400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз білімді балдырған" сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топ тəрбиешілеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы

Байзақ ауданы

№ 3 орта мектебі

Тәрбиеші: Омаркулова Мансия Мұратқызы

«Біз білімді балдырған» интеллектуалды ойын

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп ,білімді, жан-жақты болуға , өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу. Топта бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру.

Көрнекілік: логикалық тапсырмалар, шарлар,эмблемалар, жұлдызшалар,смайликтер,

жемістер мен көкөністер муляждары ,акт т.с.с.

Түрі: сайыс

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, кішкентай сайыскерлер.

Бүгінгі біздің мектепалды даярлық тобында өтетін «Біз білімді балдырған» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Білімменен тәнті етеді тектілер

Мұратына білім қалды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімменен алынар

Білімменен аспанға жол салынар.

  1. Қане ,балалар, бүгінгі ойынымыз көңілді, қызықты өту үшін бәріміз бірге дайындық жасап ,мына өлең жолдарын айтып жіберейікші.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Тамаша болсын бүгінгі күн!



Жүргізуші:Балалар, бүгінгі көңіл -күйіміз қандай ? (Оқушыларды 2 топқа бөлу;топтық жұмыстың ережелерімен таныстыру т.с.с)



Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,

Білімді болсаң жығарсың –дей келе, ойынымызды бастайық.



Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едің талай сында,

Қ ара қылды қақ жарып әділ қазым,

Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділқазы алқасымен таныс болайық.

  • № орта мектебінің пед.ұйымдастырушысы Юнусов Маратжан ағай

  • Математика пәнінің мұғалімі Айдарбекова Гауһар әпкей

  • Бастауыш бірлестігі жетекшісі Толыбаева Раушан әпкей

Жүргізуші: Бүгінгі өтетін сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:

1.«Жедел жауап» сұрақтарға жауап беру

2.«Кім зерек» суретшінің қателігін табу

3.«Математиктер» "+" амалына берілген есептерді орындайды

4.«Тез ойла, жылдам құра» суретті құрастыру

5.«Жасырын сурет» заттардың санын жазу және суретті бояу

6-кезең «Жемістерді жина» көкөністердің ішінен жемістерді жинайды.

7-кезең «Мен қайдамын» көлеңкесін табу.

Жүргізуші :

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді, дарындыға!

Ендеше, ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.

І- топ «Тапқырлар» Ұраны:

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектану.

Тапсырманы тез орындап,

Жеңіске қолды жеткізу.

ІІ- топ «Алғырлар»

Ұраны:

Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та ойлайық

Қандай тапсырма болса да,

Шешпей оны қоймайық!



І-кезең «Жедел жауап» сұрақтарға жауап беру

  • Бір аптада неше күн?

  • Апта күндерін айт

  • Ең ыстық жыл мезгілі?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Ұзын құлақ, сұр, қорқақ.

  • Кесе, қасық,кастрөл

  • Айнала қоршаған ортаны не дейміз?

  • Сиырдың төлі

  • Доп, қуыршақ,зырылдауық

  • Мектепте оқитын адамдар

  • Қанша жыл мезгілі бар?

  • Тірі табиғатқа нелер жатады?

2-кезең «Кім зерек» суретшінің қатесін табу

3-кезең «Математиктер» " + "амалына берілген есептерді орындайды.

4-кезең «Тез ойла, жылдам құра» суретті құрастыру

Сергіту сәті: "Шырша биі"

5-кезең «Жасырын сандар» заттарды санап санын жазу және суретті бояу

Picture 25

6-кезең «Жемістерді жина» көкөністердің ішінен жемістерді жинайды.

7-кезең «Мен қайдамын» көлеңкесін табу.

Осымен сала бойынша дайындаған тапсырмаларды орындадық.


«Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба? 6. Сабаққа ерте тұрамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба? 7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба? 8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба? 9. Екі алғанда жылаймыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба? 10. Оқушы біз боламыз ба?

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берелік.

Арамызда білімді достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік – деп, бүгінгі сайсымыздың қорытындысын айтуға қазыларға сөз кезегін берейік.Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер. Осымен бүгінгі «Біз білімді балдырған» интеллектуалды ойынымыз да өз мәресіне жетті. Көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет. Жеңімпаздарды марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі