Сабақтың
тақырыбы: «Біз бақытты
баламыз» Мақсаты:
«Бақыт» , қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының
мағынасын түсіндіру;
Адами қасиеттерін
дамыту;
Сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Слайд,
шарлармен безендіру;
Сабақ
барысы.
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
1.Кіріспе
бөлім.
Жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар,
оқушылар, ата-аналар! Біздің бүгінгі «Біз бақытты баламыз» атты
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар
тәтті кезеңі ол – балалық шағы. Ата-анасының жанында, ұйқысы қанық,
қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің
қайталанбас сағынышқа толы кезеңі – бақытты балалық
шақ.
- Қош келіпсіз, құрметті
қонақтар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр
тамар,
Алдарыңда жауқазындай
құлпырған,
Балғын шақты біз бақытты балалар! – дей келе, «
Біз бақытты баламыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп
жариялаймыз!
Олай болса, балалар, қонақтармен амандасын
алайық.
- Біз әдепті
баламыз,
Біз ерекше
боламыз.
Үлкендерді
көргенде,
Сәлемдесіп
аламыз.
Тәрбиеші: Арайлап таң
атты,
Алтын сәуле
таратты
Жарқырайды
күніміз
Жарқырайды
даламыз
Ән ұраным, жан
ұраным,
Айтар әнім сөйлер
сөзім.
Туған жерім
сағынарым,
Мәңгі бақи
шырқалады,
Республикам
әнұраным.
Қазақстан Республикасының
әнұраны орындалады.
Тәрбиеші: Балалар сендер қазір қандай
әнді орындадыңдар?
Балалар: Қазақстан
Республикасының әнұранын.
Тәрбиеші:Дұрыс
айтасыңдар,балалар әрбір республикасының өз ерекшілігін білдіретін
әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп айтамыз. Осы
рәміздер туралы жеке-жеке түсінік берейікші. Мынау- біздің туымыз.
Тудың түсі аспаның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір, ортасында
бүркіт ұшып келе жатыр.
Мынау- елтаңбамыз.Елтаңбада
шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу
бар.
-Балалар біздің Отанымыздың
астанасы қай қала?
-Астана
қаласы.
Балалар, үлкен мерекелерде,
туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады Рәміздерімізді үлкен де
кіші де құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Ал әнұранды біз
білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге
тиіссіңдер.
Бейнеролик: «Қазақстан
рәміздері»
Әділет:
Айнымайды
аспаннан
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қашанда
Биікке іліп
қояды.
Арман:
Құт береке
шаңырақ,
Орын алған ол
төрден.
Қанатты қос
арғымақ,
Екі жақты
көмкерген.
Ой, жарайсың Борібай Әділеттің
орындауында «Қазақ жастары» әнін қабыл
алыңыздар.
Аділхан:
Елтаңбасы
елімнің
Қандай әйбат
әдемі.
Тұнығындай
көңілдің
Ортада аспан
әлемі.
Тәрбиеші: Біз Қазақстанда тұрамыз, демек
отанымыз Қазақстан. Халқымызда «Отан отбасынан басталады, Отан үшін
отқа түссең күймейсің, Отан оттан да ыстық» деген нақыл сөздер бар.
Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат
боласыңдар.
Ескендір:
Азаматқа
лайық.
Отанымның
ұлымын
Отанымды
қорғайтын
Азаматтың
бірімін.
Аяулым:
Сарқылмайтын
қуатым
Тірегімсің
Қазақстан.
Мәңгі соғып
тұратын
Жүрегімсің Қазақ
Кожагелді Еркенурдың орындауында «Бакытсыз күнім болмайды» әнін
қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Балалар Қ
азақстан
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Тәрбиеші: Елбасымыз туралы кім
тақпақ біледі?
Балнұр:
Шықты тарап ой
данадан
Бер қарады жұлдыз
беті.
Өзі қалап сайлап
алған
Елімнің бар
президенті.
Ал енді балалар
«Біз бақытты
баламыз» әнін бірге
орындайық.
Егеменді еліміздің басты
белгісі- тілі. Қазақ тілі мемлкеттік тіл болып саналады.Қазақ тілі
біздің ана тіліміз.
Анель:
Тілім барда
мақтанам
Тілім менің аппақ
ән.
Бірлігімді
бүгінгі
Ана тілім
сақтаған.
Айдар:
Ана тілің арың
бұл
Ұтың боп тұр
бетте
Өзге тілдің бәрін
біл
Өз тіліңді
құрметте.
Кожагелді Еркенурдың
орындауында: Бақытсыз күнім болмайды әнін қабыл
алыңыздар.
Тәрбиеші: Балалар сендер
отанымыз туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Біздің
еліміздің жүрегі-Астана қаласы. Астана- біздің бас қаламыз. Би
«Астана вальсі» қабыл алыңыздар.
Ойын: «Кім
тапқыр».
Ал енді балалар сендер
өздеріңнің тапқырлықтарыңды таныттыңдар.
Кожагелді Ескендирдің
орындауында: «Жаса Қазақстан»
әні.
Құрметті қонақтар Абай атамыз
айтқандай: «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан» деп
бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана
берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтай
отырып
Абылай
Әділханның орындауында
«Көк тудың
желбірегені» әнін қабыл
алыңыздар.