Материалдар / "Біз -Тәуелсіз ел ұранымыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біз -Тәуелсіз ел ұранымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2020
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертеңгілік «Біз- Тәуелсіз ел ұланымыз»

Мақсаты: Елдігіміздің белгісі болып саналатын-ұлттық нышандар елтаңба,ту, әнұранды, қадірлеп,қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәуелсіз еліміздің болашағы-жас ұрпақтардың бойына Отанға деген сүйіспеншілігіктерін арттырып,туған жері мен елін сүюге тәрбиелеу.

Желтоқсан құрбандары Қ.Рұсқұлбеков,Л.Асанова,С.Мұхамеджанова туралы түсініктерін кеңейту.

Зал ішіне марш екпінімен «Көк тудың желбірегені» әнімен жалау ұстаған балалар кіреді.

Тумен жаттығу:

1.Шеңбермен жүреді.

2.Орындарына келіп тұрады.

3.Туды оң жаққа көтереді.

4. Туды сол жаққа көтереді.

5. Екі қолды алдыға көтереді.

6.Орындарында тұрып айналады.

7.Шеңбермен жүріп орындарына отырады.


1-жүргізуші;Құрметті қонақтар,сүйікті балалар!

Бүгінгі салтанатты мереке-Егеменді еліміздің тәуелсіздік алған күні құтты болсын.

Бұл күні Қазақстан өзін Тәуелсіз мемлекет деп жариялады.Жаңа дәуір 1991жылдың желтоқсанынанбасталады.Еліміз осы күнге жету үшін қаншама қиыншылықты бастан кешірді. Болашақтың тірегі мынабүгінгі бүлдіршіндер .

Сәби күлкісі мен мейірімнің сәні ешқашан бұзылмасын!

2-жүргізуші;Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігімізді бүлдіршіндеріміздің орындауындағы әнұранмен ашамыз.

Әнұран.

Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Ерліктің дастаны

Еліме қарашы

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой

Намысын бермеген

Қазағым мықты ғой.

Қ-сы.

Менің елім,менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін,елім,

Туған жерім менің,Қазақстаным.


Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан

Тәуелсіз елім бар

Қарсы алған уақытты

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай

Нұрислам

Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

бәрін кешті басынан


Іңкәр

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн


Ерсайын

Тәуелсіздік-ұраным,

Тәуелсіздік-жыр-әнім.

Ынтымағы елімнің,

Тәңірімнен сұрадым.


Айсері

Тәуелсіздік-тілегім,

Тәуелсіздік-тірегім.

Ертеңі деп елімнің,

Дүрсілдейді жүрегім.


Айнара

Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз,

Қазақстан даласында,

Жарасады әніміз.

Елнұр

Астана әсем Астанам,

Мен өнерлі жас балаң.

Өлеңге қосып атыңды,

Асқақтата ән салам.


Би (топтық би ұлдар мен қыздар)«Шаңырақ» биі

  1. Шаңырақты ұл бала жоғары көтеріп ортаға қояды.

  2. Қыздар бір қолдарына лента ұстап,бір қолдарын иіріп билейді.

3. Ұлдар қамшымен жүгіріп шығады, қыздардың қасына тұрады.

4. Қолдырына домбыра ұстап тұрған сияқты болып, бір-біріне қарап айтысады.

5.Алтыбақан тебеді.

6. Қыз қуу дәстүрін көрсетеді.

7. Қара жорға билеп, барлығы шаңырақты көтеріп шеңбермен жүріп шығып кетеді.


1-жүргізуші.

Ежелден-ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, ақ көңіл бұйырған.Атыраудан Алтайға дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ.

Өз тілін,мәдениетін дамытам деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді.

Осы қазақ халқының жері,болашағы,үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың өрімдей ұл-қыздары ҚайратРұсқұлбеков,Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанованың аттарын атап айтпай кетуге болмас.Осыған байланысты Алматыда желтоқсан құрбандарына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескеркіші қойылды.Зайсан қаласындағы орталық көшеге «Желтоқсан»деген ат берілді, Қайрат ағамызға ескерткіш қойылды.

Слайд көрсету, 1минуттық үнсіздік.


Кербез

Қайраттай қайсар ұлдарың,

Жанымен келген еркіндік.

Сабира мен Ләззәттің ,

Арымен келген еркіндік.


Қарақат

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.

Желтоқсан –Қайрат,Ләззәт,Сәбира.

Құрбаны болған жаланың.


Зере

Ата-бабам аңсаған,

Күрес салып шаршаған.

Тәуелсіздік таңы атты,

Бақыттымын мен содан.


Әмина

Отан,Отан!

Бәрінен де биік екен.

Мен оны мәңгілікке,

Сүйіп өтем.


Перизат

Жанымнан қымбат,

Ана тілім маған.

Ана тілін тыңдап,

Үлгі өнеге алам.


Медина

Бізге мұра қалалар,

Бізге мұра дала бар.

Тәуелсіздік тұғырың,

Қадірлейік балалар.


Ерсұлтан

Қорға дейді баланы,

Қолда дейді ананы,

Ел тілегі жазылған,

Біздің заң-ең әділ заң.


2-Жүргізуші.

Балалар біздің Елбасымыз кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Тәуелсіздіктің сын сағаттарында нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады.Елбасының сыңдарлы саясатымен Қазақстанымыз әлемге танылды.1желтоқсан «Тұңғыш президент күні»болып белгіленді.Еліміздің бас қаласы-Астана.

Біздің еліміздің белгісі болып саналатын-ұлттық нышандарымызды тұмардай танып,қадірлеп қастерлеуіміз керек.

Елтаңба-көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақты күн сәулесіндей айнала уықтар қоршайды.Аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаттары.Бас жағында жұлдыз бар.Ал астыңғы жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Ту-ашық аспан түстес көгілдір.Ортасында шұғылалы алтын күн бар.Күн астында қалықтап ұшқан қыран.Көк байрағымыздың сол жағында тік жолаққа қазақи ою-өрнек салынған.Міне,бұлар еліміздің ұлттық нышандары.

1-Жүргізуші:

Ән «Елтаңбасы елімнің»

1.Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.


Қ-сы

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты құс арғымақ.

Екі жақтан көмкерген.


2.Тәуелсіздік жолында.

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда.

Еркіндігім-Елтаңбам!

Қ-сы


2-Жүргізуші;

Би: «Сарбаздар» биі (ұлдар биі)

1. Марш екпінімен ортаға шығады.

2. Екі қатарға тұрады.

3. Бір-біріне қарайды.

4. Ортаға бір сарбаз ту ұстап шығады, туды ортаға қояды.

5. Екі бала шығып мылтық атады.

6. Екі бала шығып қол тіреседң.

7. Екі бала сальто жасайды.

8. Туды алда турған бала көтереді, артынан барлық сарбаз марш екпінімен шығып кетеді.


1-Жүргізуші;

Жеке ән; «Тәуелсіз елім» орындайтын Нұрислам.


Еркебұлан

Қазақстан Республикасы!

Туыменен тұғырлы,

Елтаңбасымен елеулі,

Әнұранмен айбатты.

Сұлтанбек

Көк байрақтың бетінде .

Қыран бүркіт қанатты,

Сол қырандай еркіндеп ,

Бала өседіталапты.


Альбина

Айнымайды аспаннан ,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда ,

Биікке іліп қояды.


Әшім

Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке,

Егеменді халқымыз.

Болашағы бірлікте.


Нұрасыл

Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейміз,

Сол көк тудың астында.

Көгереміз,көктейміз.


Айша

Арымыздай тап-таза,

Жанымыздай шуақты,

Көтерілді биікке,

Қазақстан байрағы.


Ән «Қазахстан жалауы»


1.Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

Қ-сы

Ақ ниеті алтын күн.

Асқақ арман қыраны

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі ту, ары.


2. Бұлт баспасын күнімді.

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!