400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара өткізуде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады»

Н.Ә. Назарбаев

Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға баулу, оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында «Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз» тақырыбында 2 «А» сыныбында өткізілген лездемеге тоқталғым келеді:

Picture 1
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келе жатқандығы айтылды. Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Еліміздің ертеңі, болашағы – шәкірттеріміздің қолдарыңда. Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын ұрпақ тәрбиелеу басты парызымыз екенін ұмытпағанымыз жөн.
Лездеме барысында оқушылар өз ойларын былай жеткізді. Еркебаева Гүлсезім өз ойын былай жеткізді « Біз, өзіміздің Қазақстандай елде туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымызды мақтан етеміз. Жарқын болашақ күтіп тұрған елімізде терең білім алып, Отанымызға адал қызмет етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.» Ал, Имакова Айдананың ойына көз жүгірсек:
Республика ! Ерікті ел – Қазақстан !
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір арыстан. деп жырлағандай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан, осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік, - деген кереметтей ойын жеткізді. Қандай әдемі толқыныс тудырған ойлар.......

Еліміздің болашағының жарқын болуы – осындай дарынды, білімді жастардың талабына байланысты. Өнерлерің өрге жүзсін. Еліміздің дамуына осындай талаптарыңмен, өнерлеріңмен, білімдеріңмен үлес қоса беріңдер, – демекпін.

АСҮ № 15 мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі:

Омарова Куралай Тынышбалаевна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі