жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Біз бақытты баламыз»
Тақырыбы: «Біз бақытты баламыз» 2 сынып
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті аяулы да ардақты балапандарым, біздің
болашағымыз – сендерсіңдер!
Фанфар
1-Жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
2-Жүргізуші:
Добрый день дорогие родители, уважаемые учителя, близкие друзья!
3-Жүргізуші:
Good afternoon dear parents, teachers and friends!
1-Жүргізуші:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің сен, Отан. -дей отырып
«Біз бақытты баламыз» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Вальс БИІМЕН БӘРІ ОРТАҒА ШЫҒАДЫ
Хор Біз бақытты баламыз
2-жүргізуші:
Мы
все живем в прекрасном Казахстане
И нет для сердца нашего милей,
Чем Казахстан наш – родина Абая
И край просторных, золотых степей!
Добро пожаловать дорогие гости на наш утренник под названием «Мы счастливые дети».
3-жүргізуші:
I love you my Kazakhstan from the bottom of my heart!
Welcome to our morning show!
Отан туралы тақпақтар
Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік – ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар.
Бейбіт елдің біз ұланы.
Ерлігі бар даңқы бар,
Бірлігі бар халқым бар.
Отан үшін аянбай,
Ұрпағын мәңгі талпынар.
Балаларға сол бақыт,
Болса Отаным аман-сау.
Басын бұлтқа байлатып,
Тұрса биік Алатау.
Көрініс: Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.
Қазақ биі қыздар
Мектеп туралы тақпақтар
1-Жүргізуші
Армысың сен алтын ұя
мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп
менің.
Жүректерге жаққан білім
шырағын,
Мектебіме арналады бұл
әнім.
Мектебің
мынау,классың
Осында он жыл
тұрасың.
Тарыдай болып
кіресің
Таудай болып
шығасың...
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!
1-Жүргізуші :
Білімді болсаң, сенің досың да , ақылың да, өмірге деген қызығушылығың да артады.
2-жүргізуші
Дұрыс айтасың Ерлік «Бабалар сөзі-тәрбие көзі» атты сауалнама –әңгімемізді тамашалаңыздар. Ортаға қарт аталарымыз бен жігіттерді шақырамыз.
Көрініс:
-Ата, ата, арман деген не?
Қарт:
-Арман дегеніміз — ақыл-ойдың шындығы.
Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.
Қарт :
-Үйдегі алтын қазығың кім?
Бала:
— Ата, үйдегі алтын қазық бала
Қарт:
— Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық — ана.
Ана ақылды болса, бала дана болады.
Қарт:
- Өмір сүру үшін не қажет:
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.
Қарт:
- Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от — өмір, тұз — дәм, ақыл өмірдің нәрін береді.
Ретро биі (ҚЫЗДАР)
Ардақты ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Бұл алаңсыз балғын шақты балалар.
Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!!
Әкем менің ардақты
Алтыннан да салмақты
Әке деген ардақты ат
Өтемін оны ардақтап.
Ата
отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз!
Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Ән: Ерке қыз
Би: Теңізшілер(ұлдар)
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына , Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді.
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Қазақ елі-Отаным
Мен-елімнің ұланы
Өнер,білім,бәрі де
Тәуелсіздік-ұраны
Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан
Ортақ дала тауымыз.
Корей биі
қыздар
Хор «Әрқашан күн сөнбесін»
1.Күн әлемі, көк
әлемі
Бұл суреті жас
баланың
Сурет салып ақ
қағазға
Бір шетіне сөз
жазды
Әрқашан күн
сөнбесін
Аспаннан бұлт
төнбесін
Қасымда болсын
мамам
Болайын мен де
аман
2.Солнечный круг,
небо вокруг
Это рисунок
мальчишки
Нарисовал он на
листке
И подписал в
уголке
Пусть
всегда будет солнце
Пусть всегда
будет небо
Пусть всегда
будет мама
Пусть всегда
буду я
3.Брайт
блу скай,сан ап он
хай
Зәт уоз зэ литл бойс пикчэ
Хи дрю фо ю, райт фо ю ту
Жаст ту мейк клиэ уот хи дрю
Мей зээ олуэйз би саншайн
Мей зээ олуэйз би блу скай
Мей зээ олуэйз би мами
Мей зээ олуэйз би ми

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген