Театр
күні:
«Біз
бүлдіршіндерді қуантамыз: Бауырсақ
ертегісі»
Мақсаты:
Автор:
Баяғыда шал мен кемпір болыпты. Іші
пысқан шал кемпіріне бауырсақ пісіруін
сұрайды.
Шал:
Әй, кемпір, бауырсақ пісірсейші, қанша
болды бауырсақ жемегелі. Тұр, бар
пісір,- деп кемпірін сұрайды.
Автор:
Ештеңе істегісі келмеген кемпір.
Кемпір:
Сен де бәле болдың ғой біресе тамақ,
біресе бауырсақ деп.
Автор:
Бір жыл дүкенде тұрған баурысақты
тауып келеді.
Кемпір:
Мә, қақпас-деп бауырсақты лақтырып
жібереді.
Шал:
Әй кемпір, мына бауырсағың қап - қатты
болып қалған ғой, тісім өтпейді ғой
дейді. Сен менің қамшымды сағынып
жүрсің - ау. Берікел, бері - деп кемпірін
қуа жөнеледі.
Кемпір:
Ойбай, мына қақпас жын ұрған ба? -деп
қаша жөнеледі.
Автор:
Не істерін білмеген бауырсақ:
Бауырсақ:
Негізі мен сценарий бойынша терезеден
шығуым керек еді, бірақ мен есіктен
шыға берейін - деп есіктен шығып
кетеді.
Автор:
Солай бауырсақ домалап келе жатса,
алдынан өзін - өзі батыр сезініп
орманның қожайыны санап, жүрген «Қорқақ
батыр Қоян» шығады. Қоянды көріп
бауырсақ:
Бауырсақ:
Ассалаумағалейкум, Қоян батыр! Мен
ғой бауырсақ, мені жегің келе ме?
Қоян:
Ммммм, деп бауырсақты айналып шығады.
Немене қатып қалғансыңба? - деп ұстап
көреді.
Бауырсақ:
Жо –
жо-
жоқ нормальныймын.
Қоян:
Қойшы, сені жеп отыратын уақытым жоқ.
Шаруаларым көп менің. Мына орманның
қожайыны – «Мен» болуым керек негізі.
Автор:
Солай екеуі сөйлесіп тұрғанда ана
жақтан ысқырған дауыс естіледі. Бұл
- қасқыр еді. Ормандағы тіршілікті
бақылап, барлап, тәртіпке салып жүрген
қасқыр келеді.
Қасқыр:
Не шум болып жатыр мұнда?
Қоян:
Мен ғой жәй, мен ғой жәй, айбым болса
кешірерсіз.
Қасқыр:
Сен кімсің ей.
Бауырсақ:
Қасеке, мен ғой бауырсақ. Мені жемейсіз
бе?
Автор:
Айналып көреді.
Қасқыр:
Немене қатып қалғансыңба.
Бауырсақ:
Жо жо жоқ қасеке, ондай емес, бір ақ
жыл отырғанмын.
Қасқыр:
Қай зонада?
Бауырсақ:
Зонада емес, дүкенде.
Қасқыр:
О о о о й, онда біздің кругтан емес
екенсің. Менің сененде басқа шаруаларым
көп, орманды барлап шығуым керек - деп
кетіп қалады.
Бауырсақ:
Қоян да, Қасқыр да жемей кетті. Енді
қанша отыруым керек.
Автор:
Сол кезде қолына гүл, бір шоколад
ұстаған кездесуге асығып бара жатқан
симпотишный аю келе жатады.
Бауырсақ:
Аю аға, аю аға, ассалаумағалейкум аю
аға. Мен бауырсақпын, мені жегіңіз
келмей ме?
Автор:
Мұрнымен иіскеп көреді де.
Аю:
Сасып кеткенсің бе? Жағымсыз бір иіс
шығады.
Бауырсақ:
Жоқ, олай емес - деп ыңғайсызданады.
Аю:
Cені жеп отыратын уақытым жоқ. Кездесуге
асығып бара жатырмын
-
деп асығып кете барады.
Бауырсақ:
Енді не істесем екен. қоян да, қасқыр
да, аю да жемей кетті, енді мені кім
жейді - деп ренжіп отырады.
Автор:
сылаңдап, өзін дүниедегі ең сұлу
санап, кафеге құрбылары мен кездесуге
бара жатқан сылқым түлкі кездеседі.
Бауырсақ:
Оооо, сценарий бойынша осы түлкі жеу
керек еді ғой - деп түлкіге жақындай
түседі. Сәлеметсің бе, түлкіжан, мен
бауырсақпын ғой, мені жеуге келдің
бе?
Түлкі:
Сен кімсің?
Бауырсақ:
Мен ғой бауырсақ, сценарий бойынша
сен жеуің керек еді ғой мені.
Түлкі:
Айналып, ұстап көреді де, қойшы, сені
жеп отыратын уақытым жоқ, қолымды
май - май қылып.
Автор:
Тал
түбінде жылап отыра кетеді де.
Бауырсақ:
Қоян да, қасқыр да, аю да, түлкі де жемей
кетті. Енді не істеймін бір жыл
отырғаным аз ба - деп басын ұстап
отыра кетеді.
Автор:
Сол кезде алыстан дауылдатып, сиқыршы
келе жатады. Бауырсақты таяғымен
түртіп көреді де,
Сиқыршы:
Ай сен кімсің? Нағып отырсың?
Бауырсақ:
Мен бауырсақпын, мені қоян да, қасқыр
да, аю да, түлкі де жемей кетті. Басынан
өткен оқиғасын айтып береді.
Сиқыршы:
Мен сиқыршымын. Барлық тілегіңді
орындаймын. Сені дәмді жұмсақ бауырсаққа
айналдырып жібере аламын - деп
бауырсақты сиқыршы таяғымен түртіп
дәмді, жұмсақ бауырсаққа айналдырып
жібереді.
Осы
кезде көңілді музыка ойналады. Бауырсақ
орнынан бір айналады.
Автор:
Осылайша, қатып қалған бауырсақ дәмді
бауырсаққа айналып кетеді. Құрметті
бүлдіршіндер, бүгінгі біздің театр
күніне арналған «Бауырсақ» атты
мерекелік ойын - сауығымыз аяқталды.
Сау болыңдар, балалар!
«Бауырсақ»
ертегісіне қатысқан кейіпкерлер:
Бауырсақ:
Феруза апай
Шал:
Еркеназ апай
Кемпір:
Гүлзина апай
Қоян:
Индира апай
Қасқыр:
Айдана апай
Аю:
Тоғжан апай
Түлкі:
Айжан апай
Дүкенші:
Тұрғанай апай
Автор:
Ажар апай