400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз жүйрікпіз, мықтымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды ептиликке тарбиелеу тазалыкка баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтау қалалық әкімдігінің білім бөімінің «№35 «Балдырған бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




«Бекітемін»

№35 «Балдырған» бөбекжай директоры

_______________М.М Кабдрахманова

«_____» _____________2017ж





«Біз жүйрікпіз, мықтымыз!»

(“Денсаулық сақтау технологиясы” бойынша №2 педагогикалық

кеңес өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

№11 мектепалды даярлық топ)















Өткізген дене шынықтыру мұғалімі:

Төлегенова Г.Т

















Ақтау қаласы

2017-2018 оқу жылы



Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Біз жүйрікпіз, мықтымыз!»

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруіне қызығушылығын арттыру. Балаларды достыққа, ынтымақтыққа, бірлесе жұмыс істеуге шақыру. Балаларға орамалмен жаттығу орындата отырып денесін тік ұстауға, ептілікті, икемділікті, жылдамдықты еске түсіре отырып қайталап орындату.

Жаңа технологиялармен жұмыс: Балаларға жаңа денсаулық технологиясын пайдалана отырып дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын ояту. Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары, қолдан жасалған құралдармен тыныс алу жаттығуларын орындату.

Құралдар: Ысқырық, шаңғы, хоккей, шана, Кëрлинг добы, кедергілер және т.б

Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


-Балалар ішке саппен маршпен кіреді. Сапқа тұрып, түзелеміз.

Амандасу.

Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз

«Біз жүйрікпіз, мықтымыз!»

- Балалар кәзір қай мезгіл?

-Балалар қыс мезгілі болғандықтан бүгін біз оқу қызметімізді қысқа арналаған эстафеталық ойындар ойнау арқылы жалғастырамыз.

-Жарайсыңдар балалар күнделікті оқу қызыметінде біздің айтылып жүрген ұранымыз. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тазалық денсаулық кепілі. Ендеше балалар қолымызға орамалды алып жалпы дамыту жаттығуын орындайық.

Балалар саппен ішке кіреді.


Амандасады.



Қыс мезгілі.

Іздену - ұйымдастырушы

Жалпы дамыту жаттығулары:

Қане балалар қолымыздағы орамалмен жаттығуымызды бастайық.

  1. Б.қ: кілемшелерге отыру, орамал оң қолда. Орамалды жоғары көтеріп, бұлау және төменге тізеге түсіру, бастапқы қалыпқа отыру. /4-6рет/ Сол қолмен де қайталау.

  2. Б.қ: Тұру, денеміз тік, орамалды бұрыштарынан екі қолмен ұстау, отыру, орамалды бетке апару «Тығылдық», тұру, орамалды түсіру «мұндамыз».

  3. Б.қ: Ішке жату, орамал қолда, алға созу. Қолды жоғары көтеру және түсіру./4-6рет

  4. Екі аяқпен бір орында секіру. Тәрбиешінің артынан жүру. Орамалды тәрбиешінің көрсеткен жеріне қою.

Жүру, жүгіру жаттығулары:

Балалар қолдарына орамал үстап жай жүреді, 2-3 минут қолды алға 4-рет, артқа 4-рет айналдырып жүгіреді. Оң жақ қырымен жүгіреді, сол жақ қырымен жүгіреді қолды алға, артқа айналдыру арқылы. Қолдарына ұнтақ салынған баклашка арқылы тыныс алу жаттығуын орындайды.

-Жарайсыңдар балалар денемізді шынықтырып алсақ эстафеталық ойынымызды бастайық, қане балалар екі топқа бөлініп тұрайық:

Оң қанатта:

1. «ТҰЛПАР»

Сол қанатта:

2.«СҰҢҚАР»

Бүгінгі біздің жарысымызда тек қана қыстық ойындар ойнатылады.

Бірінші ойынның аты: «Шаңғы жарысы»

Ойынның шарты: Балалар шаңғыны аяғына кейіп кедергілер арасымен өтіп, кері келеді. Ойынды келесі бала жалғастырады.

Жұлдызшамен бағаланады.

Екінші ойынның аты: «Шайбалы хоккей»

Ойынның шарты: Балалар хоккей таяқшасымен шайбаны ұрып кедергілер арасымен өтіп, кері келеді. Ойынды келесі бала жалғастырады.

Жұлдызшамен бағаланады.

Үшінші ойынның аты: «Шаңғы тебу»

Ойынның шарты: Балалар кезек-кезек шаңғымен бір-бірін сүйреп мәреге барып, кері келеді, ойынды келесі бала жалғастырады.

Жұлдызшамен бағаланады.

Төртінші ойынның аты: «Кëрлинг»

Ойынның шарты: Балалар қолдарына кëрлинг добын алып қақпаға бар күшімен итеріп салу керек, ойынды келесі бала жалғастырады.

Жұлдызшамен бағаланады.





Балалар қолдарына орамалды алып жалпы дамыту жаттығуын орындайды.















Жүру, жүгіру жаттығуын орындайды.




Тыныс алу жаттығуын орындайды.



-Иә










Ойынды қызығушылықпен ойнады.




Балалар жылдамдық таныта білді.




Қарсылас командасымен бақ сынаса білді.





Мергендік таныта білді.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Балалар сапқа тұрып әр ойында алған жұлдызшаларын санау арқылы жеңімпаз команданы анықтайды. Қай командада жұлдыз көп болса сол команда жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен командаға медаль табысталды. Осымен дене шынықтыру оқу қызметінде өткізілген «Ең жүйрік балақай!» атты эстафеталық сайысымыз аяқталды.

Сау болыңыздар!










Сау болыңыздар!



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Қысқы спорт түрлерімен таныстыру, ойынның атын, шартын білу керек.

Болуы керек: Балалардың дене шынықтыру оқу қызметіне деген қызығушылығы болу керек.

Қолынан келуі керек: Эстафеталық ойынға белсене қатыса білу керек.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
655
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі