Материалдар / "Біз бақытты баламыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біз бақытты баламыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын ойнату арқылы ойынға деген белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2022
522
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс-шара

Мақсаты: «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын ойнату арқылы ойынға деген белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Керекті көрнекі құралдармен жабдықтар: шар, скотч, доп, стакан, салфетка, қыстырғыш, жіп, маркер.

Кейіпкерлер: Көбелек, Жаз ханшайымы, Ара.


Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, ата - аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс-шарамыз ашық деп жариялаймыз.

Тәрбиеші:Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Тәрбиеші:Балалар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді ашып беретін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісіне сөз кезегін береміз.
Тәрбиеші
: Жүздерінен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Алаңсызда балғын шақты балалар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Көбелек билеп кіреді.

Көбелек: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Тәрбиеші: Бүгін бізде, 1 - маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар, көбелекті тойлауға қалдырамыз ба?
Балалар: Иә, қалдырамыз.
Көбелек: Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Менімен бірге ойын ойнағыларың келеді ме?

Балалар: Иә, ойнаймыз.

Ойынымыздың аты: «Гүл жинау». «Балдырған» топ балалаларымен ойнатылады.
Ойынның шарты: Жерде шашылып жатқан гүлдерді себетке салып жылдам жинау керек. Осылай ойын жалғаса береді.

Көбелек: Жарайсыңдар, балалар!

Көбелек: Балалар, сендер керемет ойнайды екенсіңдер, мен тағы ойын ойнағым келіп отыр, менімен тағы ойын ойнайсыңдар ма?

Балалар: Иә, ойнаймыз.

Көбелек: Ойынның аты: «Шар жинау». «Күншуақ» тобымен ойнатылады.

Ойынның шарты: Скотчта жапсырулы тұрған допты себетке жылдам салу керекпіз. Доп біткенше ойын жалғаса береді.
Көбелек:
Жарайсыңдар, балалар, керемет ойнадыңдар. Балалар, рұқсат болса мен балаларыма барайын, олар мені күтіп қалған болар. Сау болыңдар,балалар!

Тәрбиеші: Сау болыңыз, көбелек!

Жаз ханшайымы әуен ырғағымен билеп кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, сіз кім болдыңыз?

Жаз ханшайымы: Мен Жаз ханшайымымын. Сендерге жаз мезгілін алып келдім. Бүгін сендерде қандай мереке?

Тәрбиеші: Бүгін бізде, 1 - маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар, жаз ханшайымымен ойын ойнаймыз ба?

Тәрбиеші: Ойынның аты: «Стакан жина». «Жұлдызша» тобымен ойнатылады. Ойынның шарты: Шашулы тұрған стакандарды, қыстырғыштың көмегімен стакандарды қыстырып, үсті үстіне жинау керек. Стакан таусылғанша ойын осылай жалғасын табады.

Жаз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Менімен тағы ойын ойнағыларың келеді ме?

Балалар: Иә, ойнаймыз.

Жаз ханшайымы: Ойынның аты: «Кім мерген». «Тұлпар» тобымен ойнатылады. Ойынның шарты: Басымызға допты киіп, стакандағы тұрған допты құлату керекпіз. Ойын осылай жалғасын табады.

Жаз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Рұқсат болса, мен басқа балабақшаға барайын, мерекелерімен құттықтап қайтайын.

Осы кезде Ара билеп кіреді.

Ара: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, ара, қош келдіңіз!

Ара: Мұнда не болып жатыр?

Тәрбиеші: Бүгін бізде, 1 - маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар, араны тойлауға қалдырамыз ба? Ендеше бәріміз ойын ойнайық!

Тәрбиеші: Ойынның аты: «Адамды бейнелеу». «Өркен» топ балаларымен ойнатылады. Ойынның шарты: Пластикті бір бала ұстап тұрады, келесі бала маркердің көмегімен адамның бейнесін салады.

Ара: Жарайсыңдар, балалар, керемет ойнайды екенсіңдер! Менімен ойын ойнағыларың келеді ме?

Балалар: Иә, ойнаймыз.

Ара: Ендеше Ойынның аты: «Абайла қақпан». «Бастау» топ балаларымен ойнатылады. Ойынның шарты: Допты қақпанға түсірмей, жіптің көмегімен құтқарып алу керекпіз. Ойын осылай жалғасын табады. Жарайсыңдар, балалар, керемет ойнадыңдар!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, бәріміз араға көрсетейікші сабын көпіршіктерін қалай әдемілеп үрлеп түрлі көпіршіктер жасайық.

Ара: Жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз бірге би «Гамми» биін билеп жіберейік.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, керемет биледіңдер, өте тамаша.

Ара балаларымыз өнерлі ме екен?

Ара: Иә, балаларыңыз өте тамаша екен. Енді мен үйіме қайтайын балаларым күтіп қалған болар. Сендерге беретін сыйлығымды топта тәрбиеші апайларың бөліп береді.

Тәрбиеші: Сау бол, ара! Қымбатты балалар, бүгін естен кетпес керемет өткен мерекелік шарамыз аяқталды. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс-шарамыз осымен өз мәресіне жетті.

Балалар бәрің бірге бордың көмегімен жерге сурет салуға шақырамын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!