Тақырыбы: «Біздің тату отбасымыз»
Мақсаты:
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту қонақжайлыққа
үйрету, әдептілік ережелеріне баулу. Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым –
қатынасын дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,
оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Отбасылық суреттер,
ойындар.
Мотивациялық түрткі болатын шаттық
шеңбері
Шаттық
шеңбері
Қайырлы таң, алтын
күн!
Қайырлы таң, көк –
аспан
Қайырлы таң, жер –
ана
Қайырлы таң,
балалар
Қайырлы таң,
қонақтар.
Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз
үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп
отыр.
Ішке (көңілсіз көжек)
кіреді.
Жүгіргенде
өжетпін.
Шауып жүріп
орманда,
Адасыппын,
білмеппін.
Келіп тұрмын,
балалар
Отбасымды,
панамды
Тауып берші
анамды.
Ол үшін балалар, біз қоянның ізімен жүріп
тапсырмаларды орындауымыз керек.Тапсырмаларды дұрыс орындасақ
көжекті үйіне апара аламыз.
Тапсырмалар:
-
Мнемокестеге қарап, қыс мезгілін әңгімелеу. Қыс
айларын атау (Желтоқсан, Қаңтар,
Ақпан).
-
«Мынау кім?» дидактикалық ойыны. Отбасы мүшелерін
атап, сипаттау;
Ана – мейірімді, әдемі, аяулы, жақсы, сұлу.Мен
анамды жақсы көремін
Әке – ақылды, салмақты, қамқоршы, асқар тау. Мен
әкемді жақсы көремін.
Ата – қайырымды, адал, байсалды, ақ сақалды. Мен
атамды жақсы көремін.
Әже – қонақжай, шыдамды, дана, ардақты. Мен
әжемді жақсы көремін.
Бас бармағым атам – үйдің
данасы.
Балан үйрек әжем – ошақ
анасы
Ортан терек әкем – ошақ
панасы
Шылдыр шүмек анам – шаңырақ
ажары
Кішкентай бөбек мен – үйдің
базары.
-
«Буыннан өлең құрастыру»
ойыны.
-
На – на – на – қандай сұлу
ана
-
Ке – ке – ке - қандай жақсы
әке
-
Та – та – та – бата берді
ата
-
Ға – ға – ға – қайырымды
аға
-
Пе – пе – пе – сүйкімді – ғой ,
бөпе.
-
Фотоколлажға қарап, өз отбасы туралы
әңгімелеу.
1 – бала. Мынау – менің отбасым. Отбасымда атам,
әжем, әкем, анам, мен бармын. Отбасы тату, бақытты. Мен отбасымды
жақсы көремін.
2 – бала. Менің отбасымда әжем, әкем, анам бар.
Әжем – зейнеткер. Анам, әкем жұмыс жасайды. Мен балабақшаға
барамын. Мен отбасымды жақсы
көремін.
Көжегім – ау,
көжегім,
Кіп – кішкентай,
бөбегім.
Анаң сені іздеді,
Қайда екеніңді
білмеді.
Отбасы – ол
бақыт,
Отбасы – ол ата-
ана.
Жүректен –
жүрекке: Балалар бір – бірінің қолдарынан ұстап,
шеңбер құрады.
Қорытынды:
Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан
отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені
айтылады.
Көріскенше күн
жақсы,
Сау – саламат
болайық!
Күтілетін
нәтиже:
Білу керек: Ата, Әже
отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.
Түсінуге тиіс: Ата, әже,
ана, әке, аға, апа – бәрін отбасы
дейміз.
Істей білуі
керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы
көреді.