400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Біз - тәуелсіз елдің болашағымыз" тәрбие сағаты 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
осы аталғана материал бастауыш сынып мұғалімдеріне сыныптан тыс тәрбие сағаттарын өткізгенде қолданугы өз септігін тигізеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы

Саран қаласының

№16 ЖББ мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Шарипбаева Бибайша Налибаевна


"Біз - тәуелсіз елдің болашағымыз" тәрбие сағаты


Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері, видеокөрсетілімдер, презентация.

Кіріспе сөз (видеороликтен өлеңді тыңдату) https://www.youtube.com/watch?v=p1TLQb7zcsE

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Мұғалім:

Шығыстың ұлы ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Ендеше біздің болашағымыз жас ұрпақ, яғни сіздердің қолдарыңызда. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

  • Мәңгілік ел жайлы қысқаша видеокөрсетілім ұсыну https://www.youtube.com/watch?v=Xs0O1qBKe0g

Жүргізуші-1

Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын

Жүргізуші-2

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.


  • Ән «Біз бақытты баламыз»


Мұғалім:

Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.
Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру.

1 - оқушы:

Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану.
2 - оқушы:

Ол арман – тұрмысы бай қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу.
3 - оқушы:

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
4 - оқушы:

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
5 - оқушы:

Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!.
6 - оқушы:

Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы. «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге)
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)


  • Презентация және видеокөрсетілім

https://www.youtube.com/watch?v=mHZIggJTWnw


Әділет

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Мұхамед

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.


  • Ән «Қазақтың дәстүрлері-ай»


Нұрдос

Туған тілім
Туған тілім-бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім- анам тілі - өз тілім!
Туған тілім –далам тілі-өз тілім
Туған тілім- өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып алыңдар.

Саягүл

Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.


  • Би «Қара жорға»


Венера: - 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
Дильназ: - Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Ислам: - Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Нұржан: - Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Қайсар: - Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Барлығы бірге қол ұстасып: - Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

-Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.


Хор: «Қазақстаным»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі