Материалдар / "Біз - болашақ сарбазбыз!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біз - болашақ сарбазбыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біз - болашақ сарбазбыз!"
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әскери-патриоттық ойынның мақсаты:

білім алушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

- Жарнама -

Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру.
1.
Өткізілетін орны және уақыты
Ойын 2023 жылдың 7 мамыр күні  Қособа мектеп балабақша кешенінің алғашқы әскери дайындық алаңында өтеді.
2. Ойынға мектеп білім алушыларынан құралған 3 топ қатысады.

Құрметті ата — аналар, ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Жас ұлан» әскери-патриоттық  сайысына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.

Қай заманда болсын, адамзат алдында тұратын ұлы мақсат пен мұраттың ең бастысы — елі мен жерінің амандығы. Ол үшін ел мен жерін көркейтетін салауатты ұрпақ тәрбиелеуді көксеген. Оларға жол көрсетіп, еңбек етуге бар ынтасын арнаған. Сол келешек қоғам иелерін, жан — жақты жетілген, ақыл — парасаты мол, өнер иесі етіп тәрбиелеуде халқымыз: «Жігітке жеті өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы азамат болу керек»- деп тәрбие беріп отырған. Ойлы, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді мақсат еткен. Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып табылады. Сайысымызды бастамас бұрын қонақтарға сөз берейік.

Бірінші сөзді мектебіміздің директоры ——————— берейік.

Келесі сөзді:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары —————— сөз берейік.

Құрметті жиналған қауым! Сайысты тамашалауға келіп отырған қонақтарды, осы байқауға қатысқалы келген жігіттерді және төрелік жасайтын қазылар алқасын мерекемен құттықтаймыз. Осы сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныстырайық.

Әділ қазылар төрағасы:

Әділқазылар мүшесі:

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері:——————————————

Сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1. Сап түзеу және ән байқауы

2. Арқан тартыс (6адам)

3. Сұрақ- жауап

4.Пневматикалық винтовкадан ату

1.Сап түзеу және ән байқауы.
Қатысушылар ұжымдық іс-әрекеттер бөлімше құрамындағы үйлесімділік: бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, саптық жаттығулар, екі қатарға сапқа тұру, ән мен саптық байқауға дайындығы туралы бөлімше командирінің рапорты, сәлемдесуге қайтарған жауаптары, бір орында және қозғалыстағы бұрылулар, жауынгерлік сәлемдесу рәсімі және ән айтып өту

2. Арқан тартыс. (6адам)

Топтар 6 адамнан шығып таныстырылған ереже бойынша арқан тартады.

3. Сұрақ- жауап

Сұрақтар:
1-ші 10 сұрақ
1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген.(Еліміздің ата заңы – Конституцияда)
2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)
3. Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құқық нормалары.(Жауынгерлік дәстүрлер)
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын алды? (100)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат. (Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
7. Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып қадаған қазақ халқының даңқты ұлы (Рақымжан Қошқарбаев)
8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? (Тактикалық дайындық)
9. Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі. (Маневр)
2-ші 10 сұрақ
1. Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ. (аға лейтенант)
2. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады? (Жаяу әскер ұрыс машинасы БТР)
3. Атақты Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарған ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы (Бауыржан Момышұлы)
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім? (Президент Н.Ә.Назарбаев)
5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қандай әскерлер кіреді (жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер)
6. Оңтүстік әскери өңірлігі қолбасшылығының штабы қай қалада орналасқан? (Тараз)
7. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік әскери бөлімде ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қалай аталады? (қарауыл)
8. Адыммен қозғалыс қандай болады. (саптық және жорықтық болады)
9. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бойынша бас штабының бастығы (Кәрім Мәсімов)
10. Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны (кадет корпусы)
3-ші 10 сұрақ
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар? (Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғылар)
2. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)
3. Суық қару түрлерін атаңыз.(Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).
4. Тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады?(Қатардағы сарбаздардан)
5.“ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді?(Танкке қарсы мина)
6. Калашников автоматы қай жылы шықты? (1974)
7. 1942 жылы Ленинград блокадасында қалған отандастарына жігер, қайрат беруге арнап жазылған «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім?(Жамбыл)
8. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418күн)
9. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (Әділбек Жақсыбеков)
10. Қазақстан Республикасы қарулы күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992жыл)

4.Пневматикалық винтовкадан ату

 Пневматикалық винтовкадан ату жаттығуы.
Жаттығудың шарты:
Қатысушылар саны – 3 жас ұлан. Нысана – №7 нысана, арақашықтық – 7 м; оқтар саны – 3; ату уақыты шектеусіз; ату ережесі – отырып ату; қару – пневматикалық винтовка.
Жаттығуды орындау шарты:
Атқыш винтовка мен оқтар жатқан оқ ату шебінде орналасады. Атқыш «Ұрысқа!» командасы бойынша оқ ату шебіне жүгіреді, винтовкасын оқтайды және «Жас ұлан______, атуға дайын» — деп баяндайды. «Ат!» командасы бойынша жас ұлан 3 рет есептік оқ атады және «Жас ұлан______, атуды аяқтады» — деп баяндайды. «Нысанаға қарай алға бас!» командасы бойынша жас ұлан өзінің жетекшісімен бірге нысанаға тиген оқты қарап шығады. Біріншілік ұпай санына қарай, ал ұпайлары тең болған жағдайда оқ саны бойынша анықталады.

  Енді ортаға сайысқа қатысатын жігіттерді шақырайық.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін, Бір басына өнері жетер деймін. Бәске түскен командалар кезектесіп Таныстырып өздерін өтер деймін — деп бірінші сайысымыз әскери ән, саппен шығу. Таныс болды жігіттер тегіменен Туып өскен мекені, еліменен Алпамсадай бәрі батыр көрінеді.

Сайысымызды жоспар бойынша жалғастырамыз.

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші

 Нағыз жігіт мектептің деп жүрейікші

 Қазыларға тек қана әділдікті

Ал, жігіттерге сәттілік тілейікші — деп бағдарлама бойынша жалғастырамыз.

«Жүзден — жүйрік»дегендей «Мыңнан — тұлпар» Жігіттердің ішінен шықты сұңқар Жеңімпазын сайыстың атап өтсек, Көрермендер сөзімді, менің құптар. Қазылар алқасының шешімімен

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны жеңімпазы жарияланады. Сөз кезегін әділқазыларға берейік. Командалар мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастырушы: Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы А.Е.Жайманов

«ЖАС ҰЛАН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНЫ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!