400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Біз және табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
шығарма
Материалдың қысқаша нұсқасы



4 сыныптарға

Біз және табиғат (шығарма)

Біздің Қазақстанның табиғаты өте әдемі және бай.Жаз айларында Бурабайға отбасымызбен демалуға бардық.Бұл жердің ағаштары,ауасы,суы қандай керемет!Таудың биік жартастарындағы қарағайлар еріксіз таңқалдырады.Құдды біреу сол қарағайларды арнайы отырғызғандай,біркелкі ,жап-жасыл, хош иісі мұрын жарады.Қарағайдың бойында эфир майы көп және ұзақ өмір сүретін төзімді ағаш.Таудың етегіндегі өзенде балықтар шоршып, секіріп, ойнап жүр.Өзімді ертегі еліне кіріп кеткендей сезіндім.Айналаның бәрі хош иісті гүлдер, алуан түрлі құстардың сайрағаны естіледі.Ұлтым қазақ болмаса да,осы елде туып, саф ауасын жұтып, табиғатына, қазақ халқына еркелеп өсіп келе жатқаныма өзімді бақытты сезінемін.

Демалыс орындарына келген кейбір меймандар қағаздарды, бөтелкелерді қалай болса, солай тастап,жаққан оттарды да өшірмей кетіп бара жатты.Ал, оттың шоқтары ағаштарға тисе не болады?Сонша жылдардан бері өсіп тұрған орман ағаштары лезде жанып кетпей ме?Олар табиғатқа қанша залал келтіретінін біле ме екен?Бұндай ормандар орнына келу үшін қанша жылдар, керек десеңіз, тіпті ғасырлар керек екенін екінің бірі біле бермейді.

Табиғатты өз отбасымыздай қорғап,оны қадірлесек,ол да бізге ұзақ жылдар бойы қызмет етеді.Оның әрбір тасын, әрбір ағашын , мөлдір бұлақтарын сақтау біздің ,әрқайсымыздың борышымыз, парызымыз.Демалыс орындары болсын, тіпті жолдың бойы болсын қоқыстарды тастамайық.Болашақ ұрпаққа аманат етіп тастайтын жерімізге мейіріммен, таза жүрекпен қарап,табиғатқа өз үлесімізді қосайық.Табиғат біздің –АНАМЫЗ!

Табиғатты аялайық,қорғайық,қадірлейік,жас достар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі