жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Біз бақытты баламыз
Мақсаты: Балаларды қорғау күні туралы түсініктерін бекіту. Ойын – сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру.
Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
1 - Жүргізуші: Армысыздар аталар мен әжелер! Әкелер мен аналар!
Ағалар мен жеңгелер! Ашық аспан астында, Бейбіт те, тыныш заманда. Алаңсыз асыр салған, күлкілері күміс, қылықтары балдай, бал – бөбек
бүлдіршіндер!!!
2-Жүргізуші: Сәби үнімен, сәби күлкісімен мынау жарқын дүние жасара
түспек. Олай болса, кіршіксіз таза, ақ көңілді , адал жүректі
сәбилеріміз аман болсын!!!
Бірге: Бүлдіршіндеріміз аман болсын! Бақытты өмір сүрсін! Мерекелеріңіз құтты болсын балақайлар!
1-Жүргізуші: Бүгін мерекеге орай, біздің бөбекжайымыздың ауласында: спорттық жарыс; асфальтқа бормен сурет салу байқауы; қолөнер көрмесі өткізіледі.
Сондай – ақ, ата – аналармен: «Тәттілер мекені» , «Қолөнер бұйымдары» атты көңілді жәрмеңке ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
«Қызықты спорт» тақырыбындағы спорттық жарысқа «Айгөлек» ,
«Күншуақ» тобының бүлдіршіндері қатысады.
Жауапты тәрбиеші: Дене тәрбиесі маманы Нұржамал Жұмабаева.
Асфальтқа сурет салу байқауына жауапты тәрбиеші: Фатима Сариева. Сурет салу байқауына «Балдырған», «Болашақ» топтарының бүлдіршіндері
қатысады.
«Алақай, жаз келді!» сурет көрмесіне жауапты тәрбиеші: Арухан Ибрагимова
2-Жүргізуші: Сіздерге сәттілік тілейміз, бүлдіршіндер!
Ал ендеше, қадірлі қонақтар бүлдіршіндеріміздің мерекелік «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші: Сөз; «Манашы» бөбекжайының директоры Гүлсина Даулбаева
Оразбайқызына беріледі
.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» балалардың орындауында
2-Жүргізуші: Отан туралы тақпақтарымен Ақнұр, Бекнұр, С. Айару,Адемай, Айғаным, Жомарт, Ақбөбек, Нурпейсті ортаға шақырамыз.
Ақнұр
Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен,
Қазақстан – туған ел!
Бекнұр
Расцветай и будь прекрасный,
Наша древняя земля.
Пусть живут твои народы,
Как единая семья.
С. Айару
У нас на всех,
Одна, одна страна!
Своих детей люби,
Родная земля!
Адемай:
Пусть на твоей земле,
Мой Казахстан прекрасный.
Смеются дети,
И цветуть сады.
С. Айғаным
Как хорошо тебе и мне,
Мы родились в такой стране.
Где люди все – одна семья!
Жомарт:
Я - сын своей страны,
Хотя еше ребенок.
Но твердо знаю – я горжусь
Своей землей с пеленок!
Ақбөбек:
Я люблю свою страну,
И горжусь я ею!
Казахстан - моя земля!
Нет ее роднее!
Нурпейс:
Отан осы достарым!
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» - деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.
1-Жүргізуші: «Қасиетті домбыра» әнімен ортаға «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
Қасиетті домбыра
Бабамыздың көзіндей қара домбыра,
Анамыздың сөзіндей дара домбыра.
Асқақтатып рухымды ағыл домбыра,
Әр қазақтың төрінен табыл домбыра.
Қайырмасы:
Шанағында ойнаған,
Үніңе еш тоймаған.
Қасиетті домбыра
Күмбірлеген күйіңе,
Әрдайым мен сүйінем,
Қасиетті домбыра.
Шанағынан төгілген күйің домбыра,
Арта берсін әрдайым сыйың домбыра.
Қастерлейді өзіңді халқым домбыра,
Тоғыз перне қос ішек алтын домбыра.
Дабыл әуен ойналады. Ашулы тікенек шығады.
Ашулы тікенек: Естимін сендерде көңілді сияқты ғой. Сендер бәрің сондай әдемі, мейрімді, сүйкімдісіңдер. Менің атым Ашулы тікенек. Қараңдаршы, менде қанша ашу бар (өзінің қандай семіз ) екендігін көрсетеді. Және мен Жазды жасырып қойдым. Бірақ қайда жасырғанымды ұмытып қалдым. Маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
2-Жүргізуші: Аудандық «Жауқазын» балалар фестивалінде «Балдырған» әнімен І орынға ие болған, «Болашақ», «Балдырған» тобының
бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
1-Жүргізуші: Аудандық «Жауқазын» балалар фестивалінде «Мир детей» биімен ІІ орынға ие болған «Болашақ» тобының тәрбиеленушілерін
ортаға шақырамыз.
Балалардың өнерінен соң, Ашулы тікенектің киімінің ішіндегі бір шар жарылады, ол арықтайды.
Ашулы тікенек: Маған не болған?
2-Жүргізуші: Сенде де, балалар сияқты сүйкімділік оянған сияқты.
Ашулы тікенек: Қандай жылы, ашуым кетіп барады.
1-Жүргізуші: Алдарыңызда аудандық «Жауқазын» балалар фестивалінің ІІорын жүлдегері, «Болашақ» тобының тәрбиеленушісі :
Толыбай Жандарбек. Көркем сөз: Серік Сейтманның «Рухани жаңғыру ұлттың ұлы мұраты»
Ашулы тікенек: Балалар сендерге көп – көп рақмет. Мен сендер сияқты мейірімді, ақылды, өнерлі болуды үйрендім. Кететін уақытым болды. Сендердің күткен, Жайдарлы жаздарың да келе жатыр. Сау болыңдар!
Жаз , Көбелек келеді.
Жаз: Сәлем, достарым! Сендермен кездескеніме қуаныштымын. Сендер өсіп, есейіпсіңдер. Мен өзіммен жылу әкелемін, өзендерді жылытамын, сендерді шомылуға шақырамын. Мен келгенде жемістер, көкөністер піседі. Сендер мені жақсы көресіңдер ме?
Айтыңдаршы, мен кіммін?
Балалар: Жаз.
Жаз: Рахмет, менің достарым! Сендер мені Ашулы тікенектің сиқырынан құтқардыңдар. Өзімнің алғысымды білдіремін.
Көбелек:
Мен өте әдемімін,
Қызыл , сары, түрлі түстімін,
Жайдарлы жазды,
Гүлдерді ұнатамын,
Мен кіммін?
Балалар: көбелек
2-Жүргізуші: Жайдарлы жаз, Қош келдіңіз! Ендеше біздің бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыз. Біздің ашулы тікенегіміз де, ашуы басылып, бізбен бірге дос болды. Ендеше, бүгінгі мерекемізді көңілді өткізейік.
Жайдарлы жазды сағына күткен, «Қошақаным» әнімен, «Құлыншақ»
тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
Жаз: Балалар менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: Иә, ойнаймыз.
Жаз : Олай болса «Жемістер мен көкөністерді ажырат» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ: жемістер, ал екінші топ:
көкөністер болады. Қамбаға түскен жемістер мен көкөністерді
кәрзеңкелерімізге ажыратып жинаймыз. Қай топ дұрыс орындаса жеңімпаз.
1-Жүргізуші: Келесі кезекте, «Гүлдер» биімен «Жұлдыз» тобының қызғалдақтарын ортаға шақырамыз (Көбелек қыздармен бірге билейді).
Көбелек: достарым мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. («Жұлдыз» тобының балаларымен).
Ойын: «Күн мен жаңбыр» .
«Күн» дегенде балалар алаңқайда көбелектермен ойнап, гүл тереді, «Жаңбыр» дегенде, үйіне тығылады, аяқтарын тырсылдатады.
Ойын 2-3 рет қайталанады.
2-Жүргізуші: Өте керемет, жарайсыңдар. Ендеше, «Полька» биімен «Балдырған» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
1-Жүргізуші : Балалар жаз сияқты жайдарлы, күлімдеп қарайтын, құшағы ыстық ол кім?
Балалар: Ол біздің - анамыз! Ортаға «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін аналарға арналған тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
Тақпақтар ана туралы
Жансерік:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Манарбек:
Бізді өсірген анажан,
Еңбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан,
Құтты болсын мерекең.
Айзере:
Бәрімізге анамыз,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым!
Берекет:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам!
Алихан:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым!
Нұршат:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын!
Ернұр:
Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Ақнұр:
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Бақжамал:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар.
Аналардың мейрамымен,
Құттықтайды балалар.
2-Жүргізуші: Өте керемет, жарайсыңдар. Келесі кезекте, «Самовар» биімен «Болашақ» тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырамыз.
1-Жүргізуші: «Хорошие ностроение» биімен «Балдырған» тобының қыздарын ортаға шақырамыз. Орындаушылар: Арай, назерке, Э. Назерке, Каусар, Т. Каусар, Ақкербез, Жаннұр, Қарақат, Зере.
2-Жүргізуші: «Туған ел» әнімен ортаға «Болашақ» тобының
бүлдірщіндерін ортаға шақырамыз.
Құттықтау үшін сөз ата – аналарға беріледі.
1-Жүргізуші: Қымбатты ата – аналар, балдырғандар! Мереке тағы да құтты болсын! Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің бүлдіршіндеріміз бейбіт өмір сүрсін, денсаулықтары мықты болсын!
2- Жүргізуші: Осымен «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік концерттік бағдарламамыз аяқталады. Көріскенше, сау болыңыздар!
«Манашы» бөбекжайы МКҚК
«Біз бақытты баламыз»
(ойын – сауық консерттік бағдарламасы)
Дайындаған тәрбиеші: Г. Туракбаева
Бейнеу ауданы
30.05. 2018ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген