Материалдар / Біз жастарға сенеміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз жастарға сенеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Кездесуге бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Біз жастарға сенеміз!» тақырыбындағы студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы


Мақсаты :

Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт- бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Оларды өз пікірін еркін айтуға , басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеті:

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби – шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;

Болашақ мамадығын дұрыс таңдай білуге бағыт- бағдар беру белгілі бір еңбек кәсіби іс- әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру;

Күтілетін нәтиже;

Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауы.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар , студент жастар және мектеп оқушылары! Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең мектеп – ана құшағында өтетін оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз. Ол басында мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің дегендей бүгінгі кездесуге келген студенттерді таныстырып өтсем:

Ерік Назерке

Маметжан Шахсанам

Жаманқара Жарқынбек

Сейтжан Бақытжан


Жүргізуші:

Студент ертеңіңе жол ашады,

Асқақта нұрлы болар болашағы.

Дәл осы мектебімде білім алып,

Арманға аласармас қыр асады- деп бүгінгі студент ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.


Жүргізуші :

Келесі кезекте 9- сынып оқушысы Бектас Мәдидің орындауындағы әнге кезек береміз

Жүргізуші :

Кезекті оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтарына береміз.

Сұрақтар қойылады.

  1. Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек ?

  2. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет ?

  3. Осы мамандығыңызға өз қалауыңызбен бардыңыз ба ?

  4. Әттеген ай осы мамандықты бекер таңдадым деген уақытыңыз болды ма ?

«Мамандықтар тізбегі» - ойыны. Ойынға қатысушылар шеңбер құрып, «мамандықтар тізбегін» құрады. Ойынды жүргізуші бір мамандықты айтады, келесі қатысушы осы мамандыққа ұқсас, қатысы, байланысы бар мамандықты атап, байланысын, ұқсастығын түсіндіріп беру керек.

Поэзия минуты: Оқушылар өлең оқиды.

Темірғали Балжан

Маметжан Жайхун

Ашырқұл Камола


Психологиялық сәт: «Психогеометрия»


Жүргізуші: Ендігі кезекте 11- сынып оқушысы Өміртай Алманың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.

Қорытынды:

Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұхсат етіңіздер:

Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін

Абыройлы ақ ниет – адамдыққа сенемін! – дегендей ел сеніміне кіретін құрметті азамат боламын десеңіздер, бүгінгі кезесуде айтылған кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға күш жігерлеріңізді салып егеменді еліміздің ертеңі- болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!






«Суындық» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі








.


«Біз жастарға сенеміз»


тақырыбындағы студенттер мен өткен кездесудің бағдарламасы


Дайындаған: тәлімгер А. Ахметова




























«Сұңқардай қалықтаймыз, Ізденуден жалықпаймыз!» атты жас мамандар арасындағы топтық сайыстың бағдарламасы

Мақсаты: Жас мамандардың біліктілігін, жан-жақты кәсіби шеберлігін арттыру, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға, ұйымшылдыққа баулу.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер халайық, сергісін бой.

Бүгін біздің мектепте «Сұңқардай қалықтаймыз, Ізденуден жалықпай-мыз!» атты тамаша кеш өткелі отыр.Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа ұмтылып жүрген жас ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. Олай болса, құрмет пен қошемет көрсетіп сайыскерлерімізді ортаға шақырайық:

  1. топ «Сырғалым» тобы

  2. топ «Айша бибі » тобы

  3. топ «Әдемі – ай » тобы


Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекжанова Нағима

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,гуманитарлық пән бірлестігінің жетекшісі Алтыбаева Ажар

Тарих пәнінің мұғалімі, шығармашыл ұстаз Сейтмаханұлы Нұрмахан

Бастауыш сынып мұғалімі Абдубаетова Пардакүл

Тәлімгер Ахметова Аягөз


Олай болса сайыс кезеңдерімен таныстырып өтсем:

1. Топты таныстыру

2. Өнер сайысы

3. Сұрақ- жауап

4. Әдеби, тарихи шығармалардан қойылым

5. Фонограмма

6.Ас мәзірі


Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,

Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,

Жас мамандар сайысатын кез келді ,

Танытатын бар болмысын барын сап.

Ендеше, сайысымыздың алғашқы кезеңі таныстыруға кезек береміз.

«Сырғалым» тобы

«Айша бибі » тобы

«Әдемі – ай » тобы


«Өнерге әркімнің – ақ бар таласы» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жас мамандарымыздың өнерін байқайық! (өнер сайысы)


Қане достар пікірлесіп қарайық,

Қилы – қилы ойды ортаға салайық.

Сан- салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық, - дегендей кезекті сұрақ-жауап кезеңіне береміз.


«Ән – көңілдің ажары» демекші мектебіміздің жас әншісі Айтуған Балнұрдың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар!


«Жас мұраты білім, тәлім талабы.

Өнер, оқу – жастық қару жарағы». Жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті тұлға, жас маман сіздерсіздер!

Олай болса жас мамандарымыздың сахна шеберлігін байқау мақсатында сахналық қойылымдарын тамашалаңыздар.


«Талантты мұғалім – барлық істе де талантты», «Болмасаң да ұқсап бақ», - деп Абай атамыз айтқандай, ендігі кезекті фонограммаға береміз.


Ас – адамның арқауы,

Мұны әркім біледі.

Дәмді етіп әзірлеп,

Ас-ауқатын береді.

Еңбегі оның еленер,

Алғысты алып әр күні, - дей келе сайыскерлеріміздің аспаздық шеберлігін де сынап көрейік.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі сайысқа қатысушылардың жан-жақты өнерлерін көріп, куә болдыңыздар. Олай болса сайыс қорытындысын айту үшін сөзді әділ-қазыларға береміз.

Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін,

Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін,

Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.

Арым таза, ақ көңіл – адалдыққа сенемін,

Абыройлы ақ ниет- адалдыққа сенемін!



Осымен жас мамандар арасындағы топтық сайыс өз мәресіне жетті. Алда талай асулы жол, бағындырар биік, жеңісті мәре бар. Баршағыңызға сәттілік тілейміз! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!












«Бишілерде өнер көп, Би билейді мәнерлеп » атты би байқауының

бағдарламасы



Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мектепішілік мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткелі отырған « Бишілерде өнер көп, би билейді мәнерлеп » атты бишілер байқауына қош келдіңіздер!

Бұл сайысқа 5-10 сыныптардан құралған бишілер тобы қатысуға тілек білдірді. Мектебімізде арнайы би үйрету мамандардың жоқтығына қарамастан би билеуге деген балалардың ынта- ықыласы , құштарлық өте жоғары. «Болмасаңда ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз!» дегендей бүгінгі би сайысына қатысушы топтар үшін қол соғып қошемет көрсетейік.



Бишілер сайысына төрағалық ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.



Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекжанова Нағима апайымыз

Бастауыш сынып мұғалімі Алтыбаева Мөлдір апайымыз

Тәлімгер Ахметова Аягөз апайымыз

Сайыс 2 бөлімнен тұрады қатысушы топтар бірінщі қазақ биін екінші әр ұлттың биін билейді. Қатысушы топтардың биге икемі, киімі, сахнаны пайдалануы меңгеруі ескеріледі.

Олай болса ендігі кезекте бірінші қазақ биімен биші топтарымызды шақырамыз

  1. 7а сыныбының «Гүлдер» би тобын шақырамыз

  2. 6 сыныптың «Аяла » би тобын шақырамыз

  3. 8 сыныптың «Асыл » би тобын шығады

  4. 5ә сыныптың «Арулар » би тобын шақырамыз

  5. 5а сыныбының «Бәйшешек » би тобын шақырамыз

  6. 9 сыныптың «Ханшайымдар » би тобын шақырамыз



Келесі кезекте 7 сынып оқушысы Тұрсынәлі Дильназдын орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.









Біздің мектептің қыздары өнері асқан,

Билейді мың бұралып бала жастан.

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз

Ортаға шық тартынбастан – деп бишілерімізді екінші билерінмен сахна төріне шақырамыз.

Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі .

5 сынып оқушысы Айтуған Балнұрдын орындауындағы әсем әнмен аяқтаймыз.



















































«Білімді жетер мұратқа » тақырыбындағы кездесу кешінің бағдарламасы



Ұстаз деген- жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген- анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұзтаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғар.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетті бас иелік мәңгілік!



Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Білімді жетер мұратқа » тақырыбындағы Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Манабаева Шарапат апайымызбен өтетін кезесуге қош келдіңіздер!

Көрініс: 6- сынып оқушылары

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азамат тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Олай болса, алғашқы сөзді сонау Түркия еліне сапар шегіп, білім саласындағы жаңалықтармен танысып қайтқан ұстаз Манабаева Шарапат апайға береміз.



Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды, себебі ұстаздық өнер тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ- даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең» - дей келе кезекті кезекті оқушылардың көркем сөзіне береміз.

Мамеджан Жайхун, Темірғали Балжан, , Ашырқұл Камала , Мамеджан Азада, Абдираман Шарапат.


Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі,

Ән – шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады - дей келе

11- сынып оқушысы Өміртай Алманың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.



«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор.

Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ұзтаздар екені айқын.

Қане достар пікірлесіп қарайық,

Қилы – қилы ойды ортаға салайық.

Сан- салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық.


Олай болса келесі кезекті оқушылар сауалына береміз.


Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен жақсы күй

Көңілге түрлі ой салар ,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға шабыт береді. 5- сынып оқушысы Айтуған Балнұрдың орындауындағы әнге кезек береміз.


Ұстаз ақыл - ойы мен күш – қуатын балаларға арнап, жанын аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстаздарды қадірлейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі кездесуіміздің қорытынды сөзін мектеп директоры Мұсаев Нұрлан ағайға береміз.














«Суындық» жалпы орта мектебі коммуналдық

мемлекеттік мекемесі













«Жарқын жастық- баянды болашақ»

студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы



















«Жарқын жастық- баянды болашақ!» тақырыбындағы студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы


Мақсаты :

Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауға жүйелі көзқарасын қалыптастыру. Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесу, маман иелерінің атқаратын қызметін білу, оқушы шығармашылығын терең ойын дамыту.

Міндеті:

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби – шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту.

Болашақ мамандығын таңдай білуге бағыт – бағдар беру.

Күтілетін нәтиже;

Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауы.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар , студент жастар және мектеп оқушылары! Бүгінгі студенттермен өткізілгелі отырған Жарқын – жастық, баянды болашақ! атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер.

Біздің кешке қонақ болып отырған студент жастарымыз, мектебімізден түлеп ұшқан түлектеріміз, қазіргі таңдағы жоғары оқу орнының студенттерімен таныстырып өтейін.


Оралбек Ақерке

Анарбай Алтынбек

Айтуған Асқар

Амангелді Азада

Маратұлы Арнұр

Абдраман Шарапат


Жүргізуші:

Көңілге ұнар ән сыңғырлаған,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырап шыққан кезде шырқау көкке

Елітіп тұла бойың балбыраған – дегендей бүгінгі студенттердің құрметіне 10- сынып оқушысы Бектас Мәдидің орындауындағы «_______________» әнді қабыл алыңыздар.


Жүргізуші :

Енді келесі сөз кезегін осы студент жастарға деген өз пікірін, ойын айту үшін мектебіміздің директоры Мұсаев Нұрлан ағайға береміз.

Жүргізуші :

Студент ертеңіңе жол ашады,

Асқақта нұрлы болар болашағы.

Дәл осы мектебімде білім алып,

Арманға аласармас қыр асады- деп бүгінгі студент ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.


Жүргізуші :

Қане достар пікірлесіп қарайық,

Қилы – қилы ойды ортаға салайық.

Сан- салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық.

Олай болса келесі кезекті оқушылар сауалына береміз.


Сұрақтар қойылады.

  1. Осы мамандығыңызға өз қалауыңызбен бардыңыз ба ?

  2. Әттеген ай осы мамандықты бекер таңдадым деген уақытыңыз болды ма ?

  3. Мектепте алған тәрбиенің, атқарған қоғамдық жұмыстардың студенттік кезде пайдасы бар ма?

  4. ЖОО түскен кезде қандай сезімде болдыңыздар?


Келесі кезекті көркемсөге берсек оқитындар Темірғали Балжан, Тахан Аида, Ғафур Мұхлиса


Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен жақсы күй

Көңілге түрлі ой салар ,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға шабыт береді дегендей ендігі кезекті 8 - сынып оқушысы Тұрсынәлі Дильназдың орындауындағы әсем әнге берсек


Қорытынды:

Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұхсат етіңіздер:

Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін

Абыройлы ақ ниет – адамдыққа сенемін! – дегендей ел сеніміне кіретін құрметті азамат боламын десеңіздер, бүгінгі кезесуде айтылған кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға күш жігерлеріңізді салып егеменді еліміздің ертеңі- болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!