Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»«Жалған ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін жауапкершілік»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»«Жалған ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін жауапкершілік»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

13.01.2025

Сынып:10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

Сабақ мақсаты


Мақсаты:Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру. Әділдік, адалдық, жауапкершілік сияқты қасиеттерін дамыту.

Құндылықтар

Оқушыларды адал азаматтық қасиеттерді қалыптастыру. Оқушыларды еңбекке баулу, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

2-апта дәйексөзі

Талап бар жерде тәртіп бар

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жалған ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін жауапкершілік»

Күтілетін нәтиже

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сананы арттыру.

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру





















Жеке жұмыс

















Бекіту















Топтық жұмыс











Қауіпсіздік сабағы (10 минут)










Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Әнұранымызды хормен орындау
- Оқушыларды шеңбер құрып, жағымды ахуал орнату үшін комплимент айту.

Кіріспе (10 минут)

  • Сыбайлас жемқорлық ұғымының анықтамасы:
    Сыбайлас жемқорлық – бұл өз қызмет бабын жеке пайдасы үшін немесе басқаларға зиян келтіре отырып пайдалану.

  • Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынан қысқаша ақпарат.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күресті ұйымдастыру, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау мақсатында қабылданған. Бұл заң 2015 жылғы 18 қарашада қабылданды және қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құқықтық негізі болып табылады.

Негізгі қағидаттары мен ережелері:

Мақсаты:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Мемлекеттік басқаруда, қоғамда ашықтықты қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Әңгіме жүргізу:

  • Сыбайлас жемқорлықтың түрлері.

  • Жемқорлықтың қоғамға әсері: экономикаға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына тигізетін зияны.

Мақал-мәтел талдау:
Оқушыларға әділдік пен адалдық туралы мақал-мәтелдер ұсынып, олардың мағынасын талдау:

"Адалдық ардың айнасы."

"Әділдіктен асқан биік жоқ."

Топтық жұмыс:Сыныпты екі-үш топқа бөліп, жемқорлыққа қарсы күрес жолдары туралы ойларын постер арқылы көрсету.

«Жалған ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін жауапкершілік»

Жалған ақпаратты тарату – қоғамға, жеке адамдарға және мемлекеттік тұрақтылыққа зиян келтіретін заңсыз әрекет. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша, жалған ақпарат таратқан тұлғалар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осы ережелерді сақтау арқылы өзіңізді және өзгелерді заң бұзушылықтан қорғай аласыз.

Ақпаратты тексеру

  • Ақпаратты бөліспес бұрын дереккөздің сенімділігіне көз жеткізіңіз.

Эмоцияға берілмеу

  • Эмоцияға әсер ететін немесе үрей тудыратын ақпаратты таратуға асықпаңыз.



Бейтаныс дереккөздерден сақ болу

Бейтаныс немесе күмәнді сайттар мен әлеуметтік желі парақшаларынан алынған мәліметтерді бөліспеңіз.

Әлеуметтік желіде жауапкершілікті сақтау

Пікір жазғанда немесе ақпарат таратқанда, оның шынайылығына сенімді болыңыз.

Басқаларға ақпарат таратуды ұсынбау

Басқа адамдарға жалған ақпаратты тарату туралы ұсыныстар жасаудан аулақ болыңыз

Жалған ақпаратты хабарлау Егер сіз жалған ақпаратты байқаған болсаңыз, бұл туралы құқық қорғау органдарына немесе әлеуметтік желінің әкімшілігіне хабарлаңыз.

Есіңізде болсын:
Жалған ақпарат тарату – тек заң бұзушылық емес, сонымен қатар қоғам мен жеке адамдарға моральдық және материалдық зиян тигізуі мүмкін. Әрқашан ақпарат таратуда сақ болыңыз және заңға сәйкес әрекет етіңіз

Оқушылар бірге әнұранымызды орындау,

шеңберге тұрып, бір-біріне комплимент айтып, позитивті көңіл күй қалыптастырады.

Мұғалімді тыңдайды, сабақтың мақсатын түсінеді.


Оқушылар өз идеяларын,ойларын айта отырып,постер жасау





















.



Тақырыптық суреттер













Презентация, бейнеролик







  • «Секталардың ықпалына қалай түспеуге болады?»

  • Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру



Кері байланыс

Көршіңізбен бөлісіңіз

Өте жақсы түсінген үш нәрсені атаңыз және бір не нәрсені жақсы түсінгіңіз келетінін айтыңыз

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


А4, конспект




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2025
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12