400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз бір ұжымбыз!" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз бір ұжымбыз!»

(Тәрбиешілерге арналған тренинг)

Тақырыбы: «Біз – бір ұжымбыз!» тренинг

Мақсаты: Өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау.

Міндеттері:

  • Қатысушылар бір-бірі туралы көп ақпарат білуі тиіс.

  • Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың мүшесі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру.

  • Бірлесіп жұмыс жасауда жалпы бағыттарының бір екендіктері туралы түсінік беру.

Өтетін жері: жарық, кең, қарапайым бөлме.

Керекті құралдар: Тренинг ережесі, арнайы әуен. Ақ парақ, маркер.

Уақыт: 30 минут.

Негізгі іс - әрекет:

  1. Танысу «Шеңбер бойымен ат айту»

  2. «Орын ауыстырайық» сергіту жаттығуы.

  3. Шығармашылық жұмыс: «Визитка дайындау»

  4. Рефлексия «Өз әсерлерімен бөлісу»

Қорытынды

Кіріспе:

Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Бүгінгі «Біз бір ұжымбыз» / «Мы один коллектив» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Осы жиыннан әркім өзіне қажетті көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар білесіздер деген ойдамын.

Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын адамдармен жұмыс жасау әлдеқайда жіңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, жұмысқа деген көзқарасы қандай, мүмкін ұқсастықтар кездесіп қалар. Сондықтан да біздің бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізді көбірек тануға арнаймыз. Тіпті егер, сіз таныс болған болсаңыз да, бәрібір де сіз танысып отырғандардың ішінен біреуін көбірек танысаңыз, ал ендібірін тіптен білмейсіз.

1.Танысу: «Шеңбер бойымен ат айту»

Қатысушылыр шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне доп беру арқылы өзінің атын және айналысатын қызмет түрін айтады.

2.«Орын ауыстырайық» сергіту жаттығуы.
Бұл ойын қозғалысқа, көңіл - күйді көтеруге және де бірін - бірі туралы көбірек ақпарат алуға көмектеседі. Орын ауыстырады:
* шалбар киюді ұнататындар орын ауыстырамыз;
* алма жақсы көретіндер орын ауыстырамыз;
* сағат тағатындар орын ауыстырамыз;
* гитарада ойнай білетіндер;
* домбырада ойнай білетіндер;
* түрік киносын қарайтындар;
* қалжыңды сүйетіндер.
Ойын түсінікті болғаннан кейін, ойын шарты күрделенеді. Енді қатысушылардың кәсіби іс - әрекеттер ерекшеліктеріне қатысты болады.
Мысалы, орын ауыстырамыз:
* бір мекемеде 5 жыл жұмыс жасағандар;
* дәл қазір жаңа бағдарламамен жұмыс жасап жатқандар;
* өзінің пәнін және жұмысын жақсы көретіндер;
* педагогикалық өтіліміне 10 жыл толғандар;
* бала кезінен мұғалім болуды армандағандар;
* байқау жүлдегерлері;
* зерттеу жұмысымен айналысушылар.
Ойын соңында кім, кімдерді несімен естерінде сақтап қалды ой бөлісейік.

3.Шығармашылық жұмыс: «Визитка дайындау»

Барлық қатысушыларға қағаз, фломастер, қарандаш пайдалану арқылы визитка дайындау тапсырылады. Онда келесідей мәліметтер болуы керек:

  • Өзің туралы естігің келетін 3 сөз;

3 слова, которые ты хочешь услышать о себе.

  • Менің қолымнан келеді; /Я могу.

  • Жетістіктерім; /Мои успехи.

  • Мақсаттарым; /Мои цели.

4.Рефлексия «Өз әсерлерімен бөлісу»

  1. Бүгінгі кездесуден өздеріңізге қандай жаңа нәрсе алдыңыздар?

  2. Сіздерге не ұнады, не ұнамады?

  3. Кездесуден алған әсерлеріңіз қандай?

Қортынды.

Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық нұр,

Сол нұрға тән қамы үшін жан жұмсап жүр.

Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен

Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Ақыл деген – денеге егулі дән,

Суарылса оған да кіреді жан.

Ақылдың өсіп, өніп зор аймағы,

Көрген, білген нәрседен ғибрат алған.

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан болады деп Шәкәрім бабамыз айтқандай бүгінгі кездесуімізді осындай ұлағатты сөзбен аяқтағанды жөн көрдік. Осы сөз барлықтарыңызға бір ой салар деген үміттеміз. Тренингке келіп қатысқандарыңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
01.02.2023
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі