400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Біз жеңімпаз боламыз» эстафеталық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне. Ұстаздарға тәрбие сағаты. Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  «Біз жеңімпаз боламыз»

(Эстафеталық ойын)


«Эстафеталық ойындар» 3-4 сыныптар аралығында өткізіледі.


Мақсаты:

1.     Оқушыларды салауатты  өмір салтына бейімдеу және  спортқа деген  қызығушылығын арттыру.

2.     Эстетикалық және этикалық  тәрбиеге үйрету.

3.     Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.


Керекті құрал-жабдықтар:  таяқша, баскетбол добы, қап, шарик, скагалка


Барысы:

1.     Ұйымдастыру

-Сәлемдесу

-Оқушыларды түгендеу

-Оқушыларды дайындау

-Бой жазу жаттығулары:

1) 5 минут жүру және жүгіру

2) Басты оңға, солға қозғалту

3) Қол жаттығулары

4) Бел жаттығулары

5)  Аяқ жаттығулары т.б.

    

 2. Сыныпты  2 топқа бөлу.


Жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Дене тәрбиесі пәні мен «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өтілгелі отырған
«Біз жеңімпаз боламыз» атты эстафеталық-ойынға қош келдіңіздер.

Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшыларды кәнекей шақырамыз.


Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.


Өтілгелі отырған «Біз жеңімпаз боламыз» атты эстафеталық-ойынды ашу үшін және сайыскерлерімізге сәттілік тілеу сөз кезегі мектебіміздегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ізтілеуов Темірхан ағайға беріледі.

Құрметті сайыскерлер, бүгінгі эстафеталық ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.

Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.

Сайысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ізтілеуов.Т.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Бижан.С.
Психолог Сәрсенбаева.Д

Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз 
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. 

Сайысқа қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.


Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз 
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. 

1. Доппен жарыс (10 бала қатысады)

Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп береді.

Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.

 

 2. Бір-бірінің үстінен секіру ойыны (10 бала қатысады)

Сапта тұрған  балалардың барлығы еңкеійп отырады да, соңғы бала  олардың  үстінен  аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да  осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.

 

3. Скагалка ойыны

Ойыншылар скагалкамен кедергілер арасымен секіріп барып, кері жүгіріп келеді, ойын осылай жалғаса береді. 


4. Жүйріктер ойыны

Ойыншылар екі аяғына қапты киіп алып межеге жүгіріп барады да, келесі ойыншыға әкеліп береді.

Келесі ойыншы ойынды осылайша жалғастыра береді.


5. Шарик жинау ойыны

Ойыншылар межеде тұрған шариктерді өзі тұрған орынға әкеліп жинақтау керек.


Жүргізуші:

Құрметті қонақтар және сайыскерлер «Біз жеңімпаз боламыз» атты эстафеталық-ойынымыз өз мәресіне жетіп, сайыс түрлері толық ойналды.


Олай болатын болса...


Өнерге биік сенеміз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.


Сайысты қорытындылау және марапаттау әділ қазылар алқасында.


Жарысқа қатысушы топ мүшелерін қошеметпен ортаға шақырамыз.

Қорытындылау сөз мектеп психологі Сәрсенбаева Дана мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бижанов Сырлыбайға беріледі.


Құрметті сайыскерлер сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі