Біз - ел болашағымыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз - ел болашағымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сабағы сынып жетекшілерге арналған. Тәрбие сабағы арқылы оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, ел тарихын білуге, құрметтеуге тәрбиелеуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сабағының тақырыбы: Біз – еліміздің болашағымыз

Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық құндылықтарын
қастерлеуге, жерін қорғауға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже: Өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжандылыққа тәрбиеленеді. Өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойланып, ұлттық құндылықтың мәнін ашып түсіне алады.
Көрнекілігі: интерактив тақта, плакат, қағаз, маркер. 
Сабақ барысы:

1. Сынып оқушылары дөңгеленіп шеңбер болып тұрады. Ортадағы үстел үстінде Қазақстан елі мен жерінің, рәміздері және отаншылдық сезімдегі түрлі суреттер топтамасы қойылған.

2. Оқушылар бір-бірлеп суреттерді алады да, соған сай өз ойлары мен сезімдерін айтады.

3. Сынып оқушылары «Біз» «Еліміздің» «Болашағымыз» деп 3 топқа бірігеді. Топтағы оқушылар өз атауларын дауыстап айтып орындарына жайғасады.

4. Топтық тапсырмалар:

1) «Біз» тобына: Ұлттық құндылықтарымыз. ( Суреттер арқылы постер қорғау).

2) «Еліміздің» тобына: Тәуелсіздік жолында (өткен тарихқа шолу. Көріністер).

3) «Болашағымыз» тобына: «Туған жер – құт мекенім» шығармашылық ой толғау.

5. Қорытынды.

Мұғалім сөз:
Құлақ түрем елімнің тынысына, 
Мақтанам, қуанамын табысына, 
Елбасы мен халқымыз аман болса, 
Айналар Орта Азия « Барысына», - дегендей Барыс – биік тауларды мекендейтін, өзінің балалығымен, тектілігімен, мәрттігімен бағаланған аң. Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек. Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті. Ертегі күнннің кілтін ұстар жастар сендерсіңдер, сендердің замандастарың. Сондықтан жарқын болашағына апарар алтын сүрлеуді салатын да сендерсіңдер. Мақтанышпен айтар ел болашағы болады деп сенемін сендерге.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
601
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі