"Біз
дәрігерге қонаққа
барамыз"
Тақырыбы: "Біз
дәрігерге қонаққа барамыз"
Мақсаты: Күз мезгілі тура түсінік беру.
Дәрігер туралы жұмбақ, өлең, сұрақтар арқылы балаларды байланыстыра
сөйлеуге сөздік қорын дамытып есту қабілетін, есте сақтау қабілетін
дамыту.
Көрнекілік: Дәрігер бұрышы, күз
мезгілінің суреттері.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,
балалар!
Тәрбиеші: Шеңберге тұрып бір-бірімізге
қуанышымызды жеткізейік.
Балалар: Біз қандаймыз
қандаймыз
Шұғылалы
таңдаймыз
Күлімдеген
күндейміз
Ренжеуді
білмейміз
Қуанамың
менде
Қуанасың
сенде
Қуанайық
достарым
Арайлап атқан
күнге
( Қол шапалақтап «алақай»
дейді)
Тәрбиеші: Балалар адамдардың көңілді,
күліп жүруі неге байланысты.
Балалар: Денсаулыққа
байланысты.
Тәрбиеші: Олай болса біз дәрігер апайға
қонаққа барайық.
Балалар: (Дәрігермен амандасады) сәлеметсіздер ба?
Дәрігер: Сәлеметсіздер ме,
балалар. Жағдайларың қалай, еш жерлерің
ауырмайма?
Балалар: Жоқ, бәрі
жақсы.
Тәрбиеші: Балалар біз ауырмау үшін әр
түрлі жаттығулар жасаймыз.Таза жуынып жүруіміз керек. Жемістерді,
көкіністерді жуып жеуіміз керек.Әйтпесе әр түрлі микроп кіріп
ішіміз ауырады. Содан кейін бізді қайда
апарады?
Балалар: Дәріханаға дәрігерге,
ағайларға апарады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар
балалар.Ауырып қалғасын бізді тыңдайды инемен
шанышады.
Тосын
сәт: Жалқаубек кіреді ( ішке кіріп
аңтаң қалады).Мен сабаққа келдімба десем қайда кіріп кеттім. Сендер
кімсіңдер?
Балалар: Бұл балабақша.Біз «Ақбота»
тобының бүлдіршіндеріміз.
Тәрбиеші: Жалқаубек сен адасып кеткенге
үқсайсын.Сенің үстің кір-кір екен.Балалар осылай жүруге болады
ма?
Балалар: Жоқ олай жүруге болмайды, таза
жуынып жүру керек.
Тәрбиеші: Балалар мен жұмбақ жасырайын
сендер Жалқаубекке көмектесіп шешуін
табыңдар.
Ертемен күнде
сенде
Бетіңді
үйкесең
Кетіп кір
ласың
Тап
– таза боласың.Бұл не?
Балалар:
Сабын
Тәрбиеші: Иілсең иіліп,
Түгілісең түгіліп
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіңе.Бұл не?
Балалар: Айна
Тәрбиеші: Шошынған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолында
Сүртеді жолында.Бұл не?
Балалар: Сүлгі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.
Жалқаубек: Мен
енді таза жүремін, жуынып жүремін.Балалар сендермен дос
болайыншы.
Тәрбиеші: Жалқаубек біздің балалар өте таза өте
тәртіпті.Сен балалармен бірге ойна.
Қимылдық ойын: «Күн мен бұлт»
Тәрбиеші:
Дәрігер бізге қандай кеңес берер екен.
Дәрігер апай: Балалар сендер өте таза жүруге, күн салқын болған
кезде кейініп жүрулерің керек.Әр түрлі жаттығу жасаңдар.( Балаларды
тыңдап, тексереді).
Тәрбиеші: Ал
балалар Жалқаубекті сабағына шығарып салайық.
Қорытынды: Өте
жақсы қатысып отырған балаларды жеке-жеке мадақтап
қортындылау.