жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Біз болашақ 1-сынып оқушыларымыз»

Марат Ләйлә Маратқызы
Педагог-психолог
№ 36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы, Тараз қаласы
Оқу қызметі: Психология
Тақырыбы: «Біз болашақ 1-сынып оқушыларымыз»
Мақсаты : Балаларды мектепке даярлау. Балалардың көңіл-күйлерін көтеру, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, құрбыларының алдында өзін еркін ұстауға үйрету.
Әдіс тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Құрал-жабдықтар :Слайд, суреттер
|
№ |
Сабақ кезеңі |
Сабақ барысы |
||
|
Педагогтың әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|||
|
1 |
Кіріспе бөлімі Мотивациялық оятушылық |
Эмоционалды-психологиялық көңіл-күй.
Сәлемдесу. Ойын жаттығу «Жүрекше» Психолог: «Сәлеметсіңдер ме балалар!.Қане, балалар айтыңдаршы біз сабақты неден бастаймыз?» Ия дұрыс айтасыңдар, сәлемдесуден. Ендеше сәлемдесейік. Шеңбер бойымен көршімізбен жүрекшені бере отырып, атын атап мен сені көргеніме қуаныштымын дейміз. Мен оң жағымда тұрған Альбинадан бастаймын. |
Балалар жүрекшені бере отырып, бір-бірінің атын атап шеңбер бойымен сәлемдеседі. |
|
|
2. |
Ұйымдастыру кезеңі |
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы « Біз болашақ 1-сынып оқушылармыз». Бүгінгі сабақта біз өзіміздің зейінімізді, есте сақтау қабілетімізді жаттықтырамыз. Мұның бәрі бізге мектепте жақсы оқуымыз, тапсырмаларды оңай әрі жылдам орындауымыз үшін қажет болады. Ендеше балалар көзімізді жұмып, біз бүгін мектепке барамыз, 1-сынып оқушыларымыз деп елестетейікші. Таңертең сағат шырылдап, сендерді аналарың оятып, сендер мектеп формасын киіп, сөмкелеріңді асынып, жақсы көңіл-күймен мектепке келдіңдер. Мектепте қоңырау соғылып, сабақ басталды. Қане, балалар сендер мектепке келдіңдер көздеріңді ашыңдар. Сабаққа дайынсыңдар ма? Өте жақсы. Ендеше орнымызға жайғасайық. |
Балалар көздерін жұмып, өздерін 1-сынып оқушыларымыз деп елестетеді. дайынбыз. балалар орындарына отырады. |
|
|
3. |
Негізгі бөлім Қорытынды бөлім Рефлексия |
Сабағымызды ми жаттығуымен бастаймыз. Ауада екі қолымызбен геометриялық пішіндерді саламыз. (Үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер) Жарайсыңдар. Тапсырма «4-ші артық» Суретте 4 зат бейнеленген. 1-уі артық. Ал сендер ойланып, қайсысы артық екенін көрсетесіңдер және неге ол зат артық екенін түсіндіресіңдер. Қане экранға қараймыз.
Келесі тапсырманы орындамас бұрын, бір сергіп алайық. «Сергіту сәті» Менің қимылымды қайталаймыз. Орнымыздан тұрамыз қолымызды алға созамыз, саусақтарымызды біріктіреміз Жатқан сегізді ауада саламыз. Ал енді қолымызды сілкіп, сілкіп тастаймыз. орнымызға отырамыз. Жаттығу: «Есте сақта» Балалар, мұқият экрандағы суреттерге қараңдар және есте сақтап қалуға тырысыңдар. Экран жабылады. Сендер есте сақтап қалған суреттеріңді алдыларыңдағы параққа саласыңдар.
Мұқият қарап алыңдар, экран жабылады. Ал енді көршілерімізбен парақтарымызды ауыстырамыз. Экранда сурет қайта шығады сендер көршілерің дұрыс салды ма? тексересіңдер. егер дұрыс болса +, дұрыс емес болса – қойыңдар. Ойын- жаттығу «мұрын, жер, төбе» «Ребусты шеш» Ребус дегеніміз – пішін, белгілер және сұрақтардан құралады. Экранға қараймыз.
Психолог: Жарайсыңдар балалар.
Тыныс алу жаттығуы. Орнымыздан тұрамыз. Мұрнымызбен дем алып, аузымыздан шығарамыз. (3 рет) Оң жақ мұрнымызды жабамыз (3 рет) Сол жақ мұрнымызды жабамыз (3 рет) Мұрнымызбен демаламыз да Ха деп дем шығарамыз. 3 рет. Жарайсыңдар.
Келесі тапсырма. «Айырмашылығын тап».
Келесі тапсырма. Экранға мұқият қараймыз, қандай пішіндер?
пішіндердің түстеріне қалай орналасқанын көріп алыңдар. картинадағы пішіндердің орындары ауысады, түстері ауысады. (тік төртбұрыш жоқ) орнына ромб, екі шеңбер: оранжевый, қызыл).... Ал енді Не өзгерді?
Көзге жаттығу.
Жарайсыңдар балалар. Біздің сабағымыз соңына келді. Қане шеңберге тұрайық. Балалар, көзімізді жұмамыз. Мектеп қоңырауы соғылды, сабақ аяқталды. Бүгін әртүрлі тапсырма орындадыңдар, нағыз 1-сынып оқушылары болдыңдар, сөмкелеріңді жинап, үйге қайтыңдар. Көзімізді ашамыз және біз балабақшаға келдік. Ал, балалар сендерге не ұнады? Қандай тапсырма ұнады? Өте жақсы балалар. Мен сендерге балалар өте жақсы оқуларыңа тілектеспін.
|
Балалар қолдарымен ауада пішін салады.
балалар артық затты тауып, неге екенін және бір сөзбен қалай атайтынын айтады.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар есте сақтап қалған пішіндерді салады.
балалар орындайды.
балалар көрсетіп, айтып шығады
балалар табады, атайды.
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 17.02.2021 653
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген