жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Біз чемпион боламыз. Ч дыбысы мен әрпі
МАД-тобы |
Топ тәрбиешісі: Қ.Ибатова |
|
Білім саласы |
Коммуникация |
|
Білім бөлімі |
Сауат ашу |
|
ҰОҚ тақырыбы |
Біз чемпион боламыз. Ч дыбысы мен əрпі |
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. |
|
Тілдік мақсат |
Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Чемпион, чек, чемодан |
|
Өткен ҰОҚ-да алған білім |
Пікір алмасу сұрақтары. Өлеңді тыңдап, мазмұндайды. Чемпион болу үшін алдымен не істеу керек? Сен қандай спорт түрін ұнатасың? Ч сөз ішінде нешінші дыбыс? Сөздерді буынға бөліп айт. |
|
Жоспар |
|
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
|
Тәрбиеші балаларды ортаға шеңберге тұрғызады. Мынау менің жүрегім (барлығы жүрегін ұстайды) Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды, (екі қолмен басын ұстайды) Барлық істі атқарған. Мынау менің оң қолым, (оң қолын көтереді) Мынау менің сол қолым, (сол қолын көтереді) Барлық істі атқарған. (қуанышпен айтып көрсетеді)
|
|
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру Мақсатты болжам.
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
|
Өткен сабақты еске түсіру. Дыбыс дегеніміз не? (айтамыз ,естиміз) Әріп дегеніміз не ? (көреміз , жазамыз) Дыбыстар нешеге бөлінеді ? ( дауысты, дауыссыз )
«Адасқан әріптер» ойыны Тәрбиеші екі сандықшаны көрсетеді, бірі қызыл, бірі көк . Осы екі сандықшаға дауысты ,дауыссыз дыбыстарды ажырата отырып екі сандықшаға сызба арқылы салу қажет.
ҰОҚ . Əліппе-дəптермен жұмыс . Тәрбиеші бүгінгі танысатын дыбыс Ч дыбысы екенін айтады. Ч –дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс . Ч- дыбысын көк текшемен белгілейміз. Ч дыбысын айтқанда шұғыл, кедергімен қысқа айтылады . Бұл дыбыс орыс тілінен енген сөздерде көп кездеседі . 1-тапсырма Тәрбиеші электронды әліппені тыңдауды ұсынады . Электронды әліппе арқылы чемпион ,чукотка , чукча сөздерінің мағынасымен танысады . Тәрбиеші бүгінгі танысатын дыбыс Ч дыбысы екенін айтады. Чемпион сөзін буынға бөледі.
2-Тапсырма : Өлеңді тыңда және суретке қара. Біз-чемпион боламыз Біз шыныққан баламыз, Суда жүзе аламыз. Желбіретіп көк туын, Чемпиондар боламыз.
Балалар өлең мəтінін түсінеді. Суреттегі балалардың қандай спорт түрімен шұғылданып жүргенін айтады. Чемпион сөзінің мағынасын түсіндіріп, балалардың ойын тыңдайды. Чемпион деп- олимпиада ойындарына қатысып , жеңімпаз атанған спортсмендерді атайды екен . 3-тапсырма. Суреттегі заттарды атайды. Чек ,че-мо-дан, чем-пи-он сөздерін буынға бөледі. Тәрбиеші сөздердің мағынасын түсіндіреді. Чек –бұл біз дүкеннен зат сатып алғанда қолымызғы берілетін қағаз, келесі чемодан –біз оған киім саламыз, ұзақ жолға шыққанда қолымызға ұстаймыз. Тәрбиеші чемпион туралы түсінік береді.. ,Чек,чемодан ,чемпион сөзінде қандай дыбыс бірінші естіледі?
(Ұ) Сергіту сəті Біз шыныққан баламыз, Суда жүзе аламыз. Желбіретіп көк туын, Чемпиондар боламыз. 4-тапсырма Дәптермен жұмыс Алдымен балалар Ч дыбысын ауада жазып көреді ,сосын ч əрпін жазу жолына жазады.
Уақытқа қарай чек, чемодан , чемпион сөздеріне дыбыстық талдау жасатып жіберуге де болады. Тақтадағы ч əрпінің пішініне қарап, балалар ермексаздан жəне мата қиындысынан ч əрпін жасайды. Тәрбиеші балаларға көмектеседі. ҰОҚ соңында АКТ құрылғысы ноутбук арқылы балалар «Әуенді әріптерді » тыңдып ,бірге айтуды ұсынады . |
Слайдтар.
Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Электронды әліппе
Əліппе-дəптер.
Сурет.
Ч əрпі жазылған плакат, слайд.
Балалар орындарынан тұрады. Қимылмен 2-3 рет қайталайды.
Əліппе-дəптері. Ермексаз, мата қиындылары.
«Әуенді әріптер» |
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы Рефлексия. |
Тәрбиеші қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды. |
Əліппе-дəптері. |
Күтілетін нəтиже |
Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ч дыбысының орнын ажыратады. Ч əрпінің элементтерін жазады. |
|
Көпшілік тəрбиеленушілер: Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады. Ч дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ч дыбысының орнын ажыратадыЖазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады. |
||
Кейбір тəрбиеленушілер: Тəрбиеленушілер : Сұраққа толық жауап беріп, Ч əрпімен танысады. Сөздерді пайдаланып,əңгіме құрастырады. Суретте бейнеленеген оқиғаны өз жағдайларында жалғастыру. Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген