Махбал
Джунусова
Қызылорда
облысы
Жаңақорған
ауданы
№224
жалпы орта мектебі
Педагогтарға
арналған тренинг
Тренинг
тақырыбы: Біз
- біргеміз, берік іргеміз
ұйымшылдық қарым-қатынас.
Мақсаты:
Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін
көтеру, шығармашылық қабілеттерін
бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау,
дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Сабақтың
мақсаты: ұжым арасындағы байланысты
нығайта отырып, эмоционалды жігер беру,
бірін - бірі кеңірек танып білуге,
қатысушылардың өз мүмкіндіктерін
шамалауға және күз мезгіліндегі
шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл
күйлерін көтеру.
Тренинг
құрылымы:
1.
Танысу ..«Таныс
болайық!» жаттығуы
2.
Әдістеме «Менің мінезім»
3. Бой
сергу сәті «Акула -күш беруші »жаттығуы
4.
Ертегі
терапиясы топтық жұмыс
5. Рефлексия «Күн шуағы» жаттығуы
6.Қорытынды
Тренинг
барысы:
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар !
Бүгінгі өткізілетін психологиялық
тренингке қош келіпсіздер! Бүгін
сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді
көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық
қабілеттеріңізді бағалай білуге,
өз-өзіңізге құрметпен қарауға,
бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста
болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен
қатысуға шақырамын.
Топтағы
қағида:
1.
Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп
жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі
келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айту
5.
Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен
жақсы қарым-қатынаста болу
«Шаттық
шеңбері»
Қатысушылардың
бәрін шеңберге шақырамыз.Көңіл-күйді
көтере білу үлкен өнер екен белгілі.Адамның
қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне
байланысты. Көңіл-күй – адамның ішкі
дүниесінің құбылысы, Көңіл-күй – адамның
айнасы. Адамның
көңіл күйі
сергек болса, айналасындағы болып жатқан
өзгерістерді жақсы оймен қабылдайды
демекші, қазіргі уақыттағы көңіл
күйлеріңіз қалай? Екі
қолыңызды жоғары көтеріп 3 рет шапалақтап
көңіл –күйімізді білдіріп қоялық.
1..«Таныс
болайық!» жаттығуы
Мақсаты:
Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу,
айналасындағылармен бірлесіп жұмыс
жасауға оң бағытталу. Шебер бойымен
тұрып, стикерге өз есімін жазады және
жанындағы адамға береді барлығы солай
жасайды. Ол адам қолына түскен адам
есіміне жақсы қасиеттерін жазады. Өз
есімі өзіне келгенде тоқтайды.Оқылады.Әсерлерімен
боліседі.
2.
Әдістеме: «Менің мінезім»
Мақсаты:
Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға
деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір
қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны
төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі
жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.
Түйе,
Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық,
Қаз, Аққу, Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл,
Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян,
Тауешкі, Тасбақа,
Жылан, Балық.
Соңында
1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының
арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген
бөліктерге жазылған жануарлар, құстар
адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен
танысады.
Жауабы:
1.
Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3.
Сиыр-өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5.
Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит-адалдық
7.
Мысық- биөрісібасымадамдар
8. Тауық-
шығармашыл
9. Қаз-тазалық
10.
Аққу-сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12.
Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл-әндіжақсыкөретін
14.
Арыстан-қайратты
15. Қасқыр- жігерлі
16.
Түлкі- бейімделгіш
17. Маймыл-әртістікқабілеті
бар
18. Қоян- елгезек
19. Тауешкі-
талғамыжоғары
20. Тасбақа-мейірімді
21.
Жылан-салқынқанды
22. Балық-
еркіндіктіқалайды
Талдау:жаттығуданалғанәсеріңіз?
Өзіңіздітеңеуқиынболдыма?
3.Бой
сергу сәті «Акула -күш беруші »жаттығуы
Біздің
сіздерге ұсынатын бірінші жаттығуымыз
- бой сергіту. Ол бізге аздап денені
ширатып, күш қосып алуға, сөйтіп жұмысқа
жаңа жігермен кірісуге көмектеседі.Еденге
плакаттан арал қойылады. Жүргізуші
барлық қатысушыларға нұсқау береді.
Сіздер қазір барлықтарыңыз балықтар
боласыздар. Сіздер бөлмеде яғни, өзенде
жүзесіздер, ойнайсыздар, көңілденесіздер.
Ал, мен «Акула!»-деп айғайлағанда, аман
қалу үшін аралға секіріп бір аяқтарыңызды
қоясыздар . Ал мен «акула кетті!» дегенде
көңілденіп, жүзуді қайта бастайсыздар.
Акула әрбір келіп-кеткен сайын арал
қысқартып отыру қажет. Ойынның соңында
тек қана бір адам қалады , сол адам
жеңімпаз атанады.
4.Ертегі
терапиясы топтық жұмыс
Қазір
мен барлықтарыңызға бірдей 10 -сұрақ
қоямын сіздер сұраққа жауап жазып
отырасыздар, сұрақ аяқталған соң мен
бір қатысушының жанына стикер жапсырамын.
Сол адамның жауабынан, сіздер топ болып,
сол адамның көңіл-күйін көтеретіндей
етіп ертегі әңгіме құрастырасыздар.
Және де сол құрастырған ертегілеріңізге
ат қоясыздар.Берілген уақыт 5минут.Сол
уақытта аяқтауларыңызды сұраймын.
Алға
қойған мақсатыңыз қандай?
Қазіргі
көңіл-күйіңіз қандай?
Қолыңыздан
келетін іс-әрекет, нені жақсы істей
аласыз?
Өміріңізді
қандай жеміске теңейсіз?
Өміріңізде
қатты қуанған сәтіңіз?
Қатты
қиналған сәтіңіз?
Сіз
қандай ортада өзіңізді жақсы сезінесіз?
Сіз
кімге сенесіз?
Кімнен
жылы сөз естігіңіз келеді?
Сырыңызды
кіммен бөлісесіз?
Талдау
: Берілген тапсырма бойынша сіздер
қалай ол адамның көңіл-күйін көтере
алдық деп ойлайсыздар ма? Ол адамнан
да сұрап білу.Ойын тыңдау......
5.Рефлексия
«Күн
шуағы» жаттығуы
Мақсаты:позитивті
көңіл-күй орнату.
Барысы: әрбір
қатысушының алдын ала дайындалған
күннің бейнесі дайындалған. Күннің
ішіне және сәулесіне қатысушылар бір
біріне өз тілектерін жазады.
6.Қорытынды:Біздің
жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды.
Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз
үшін ризамын. Мен сіздермен жұмысжасағаныма
өте қуаныштымын.
Тренингке
қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!