Басымызға қиындық түскенде немесе алдымызға қойған мақсатқа жету үшін өміршеңдік ережесін есіңе ала отырып , өз өміріңіз қолыңызда екеніне сеніңіз. Оны білеміз және солай жасаймыз. Орнымыздан тұрып шеңбер жасап, иығымызды тіктеп, жарқын көңіл – күймен, табысқа жетуге талпынайық :

Жігер деген – Мен,

Күш деген  — Мен,

Махаббат деген – Мен,

Кешірім деген – Мен,

Құдірет деген – мен,

Жасөспірім деген – Мен,

Жастық деген – Мен,

Денсаулық деген – Мен,

Даналық деген – Мен,

Ақыл деген-Мен,

Жарқындық деген – Мен,

Бар ғажайып деген – Мен,

Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда!

Қорытынды:


5 - сынып оқушыларының дамуы , одан әрі  қалыптасуы, үнемі дамып отырады. Оқушылардың орта буынға көшкендегі психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуының , ұстаздарға жеңіл бейімделуге , оңай тіл табысуға үйрете білуіміз керек. Сондықтанда оқушыларды дамыта түсуіміз керек. Ерекшеліктерін ескере білуіміз керек. 

 

 














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2021
1093
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі