Біз - бір ұжымбыз тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз - бір ұжымбыз тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біз - бір ұжымбыз" тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз – бір ұжымбыз!» тренинг

Мақсаты: Ұжымда бірауыздылықты, ашықтықты, сенімділік деңгейін, эмоционалды еркіндікті орнатуға жағдай жасау.

Міндеті:

  • Қатысушылардың бірін – бірі туралы көптеген мағлұматтар алу.

  • Әр қатысушыға өзін бір үлкеннің кішкене бөлшегі ретінде, ұжымның бір мүшесі ретінде сезінуі үшін ұжым ішінде жағымды ахуал орнату

  • Топтың бірігуіне әсер ету.


Өтетін жері: жарық, кең, қарапайым бөлме.

Керекті құралдар: Тренинг ережесі, арнайы әуен. Ақ парақ, плакат, маркер.


Уақыт: 30 минут.

Негізгі іс - әрекет:

  • 1. Сергіту жаттығуы «Мейрімді жануар»

  • 2. «Карусель» ойыны

  • 3. Психологиялық тест.

  • 4. Релаксация жаттығу «Гүл бағында»

  • 5. «Біз – бір ұжымбыз!» бірігіп сурет салу

  • 6. «Достық алақаны» жаттығуы.

  • 7. «Бірігіп ән айту» жаттығуы.

  • 8. Рефлексия «Өз әсерлерімен бөлісу»


Кіріспе:


Сәлеметсіздер ме әріптестер?

Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңізге қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Сіздерге қызықты әрі қажет болады деген сенімдемені. Сіздер бір ұжымсыздар. Бір ұжымда бірін – бірі білетін, алдына қандай мақсат қойғанын білетін, бойынды қандай қасиеттер бар екенін білетін адамдар жұмыс істесе оңайырақ болады. Мүмкін сіздер де осы ойыммен толық келісесіздер.

Сол үшін бүгінгі кездесуімізді бір – бірімізді тануға арнағым келіп отыр. Олай болса тренингімізді сергіту сәтінен бастасақ.

  1. Сергіту – жаттығуы «Мейірімді жануар»

Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын.Шеңбер жасап бір – бірімізге иық тіресіп, қолдарыңыздан ұстаңыздар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап дем аламыз. Бір қадам артқа аттап дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.

Екі топқа бөлініп, бір қатарға сап түзеп тұрыңыздар. 1- топ азанғы ауысым, 2- топ түскі ауысым. Жарыс ретінде өтеді. Барлық тапсырманы біз үнсіз, жасауымыз керек. Мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылуымыз керек.

  1. тапсырма: бой – бойларыңызқбен тұрыңыздар.

  2. Тапсырма туылған күндеріңіз бойынша тұрыңыздар.1- қаңтар басында,

31- желтоқсан соңында.

  1. Тапсырма топтарыңыз бойынша сәби топ басында, ересек топ соңында.

  2. Тапсырма: жастарыңызға байланысты жасы кішілер алдында, жасы үлкендер саптың соңында

Ойын аяқталды. Рахмет. (қай топ жылдам әрі тез марапаттау)


  1. «Карусель» ойыны. Топ мүшелері екіге бөлінеді.1- топ ішкі, 2- топ сыртқы болып екі шеңбер жасайды.

Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады. Жетекшінің белгісі бойынша тоқтайды. Бір – біріне қарыс келген екі ойыншы жұп құрайды. 2- минут ішінде жай әуеннің ырғағымен әңгімелеседі.Мүмкіндігінше бір – бірінің бұрын соңды білмейтін жақтарын айту. Уақыт біткен соң кезекпен таныстырады.

  1. «Өзіңізді білесіз бе?» Психологиялық тест.

Тест адамдағы жетекші ми сыңарын анықтауға мүмкіндік береді.Бұл туа біткен нышан болып табылады, сондайы – ақ өмір бойы өзгермейді. Алайда қатты толқығанда мидың жетекші бөлігі орын ауысып, өзгеріске түсуі мүмкін екендігін ескерген жөн.Нұсқау беріледі. Әрбір нұсқаудан кейін оң немесе сол қолдың жетекші болып табылатындығы анықтталады. Оң қолға «О», солқолға «С» белгілерін қойып өздеріңізге тән формулаларды анықтап аласыздар. әр формула бойынша жеке – жеке оқылып беріледі.

Нұсқау:

1.Қолыңыздың саусақтарын айқастырыңыз. Сіз бір саусақтың ұдайы үстінде тұратынын аңғарасыз. (оң немесе сол қол)

Оң саусақ Сол саусақ

Аналитикалық ойлауы басым Тым әсерленгіш, ойлануы басым.

2. Бір нысананы таңдап, оны қалам немесе қарындаш арқылы көздеп көріңіз

Оң көз Сол көз

Сіздің мінезіңіз бірбеткей, табанды. Мінезіңіз жұмсақ және көнгіш

3. Қолдарыңызды кеуде тұсына айқастырыңыз.

Оң қол үстінде тұрса Сол қол үстінде тұрса

Сіз қарапайым, ақкөңілсіз. Назды қылықтарға бейім адамсыз.

4.Қолыңызбен шапалақтаңыз.

Оң қол ыңғайлы болса Сол қол ыңғайлы болса.

Сізге батылдық тән. Сіз шешім қабылдар алдында жиі

қобалжисыз.

  1. Релаксация (босаңсу) жаттығуы «Гүл бағында»

    • Ыңғайлы отырып, көздеріңізді жұмып, терең дем алыңыз.

    • Төбеңіз алтын нұрға бөленіп тұрғандай елестетіңіз. Бар зейініңізді жарқырап тұрған төбеңіздегі күнге аударыңыз.

    • Алдыңыз ақ нұрға бөленіп, кеудеңізге шуақ шашып тұр деп ойлап, өзіңізді сағым арасында, әдемі гүлдің ортасындамын деп елестетіңіз.

    • Қараңыздаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп. Әсем, әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр!

    • Бақтағы сайраған құстың даусы, сылдырап аққан судың сыңғыры құлаққа қандай жағымды естіледі! Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқыған гүлдердің хош иісі неткен керемет. Осы гүлдердің арасынан өздеріңізге ұнаған гүлдерді теріп алып, ең жақын, ең жақсы көретін адамыңызға сыйлаңыз.

    • Көзімізді жәймен ашып: «мен өзімді сергек сезінемін» деп айтыңыз.

  2. «Біз – бір ұжымбыз» бірігіп сурет салу тренингі.

    • Қазір мына плакатқа өз ұжымдарыңыздың суретін салып араларыңыздан бір немесе екі адам шығып осы суретті қорғайсыздар. Бұл сурет бір қараған адамға қай ұжымның суреті екенін айтпай білетіндей етіп салынуы керек. Ендеше іске кірісейік. Іске сәт!

  3. «Достық алақаны» жаттығуы.

    • Ақ парақтың бетіне әрбір қатысушы өз алақандарын басып салады. Астына өз есімдерін жазу керек. Қатысушылар стол үстіне парақтарын қалдырып,өздері парақтан параққа жылжиды.Тапсырма: алақан иесіне жақсы тілек немесе осы адамның бойында бүгін тренингте ұнаған жақсы қасиеттерін жазулары керек.

  4. «Бірігіп ән салу» жаттығуы.

    • Топтың мүшелері бір – бірінің қолынан ұстап дөңгелене тұрады. Ыңылдау арқылы кез – келген нота бойынша әндете бастайды. Осылайша олар бірте – бірте дөңгелектің ортасына бір – біріне жақындай қозғала бастайды. Олар бір ырғақпен музыканы бірге айтуға тырысулары керек.Тек сол кезде ғана олар бір – біріне деген жақындықты сезінеді. Жаттығудың шарықтау шегі – ойыншылардың хормен әндетуі.

  5. Рефлексия «Өз әсерлерімен бөлісу»

Бүгінгі кездесуден өздеріңізге қандай жаңа нәрсе алдыңыздар?


Сіздерге не ұнады, не ұнамады?


Кездесуден алған әсерлеріңіз қандай?


Қортынды.


Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық нұр,

Сол нұрға тән қамы үшін жан жұмсап жүр.

Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен

Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Ақыл деген – денеге егулі дән,

Суарылса оған да кіреді жан.

Ақылдың өсіп, өніп зор аймағы,

Көрген, білген нәрседен ғибрат алған.


  • Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан болады деп Шәкәрім бабамыз айтқандай бүгінгі кездесуімізді осындай ұлағатты сөзбен аяқтағанды жөн көрдік. Осы сөз барлықтарыңызға бір ой салар деген үміттеміз. Сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз! Рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.01.2025
74
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі