400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз болашақ чемпион!" тәрбие сағаты МАД сыныптарына

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі бөлім тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: «БІЗ БОЛАШАҚ ЧЕМПИОН!» Мақсаты: балалардың спорттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, негізгі қимыл түрлерін бекіту, қимыл қозғалыс белсенділігін дамыту, жарыса білуге үйрету, шымырлыққа, достыққа тәрбиелеу. Керекті құралдар: кеглилер, секіртпе доптар, қапшықтар, секіргіштер, жұмыртқа мен қасық. Жүргізуші: Ұрпақ тереңі ертең алда, Болашақты болжайтын, Жаны таза, тәні таза Елін жерін қорғайтын Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер! Сәлем достар! Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Біз болашақ чемпион» атты эстафеталық жарысын көріп тамашалаңыздар! Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналады. Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Жарыстың шарттары: 1. Таныстыру/топ атын, ұранын таныстыру. 2. «Тез қимылда» кезеңі 3. «Кім жылдам» кезеңі 4. «Көңілді секіртпелер» кезеңі 5. «Ұқыпты бол» 6. «Жүйрік паровоз» кезеңі 7. «Кім жылдам» кезеңдерінен тұрады. Құрметті халайық! Жарысты байқап көріңдер. Әділқазы алқасы Әділ баға беріңдер. Жарысымызды бастамас бұрын ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетейін. Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке жеке команда Ал балалар, өздеріңді танытыңдар, Естелік, мықтылық, батылдық, көрсетіп табанды! «Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз, Жарысымызды бастаймыз! Picture 2 Жүргізуші: Ал енді сайысымызды бастайық. 1.Топтың аты мен ұрандарын таныстырсын.

Жүргізуші: Қалма жұрттың соңында, Қажет болса, мың атта. Аздық етер оныңда, Жету үшін мұратқа 2. «Тез қимылда» кезеңі Шарты: әр топтан шыққан қатысушы қолды белге қойып, қос аяқпен кедергілер арасымен меже басын айналып жүгіріп келуі керек. Жарысқа барлық топ мүшесі қатысады. Ойын шарты түсінікті болса, белгі берілсін. Picture 5

Жүргізуші: 3. «Кім жылдам» кезеңі Шарты: әр топтан шыққан бір-бір қатысушы жүгіріп допты меже басына қойып кетеді. Ал топтың екінші мүшесі оны қайта алып, келуі керек. Жарысқа барлық топ мүшесі қатысады.

Picture 6 Жүргізуші: 4. «Көңілді секіртпелер» кезеңі Шарты: топ мүшелері секіртпемен белгілі межеге дейін жүгіріп барып, кері жүгіріп келеді, секіртпесін келесі ойыншыға береді. Қай топ бірінші болып келсе, сол топ жеңімпаз болады.

Жүргізуші: 5. «Ұқыпты бол» деп аталады. Шарты: топтың алғашқы ойыншысы қолына жұмыртқа салынған қасықты ұстап, жүгіріп өтеді. Ең бастысы жылдам жүруі керек сондай ақ қолындағы жұмыртқаны түсіруге болмайды. Қай топ тез қимылдап мәреге бірінші жетсе,сол топ жеңіске жетеді. Picture 4

Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік, Ойнайық та, күлейік. Достық деген тамаша, Міне, тұрмыз жараса!

6. «Жүйрік паровоз» кезеңі Шарты: бірінші бала паровоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паровоз бала белгіленген жерден өзі айналып келеді, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паровозы вагондарын жинап межеге бірінші жетсе, сол топ жеңеді.

Жүргізуші: 7.«Кім шапшаң» кезеңі Шарты: топтан шыққан әр қатысушы қапшықты киіп мәре сызығын кесіп секіру керек. Топтың әрбір мүшесі межені айналып өтіп шығады. Кім жылдам қимылдаса сол жеңімпаз болады.

Picture 1 Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден , Жеңімпазды анықтау, Жеңімпаз болу шарты сол, Еңбектену, жалықпау, Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады. Бұл сайыста ренжімей, Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңіске жеткен топтар марапатталады. Жүргізуші: Жарқын, шаттық заман болсын, Отбасымыз аман болсын. Сыйластық пен бірлік болып, Әрқашан орта толсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
951
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі