Ерейментау ауданы «Еркетай»
бөбекжай-бақшасы МКҚК
Тақырыбы: «Біз бақытты
баламыз!»
/мерекелік
іс-шара/

Өткізген: Оспанова
Ж.А.
Еркіншілік- 2017
ж.
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер,ме, мерекеге жиналған қонақтар,
балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні
болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз.
Бірінші құттықтау сөз кезегі
Еркіншілік «Еркетай» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Омарова Алтын
Халиханқызына беріледі.
Өнерлі өрге жүзер
талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат
қағып.
Адам үшін парыз ғой өнер
іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты
алып.-деп кезекті биге берейік. «Жігіттер»
биі.
Есік қағылады.Спанч-боб
қонаққа келеді.
Спанч-боб: Сәлеметсіздерме балалар,
қонақтар!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе. Сіз кімсіз? Балалар, бұл
кім?
Балалар: Спанч-боб.
Спанч-боб: Балалар мені таниды...Мен Спанч-бобпын.Мерекелерің құтты
болсын! Мен сендермен ойнағым келіп тұр.Менімен ойнайсыңдар
ма?
Балалар: Иә, ойнаймыз.
«Үрле» ойыны.
(мақта)
«Боулинг» ойыны.
(кеглилер)
Жүргізуші: Бірге болсын ойымыз,
Құтты болсын
тойымыз.
Қыздарымыз шаттана,
Би билесін шаттана.
«Гүлдер-ай»
биі.
Мысықтың мияулаған дыбысы
естіледі.
Мысық: Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар! Мерекелеріңмен. Мен
сендердің ақылды, алғыр, тәрбиелі,мықты екендеріңді
естідім.Сендермен дос болғым
келеді.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе мысық.Балалар, мысықпен дос боласыңдар
ма?
Балалар: Иә, дос боламыз.
Мысық: Балалар, мен сендермен бір ойын
ойнайыншы.
«Көңілді сурет»
ойыны.( мойын орамалы)
Жүргізуші:
Бүгін қызық, бүгін
той,
Бәрің оны біліп
қой.
Ән де салып, би
билеп,
Жалғастырсын ойды ой-деп,
Спанч-бобпен балалардың орындауында
«Көңілді»
биі.
Жүргізуші:
Ән көмейден
төгілді,
Қайғы бұлты
шегінді.
Балалармен дүние көрікті де,
көңілді... «Маленькая
страна» әні.
Жүргізуші:
Бақшаға біз гүл ексек
,
Балдырғаным, сен
үшін,
Бақытыңды жыр
етсек,
Балдырғаным, сен
үшін
Жігіт болар, күні
ертең
Балдырғаным, гүл
еркем
Бақытты бол, өсе
бер,
Құтты
болсын мерекең!



