400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз ғаламторсыз қалай өмір сүреміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен біз ғаламторсыз қалай өмір сүреміз тақырыбы бойынша ЭССЕ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біз ғаламторсыз қалай өмір сүреміз?

Қазіргі уақытта адамдарды ұялы телефонсыз елестету мүмкін еместе шығар. Осының ішіндегі ғаламтор деген әлем мүлдем бөлек дүние. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін кіретін ғаламтордың құдіреті шексіз. Ішіне кірсең барлығын табасың. Бір сөзбен айтқанда іздегенің алдыңда, іздемегенің артыңда. Баланың қолына телефон бермей, ғаламторсыз өмірді көру мүмкін емес. Қазіргі таңда ата-аналарымыз біздің санамызды ғаламторсыз алдай алмай қалды. «Өзгеден қай жерім кем? Барлық бала сабаққа қажетті дүниенің бәрін ғаламтор арқылы жасап отыр деп анамызға уәж айтамыз. Ал бар ойымызды кітапқа аударайын десек, әлеуметтік желідегі тақырып қызық. Санамызды улаған қалта телефонынсыз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді.

Кейде мен өз-өзіме сұрақ қоямын. Егерде адамдар тым болмаса бір күн ғаламторсыз өмір сүрсе не болар екен деп. Мұмкін бұл тек барлық жерде жарық сөніп қалған сәтте ғана орындалатын қиялма деп те ойлаймын. Жоқ, олай емес те шығар бәлкім. Кім біледі осындай жолды әр адам өзінен бастау керек шығар. Телефонды тоғызқұмалаққа, интернетті шахмат пен әдеби кітапқа ауыстырсақ не болар екен? Ол кезде балалардың бәрінің жүздерінде күлкі, араларында достық пайда болар. Ұлдар шебердің құралдарына қызықса, қыздар тоқымамен кітаптың қызығана кіретін шығар. Осылай ғаламторға байланған баласының бір күндік өміріне әрбір ата-ана мән беріп, ғаламторсыз өткізуге тырысса. Бәрінің де қолдарынан келер еді. Қазір ғаламтор көп баланың күндіз-түнгі досына айналғаны анық. Соңғы он жыл ішінде ғаламтордың санамызды қалай улап жібергенін білмей де қалдық. Үйде кішкентай бөпелеріміз жыласа да, жұбату үшін телефонды қолына бере саламыз. Біздің көңіліміз тоқ болсыншы деп ата-анамыз телефонымызды бірліксіз қалдырмайды. Себебі ғаламтордан маңызды ақпаратты іздейтін болар деп ойлайды. Бірақ баламның бір күн болса да ғаламторда отырмаған күні болды ма?-деп, әр бір ата-ана өз-өзіне сұрақ қойды ма екен? Әрине, жоқ. Сол бір ғаламтор балама үлкен көмегін тигізеді деп өздерін алдап қоятын шығар. Бәрін біле тұра ешқандай шара қолданған емес.

Иә, дұрыс айтасыз ғаламтордың көп пайдасы бар білем. Кейде ғаламтордан дереу бір нәрсе іздеу керек болса «қап», ғаламтордың жоқтығын қарашы дейсің. Осындай кезде ғана ғаламтордың сенің өмірің үшін маңызы бар екенін түсінесің. Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себебі мол. 

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.

Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз.Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зияны жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алынған термин емес. 

Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бір қатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.      

Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. 

Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ деп ойлаймын.Бұл менің ғана жеке ойым. Егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген ойдамын. Тек баланың ғаламторда көп отырмауын қадағалап жете тексеріп отыру керек. Қанша заман ғаламторды талап еткенмен, оның артындағы керемет ғаламторсыз әлемді естен шығармауымыз керек.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
3169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі