Тақырыбы: «Біз-Тәуелсіз ел ұланымыз!»
Мақсаты:Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту,
ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту,туған елге
деген сүйіспеншілігін , патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Балалар әуенмен залға кіреді,қолдарында жалаушалары бар.
Қазақстан Республикасының гимнін орындау.
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер №5 «Айгөлек» ересек тобының
«Біз-Тәуелсіз ел ұланымыз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы
отырмыз. Құрметті әріптестер, сүйікті балалар! Егеменді еліміздің
салтанатты мерекесі тәуелсіздік күнімен шын жүректен
құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, отбастарыңызға
амандық тілейміз!
Тәрбиеші:
Барша халық таныған
Біздің үміт тілекті
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі.- деп, ертеңгілігімізді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн орындау.
Әнұран: «Менің Қазақстаным»
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз,егеменді мемлекет.
Тәрбиеші: -Біздің еліміздің Туы, Елтаңба ,Әнұран бар.
Тәрбиеші: -Балалар, біздің тұңғыш Елбасымыз кім?
Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: -Балалар, қазіргі Елбасымыз кім?
Балалар: -Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Тәрбиеші: Балалар, бүгін міне осы 16 желтоқсанда Қазақстанды
1
тәуелсіз мемелекет деп жариялады. Бұл күн - Қазақстан тарихында
"Тәуелсіз Қазақстан" Республикасының туған күні деп алтын
әріптермен жазылды. Тәуелсіздікті алғанымызға бүгінде 30 жыл
толып отыр. Бүгінде біз тәуелсіздікке қол жеткізіп, бақытты елде
өмір сүріп жатырмыз.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама
қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы
бар. Олай болса, балалар түсірілген бейне жазбамызға назар
аударайық.
Бейне жазба «1986 жылдың Желтоқсаны» авторы Болат
Шарыхымбай Ал, 1986 жылы Желтоқсанда отты оқиға
болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан
желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс
құдіретін әлемге паш етті. Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі
жолында Қ.Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира
Мұхамжанова сияқты көптеген қазақ жастары Желтоқсан оқиғасы
кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды. Еліміздің
еркіндігі жолында жанын қиып тәуелсіздігімізді көре алмай кеткен
боздақтарды 1минут үнсіздікпен еске алайық. (1минут үнсіздік)
Тәрбиеші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Ақылбек:
О.Айзере.
Он алтыншы Желтоқсан
Отан жерім, Отан туым
Ел мерейі тасыған
Отан қуат, нәр береді
Қазақ деген қалың жұрт
Отан-ұран, Отан-туым
Бәрін кешті басынан.
Отан мәігі гүлденеді.
Айару.
Дәурен:
Он алтыншы Желтоқсан
Қуат алған өзіңнен
Тәуелсіздік алған күн
Туған елдің ұлымын
Ереше боп мәңгілік
Бақытты етіп өсірген
Ел жадында қалған күн.
Отанымның гүлімін.
Тәрбиеші: Олай болса, балалардың орындауында Тәуелсіздік
алғанымызға себеп болған, сол жылда жандарын құрбан еткен аға2
әпкелерімізге арналады.
Ән: «Тәуелсіз елдің ұраны»
Тәрбиеші: Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары- ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар-ай -деп ортаға қыздарымызды шақырамыз.
Би: "Мереке"
Тәрбиеші: Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт
заманда, бақытты, тыныш өмір сүріп жатырмыз.
Олай болса, балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Амира:
Ақбота:
Әділеттің ұраны
Көк аспандай көкпеңдеп
Ақиқаттың шырағы
Қазақстан жалауы
Тыныштықтығ туы боп
Көк емес ол тектен-тек
Зор салтанат құрады.
Елдің ашық қабағы.
Асадулла:
С.Айзере
Елтаңбасы елімнің
Айнымайды аспаннан
Неткен әйбат әдемі
Елдің ашық қабағы
Тұнығындай көңілді
Оны халық қашанда
Ортада-аспан әлемі.
Биікке іліп қояды.
Аймира
Сарыарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн
Елім менің, жерім менің
Баққа қолы жеткен күн.
Жүргізуші: Балалар ойын ойнаймызба, олай болса ойынымыздың
3
аты.
Д/ойын: «Бәйтеректі құрастырайық!»
Ойынның шарты: Балалар берілген суретте бәйтеректің суреті бар,
бірақ қазір олар қағаз қиындыларынан тұрады.
Біз осы қағаз қиындыларды құрастыра отырып, бәйтеректің суретін
шығаруымыз керек.
Тәрбиеші: Кең байтақ жетпейтін жерім менің
Таулы орман жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемде даңқын жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.
Ән: «Тұлпарым»
Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Балаларымыздың орындауында биге кезек
берейік.
Би: «Алға Қазақстан!»
Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздік мерекесіне арналған тілектерімізді
айтайық,
Елбасымыз аман болсын!
Елімізде бейбітшілік болсын!
Денсаулығымыз мықты болсын!
Ата-анамыз аман болсын!
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!– дей келе бүгінгі «Біз-Тәуелсіз ел
ұланымыз!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
4
5
6
7