Материалдар / "Біз білімді ұрпақпыз" (интеллектуалды ойын)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біз білімді ұрпақпыз" (интеллектуалды ойын)

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2020
836
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 22.01.2020ж

Тақырыбы: «Біз білімді ұрпақпыз» (интелектуалдық ойын)

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету. Балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, математика, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау,логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылықпен еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар,топ аттары жазылған қағаздар.

Тәрбиеші : Бүгінгі бүлдіршіндер - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін шыңдауға арналған «Біз білімді ұрақпыз» (интелектуалдық ойын) бастаймыз.

Дайынсыз ба бұл сайысқа достарым,
Көрсетіңдер сендерде қанша күш барын.
Алға қойған мақсаттарың бір екен,
Сәтті болсын сапарларың әрдайым.

Бүгінгі өткелі отырған интелектуалды ойынға әр топтан 1 команда қатысып отыр. Ойынды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын анықтап аламыз. Балалардың берген әр дұрыс жауабына көңілді смайликтер беріледі. Сол көңілді смайликтердің санына байланысты 3, 4, 5 балл беріледі.

1-топ: «Білгірлер»
2-топ:
 «Алғырлар»
3-топ:
 «Ойшылдар»
4-топ:
 «Тапқырлар»

Тәрбиеші : Балалар сайысымыз бес кезеңнен тұрады.Ал енді бірінші кезеңді бастаймыз.Балалар біз бастаймыз сендер жалғастырыңдар.

І. «Сен жалғастыр»...

1. Күндіз жарық, ал түнде...(қараңғы)
2. Аспан көк, ал жапырақ...(жасыл)
3. Кішкентай сиыр - ол бұзау, ал кішкентай ит - ол...(күшік)
4. Таңертең ұйқыдан тұрамыз, ал түнде..(ұйықтаймыз).
5. Лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)
6. Кішкентай түйе - ол бота, ал кішкентай ешкі – ол...(лақ)
7. Торғай – ол құс, ал жолбарыс ол...(жабайы аң)
8. Жылан жорғалайды, ал балық...(жүзеді)

Тәрбиеші :Жарайсыңдар балалар.Екінші сайысымыз «Жүйрік болсаң, озып көр» ойыны деп аталады.Бұл ойында әр топтан кезекпен бір баладан шығып отырып, берілген түрлі-түсті текшелерді алып сұрақтарға жауап беру керек.

ІІ. «Жүйрік болсаң, озып көр» ойыны


Сұрақтар:
1.  Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
2.  Біздің Отанымыздың елордасы қай қала?
3.  Бір жылда неше мезгіл бар?
4.  Қазір жылдың қай мезгілі?
5.  Көктем мезгілінде неше ай бар?
6.  Қазір қыс мезгілінің қай айы?
7.  Біздің қаламыздың атауы?
8.  Елбасының аты-жөні кім?
9.  Біздің балабақшамыздың атауы?
10. Геометриялық пішіндерді ата?
11. 7 санының көршілерін ата?
12. Қандай спорттық ойындарды білесің?
13. Қандай жемістерді білесің?
14. Қандай көкөністерді білесің?
15. Ертегі қалай басталады?
16. Оқу-білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Тәрбиеші :Жарайсыңдар балалар

Тәрбиеші :

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнандар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын,

Саналарын тынықсын (Сергіту сәті қызыл гүлім ай)

Тәрбиеші :Жарайсыңдар балалар

Тәрбиеші :Ал балалар біз сендермен үшінші кезеңге де келіп қалдық.Үшінші кезеніміз «Ұшқыр ой» деп аталады.Бұл ойында әр топқа қағазбен қыс мезгіліне байланысты түрлі суреттер беріледі,сол суреттерді сендер ақ қағаз бетіне әдемілеп,ортаға топпен шығып қорғауларын керек.

ІІІ. «Ұшқыр ой»

Тәрбиеші :Жарайсыңдар балалар

Тәрбиеші : Біз сендермен төртінші кезеңге де жетіп қалдық.Келесі кезекте әр топтың балалары тәрбиеші апайларға өнерлерінді көрсетулерін керек. Ойынның атауы «Өнерлі өрге жүзеді»

ІҮ. «Өнерлі өрге жүзеді»

Тәрбиеші :Жарайсыңдар балалар

Тәрбиеші :

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Бір адамның баласындай дей-келе келесі бесінші кезенімізді «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты логикалық тапсырмаларды бастаймыз.Бұл ойында біз мұқият болуымыз керек.Әр топтан бір баладан кезекпен ортаға шығады,бірінші үстелдің үстінде тұрған бес затты есіне сақтап,қарап алуларын керек.Одан кейін көзді біз жауып тастаймыз,апай бес заттың біреуін алып тастайды көздерінді ашқасын қай зат жоқ соны айтасыңдар.

Тәрбиеші :Жарайсыңдар балалар

Ү. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты логикалық тапсырмалар.

Қорытынды

Тәрбиеші

Құрметті балалар, міне бүгін «Біз білімді ұрақпыз» (интелектуалдық ойын) атты ашық сабаққа белсене қатысып, бес кезеңнің бәрінен сүрінбей өз өнерлерінді көрсете білдіңдер. Ал енді осы бес кезеңінің ұпайларын әділ-қазылар алқасына береміз.( балаларды марапаттау)

Тәрбиеші

Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз



































  1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?



2.  Біздің Отанымыздың елордасы қай қала?


3.  Бір жылда неше мезгіл бар?


4.  Қазір жылдың қай мезгілі?


5.  Көктем мезгілінде неше ай бар?


6.  Қазір қыс мезгілінің қай айы?


7.  Біздің қаламыздың атауы?


8.  Елбасының аты-жөні кім?


9.  Біздің балабақшамыздың атауы?


10. Геометриялық пішіндерді ата?


11. 7 санының көршілерін ата?


12. Қандай спорттық ойындарды білесің?


13. Қандай жемістерді білесің?


14. Қандай көкөністерді білесің?


15. Ертегі қалай басталады?



16. Оқу-білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!