Материалдар / Біз бір топпыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз бір топпыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
«Біз бір топпыз!» 11 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу Мақсаты: «Өзіңді таныстыру,басқаларға деген жағымды әсер, бірігіп жұмыс істеу,бір-бірін эмоционалды қабылдау 1. Қатысушылар бір-бірі туралы көбірек мағлұмат алуы керек. 2. Топ ішінде жағымды атмосфераны қалыптастыру. 3. Психологиялық бағыт – «Емтиханға қалай дайындалу керек?» Жоспар:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
589
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Біз бір топпыз!»

11 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу

Мақсаты: «Өзіңді таныстыру,басқаларға деген жағымды әсер, бірігіп жұмыс істеу,бір-бірін эмоционалды қабылдау

1. Қатысушылар бір-бірі туралы көбірек мағлұмат алуы керек.

2. Топ ішінде жағымды атмосфераны қалыптастыру.

3. Психологиялық бағыт – «Емтиханға қалай дайындалу керек?»


Жоспар:

  1. Топқа бөлу (қар қиыршықтары арқылы)

  2. Таныстыру

  3. Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.

  4. «Сөзден сөзді ізде» ойыны

  5. Логикалық сұрақтар

  6. Кішкене топтардағы сөз-талас

  7. Ұсыныстар: - «Емтиханға қалай дайындалу керек?»

  8. Оқушылардың үрейлілігі 87 бет әдістеме

  9. «Біздің топтың жүрегі»жаттығуы

  1. Топқа бөлу (Қар қиыршықтары арқылы)


  1. Таныстыру оң жақтағы қатысушылар: - өткен күн, бүгінгі күн, және ертеңгі күтіп тұрған күн туралы өз сезімдерімен бөліседі: сол жақтағылар - жылы лебіздер айтады.



  1. Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.

Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу. Өзгертулерді тап.

Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі.
- Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.
- Енді сырт айналып,бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар.Сыртқы пішініңізг, киіміңізге, шашыңызға қандай да болмасын үш өзгерту енгізіңіз.

Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп,сыртқы пішіндерін өзгертулері керек
- Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздарда, сол өзгертулерді табыңыздар.


  1. «Сөзден сөзді ізде» ойыны

Әр топқа жеке-жеке сөздер жазылып таратылады. Әр топқа 2 минуттан, жалпы 10 минут.(1 минут тапсырма орындауға, 1 минут кері байланыс)
Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:«Трансформатор» «Талдықорған» форма қорған матор тал т.б.«Оқулықтар» «тапсырмалар» «жаратылыстану» «әдебиетшілер» т.б.


  1. Логикалық сұрақтар


  1. Кішкене топтардағы сөз-талас

Мақсаты: қатысушыларға өзін түсінуге.өз сезімдері мен көзқарасын ретке келтіруге көмектесу.

Уақыты: 2 мин

Құрал-жабдық: 4 ватман,фламастерлер

Нұсқау: Теңіз-көл-өзен-қайнар болып 4 ке бөлінеміз.

Таймер, Хатшы, Спикер, Төрайымды таңдаңыздар. Қазір талқылайтын сұрақтарыңызды беремін,

1-топ.тапсырмасы: Өз-өзіне, өз күшінесенімді адамның бейнесін құраңыз.

2-топ.тарсырмасы: Көңіл-күйіңді, хал-жағыдайыңды қалай көтеруге болады?

3-топ.тапсырмасы: Емтиханда алаңдаушылықты қалай болдырмауға болады?

4-топ.тапсырмасы: Аудиторияға кірер алдындағы алаңдаушылықпен қалай күресуге болады?

Ал енді сөз талас кезінде туған топтық ойлармен бөлісуге спикерлерді шақырамыз.


  1. Ұсыныстар: - «Емтиханға қалай дайындалу керек?»


Түлектерге келесідегілер ұсынылады:

1. Емтиханға дайындалар алдында жоспар құрған тиімді

2. Күнделікті жоспар құра отырып,әр күнге нақты тақырып белгілеу керек «біраз дайындалайын»емес бүгін дәл қай пәнді қай тарауды оқитыныңызды белгілеңіз.

3. Әрине шаршамай бас жақсы жұмыс істеп тұрғанда дайындалған жақсы, сондықтан өзіңіз нашар меңгерген тараудан бастаңыз.

4. Дайындық пен демалысты кезектестіріп тұру керек, 40 мин дайындық 10 мин демалыс мысалға. Осы уақыт ішінде гүлге су құйып, ыдыс-аяқ жуып тастауға болады.

5. Сұрақ қойып дайыдалу өте тиімді,бірінші сұрақты оқып, ол туралы не білетініңізді түгелдей жазып, сосын оқулықпен тексеріңіз. Тарауға белгілі тақырыпқа, мәтінге аса назар аударыңыз. Нақты даталар мен фактыларды салыстырып отырыңыз. Тек осыдан кейін ғана мәтіннен негізгі пунктыларды түртіп алыңыз, себебі ол жауап тіркестері.

6. Әр күннің аяғында материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексеріп өту керек, тағы қарастырылған сұрақтарды қысқаша қортындылап шығу қажет.

7. ҰБТ-ға дайындық кезінде дайындық жұмысының жоспарын,схемасын ойда емес қағазға құру өте тиімді. Мұндай фиксация нақты жұмыс жасауға және көптің ішінен керектіні бөліп қарауға көмектеседі.

8. Қиын сұрақтарға толығымен жауап берген дұрыс:анаңа немесе досыңа тыңдағысы келнен кез келген адамға айтып бер.

9. Егер күндердің бір күнінде сізге бұл материалды меңгеру мүмкін емес болып көрінсе, не істеу керек, ойланыңыз осы пән бойынша сіз қанша білесіз, өзіңізге есеп беріңіз сіз қанша меңгердіңіз және осы пәнді толық білу үшін қанша меңгеруіңіз қажет. Бірақ бұны барынша нақты есептеу керек.

10. Назарыңызды нақты ойларға бағыттаңыз.

11. Міндетті түрде есептер шығарыңыз (математика, физика, химия) грамматикалық талдау жасаңыз (қазақ тілінен,орыс тілінен) - жалпы практикалық тапсырмаларды нақты орындауға тырысыңыз, тек орындап қана емес дауыстап айтып, қалай орындағаныңызды талқыға салыңыз.


  1. Оқушылардың үрейлілігі әдістемесін жүргізу


9.«Біздің топтың жүрегі»жаттығуы

Мақсаты: Сенімділік ынтымақтастық, эмпатия сезімін арттыру.

Уақыты: 15 мин.

Қажетті материал: ватман, түрлі-түсті қағаз, қайшы, фламастерлер, қарандаш, желім немесе скотч.

Нұсқау: ватманды алып үлкен ғып жүрек қиып алыңыз да оны қабырғаға жабыстырыңыз, ал енді әр қайсысыңыз әр түрлі қағаздан жүрек қиып, оған топ мүшелеріне тілектеріңді жазыңдар. Мына аппақ жүрекке қараңдаршы ол тірі емес, бірақ біз оны қазір тірілтеміз! Ол үшін өздеріңнің кішкентай жүректеріңді осы жүрекке жабыстырыңдар, енді өздеріңді мақтайтын кез келді, себебі бұл өте сирек болады. Қазір өздерің қалағанша өздеріңді мақтауға мүмкіндік бар.қане мына сөйлемді жалғастырыңдар «Мен өзімді мақағым келеді...» Балалар қараңдаршы біздің жүрегіміз тіріліп келеді,бұл біздің тірілген жүрегіміз!

Талдау:

Өз-өздеріңді мақтау қиын болды ма?жәнеде мақтау кезінде не сезіндіңдер?

Сізге тренинг ұнады ма?

Сіз бүгін не үйрендіңіз?


Рефлексия: « Мен бүгін өзіммен бірге... аламын, себебі...»

«... туралы ойлану қажет, себебі...»

«...лақтырып жіберемін, себебі...»

Сарқан ауданы

Екіаша орта мектебінің психологы

Шалова Балжан Богембаевна




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!