Біз - өз еліміздің патриотымыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз - өз еліміздің патриотымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қоғамдық ортадағы іс - әрекеттерін мадақтау, жеке тұлғаны эстетикалық тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН «БАЛДӘУРЕН ҚАПШАҒАЙ»

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ


DrawObject1

2018 жылдың

«Біз - өз еліміздің патриотымыз» атты

2 ауысымының салтанатты түрде жабылуының

сценарийі


Іс шараға жауапты:

Тукушова Ә

Қалдыбай Н

Ұйымдастырушы- ұстаздар

Өткізілетін орны: «Қапшағай - Балдәурен» РОСО, киноконцерт залы.

Өткізілу уақыты: 19.02.2018 ж., сағат 14:30.

Қатысушылар: балалар - ауысымның қатысушылары, қонақтар, педагогикалық ұжым.

Мақсаты: балалар бойындағы шығармашылықтары мен адамгершілік қасиеттерін,

бағдарлама барысындағы белсенділіктері мен танымдық іс-әрекеттерін

қорытындылап марапаттау.

Міндеттері:

- қоғамдық ортадағы іс-әрекеттерін мадақтау;

-жеке тұлғаны эстетикалық дамыту;

-жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: музыкалық сүйемелдеу, микрофондар.

Жүргізушілер: Ерполат Нұрперзент, Нургазина Динара– ұйымдастырушы-ұстаздар.


Іс шараның барысы

(Авансценада құрылысшы, дәрігер, әнші, ғалым, спортшы)

Бала: Елің үшін істеген әрбір ісің,

Дамуына тигізген теңіз күшің,

Еңбектің теріменен көк туымыз.

Отан үшін тұрғызғын ару мүсін.

(Құрылысшының жанына барып көмектеседі)

Бала: Ақ халаты елімнің ақ жаулығы,

Шипаң сенің халқымның жан саулығы.

(Дәрігерге барып көмектеседі)

Бала: Үні болған әсем әуен толысқан,

Естіледі алтын дауыс бізге алыстан.

(Әншіге домбырасын ұсынады)

Бала: Дес бермеген алып күш иесі сен,

Алтын күміс қоламен еңбегің тең.

(Спортшыны жаттықтырады)

Бала: Білімің таусылмайтын көл боп аққан,

Зерттеп жер қонауын байлық тапқан.

(Ғалымның зерттеуіне көмектеседі)

Бала: Ешқашанда сарқылмас теңіз күштер,

Ұрпақ үшін істеген адал істер.

Достар олай болса бүгінгі тақырыбымызға арқау болған патриот сөзінің мағынасына

тереңірек үңілейік.

(Қолдарына патриот сөзін көтерген балалар сахнаға шығады. Патриот сөзін талдайды)


П – ай пай неткен байтақ өлкем

А – рғымағы желін өпкен

Т – абиғаты көз тоймайды

Р – иясыз көңілі көктем

И – гі істер бастау ма екен

О – таным саған қызмет етем

Т – әуелсіздік ғажап неткен

Барлығы бірге: Патриотпыз елін сүйген,

Дәлелдейміз зор еңбекпен.

(Патриоттық флешмоб)


Фанфарлар ойнайды, жүргізушілер шығады.

Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар мен ауысымға қатысушылар! Біз сіздерді 2018 жылдың 9 ауысымының салтанатты жабылуында көргенімізге қуаныштымыз.

Жүргізуші: Кез-келген қызықты ертегінің өз соңы бар. Біздің де осы арман аралындағы естен кетпес балалық шағымыздың жаңа парақтарының соңғы сиялары жазылуда. Арман аралы -Балдәуренде өткен 15 күніміз, 15 секундтай өтті. Балдәуренде өткен ұмытылмас күндеріміз жүрегемізден мәңгі өшпес.

Жүргізуші: Ауысым барысындағы қорытынды нәтижелер бойынша марапаттау тәрбие кешенінің

директоры Батырбек Бағлан Батырбекұлына беріледі.

(Марапаттау)



(Ауысым министрлері мен президентін марапаттау)

Жүргізуші: Елін жерін сүйген патриот балдәурендіктерді марапaттау үшін ортаға "Балдәурен-

Қапшағай" РОСО директоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері,Баржақсымов Бірлік

Қадырбекұлын және тәрбие кешенінің директоры Батырбек Бағлан Батырбекұлын

шақырамыз.

.

Жүргізуші: Ал ендігі кезекте "Қазақстандық жас патриоттар академиясының" құрамына енгелі тұрған

балаларды ант қабылдау рәсіміне шақырамыз.

  1. Қайрат Мұхтар Жамбыл обл, 1 топ

  2. Әмреев Жәнібек Жамбыл обл, 3 топ

  3. Мондыбаева Айсара Қарағанды обл, 5 топ


(Жас патриоттарды марапаттау)

Жүргізуші: Құрметтi достар, 2018 жылдың 2 ауысымын жабу мәртебесi және құттықтау сөз

«Балдәурен-Капшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры

Баржақсымов Бірлік Қадырбекұлына беріледі.

(Құттықтау сөз)

«Балдәурен» жалауы шығарылсын.


"Балдәурен -Қапшағай" әнімен

Тукушова Әсел, Ерполат Нұрперзент - ұйымдастырушы ұстаздар

Жүргізуші: Аяқталды ауысым,
Қоштасатын кез келді
Ашық жарқын жүздер,
Ұмытпаймыз сіздерді.

Осымен, қымбатты достар, қоштасатын кез келді. Бірақ біз мәңгілікке қоштаспаймыз.

Шын жүректен сендермен кездесуді армандаймыз және кездесеміз деп сенеміз.

Ведущий: Мы желаем вам дальнейших побед и великих свершений. Как здорово осознавать, что у нас появился добрый и верный друг, имя которому «Балдаурен», но мы не прощаемся с вами, а говорим: «До новых встреч друзья!». На этом церемония закрытия смены подошла к своему завершению.

Жүргізуші: Келесі кездескенше жас достар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
628
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі