жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Біз кесте техникасы" баяндама
Қызылорда қаласы, Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі: А. Абдрахманова
Баяндама тақырыбы: Біз кесте техникасы
Мақсаты: біз кесте техникасымен таныстыру, бізбен мата бетіне тоқу техникасын көрсетіп, тоқылу технологиясын меңгерту. Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту. Біз кестемен тоқу техникасының орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту. Қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеті:
- Оқушыларға сыныптан тыс
үйірме жұмысы кезінде біз кестемен тоқу өнерінің теориялық
негіздерін айқындау.
- Оқушыларға кесте тоқу барысында әр түрлі ою өрнектер нақыштарын
қолдануды үйрету.
- Толық тоқылып біткен жұмысты безендіру әдістерін
үйрету.
Жұмыстың әдістемелік
жаңалығы:
1. Біз кесте тігу техникасын
мектептегі сыныптан тыс үйірме жұмысы барысында жүргізудің жолдары
мен әдістері айқындалады.
2. Тоқылған жұмыстың мұражай экспонаты ретінде дайындалуы
қаралады.
Практикалық құндылығы: жұмыстың жазба бөлімінде берілген мәліметтер: біз кесте өнері, кесте өнерінің түрлері, біз кесте техникасы, жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс үйірме жұмыстарында, сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасайтын шеберханаларға көмекші құрал ретінде пайдалануға қажет.
Нәтижелері:
Әрбір жұмысты істеген кезде
одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Біз кестемен тоқу өнері
туралы ізденіп, бірнеше нәтижеге жету. Кестенің барлық түрлерін
тоқып үйрену.
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу, тоқу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Біз кесте тоқу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы және біз (ключок). Бірінші түрі матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Екінші түрі төртбұрышты рамкаға матаны керіп алып, сурет салып тоқылады. Біз (ключок) – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – тоқу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Тоқуға арналған материалдар – канва, тегіс боялған мықты, қалың мата. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Негізгі бөлім
Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу
әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың
әрқайсысы өз атауларымен
аталады.
Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты
қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі өң жағы өте жиі
шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі
жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің өң бетте
көрінбей тұруын қарастырады.
«Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан
қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс.
Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп
тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып,
жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе
орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп,
соның ізімен қайта жөрмеу арқылы
орындалады.
Біз кесте
Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірліген (сызылған) ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді. Тоқылу мәнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тоқылады. Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолдың басбармағымен басып тұрып, бізді алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншиды. Тігістің теріс жағынан біз ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.
"Шнурок" және "велюшка" тігісті кестелер. Бұл тігістермен көйлектің қалтасын, кеудесін әшекейлеуге болады. Кестелетін материалдың өзінің жібімен төгілген кесте ерекше әдемі болып шығады. Кесте төгілетін жер ромбылап торға бөлінеді, ромбының жақтары 2-3см. болуы керек. Сосын тор сызықтары бойымен сиректеу етіп тігіс түсіріледі. Тігістің көлемі және олрадың ара қашықтығы біркелкі болғаны дұрыс, олар 5 миллиметрден аспағаны жөн. Жаңа жіппен тігілетін келесі тігісте инені алғашқы тігістің әр қайсысының түбірінен жоғарыдан төмен қарай шаншу керек. "Шнурок" тігісі осылайша тігіледі. Егер инені біресе жоғары, біресе төмен шанши тіксе "велюшка" деген тігіс шығады. Қиғаш тігіс - матаның көлденеңінен 2 жібін, тігінен 4 жібін бастыра, қиғаш бағытта тігіледі.
Айқас тігіс - кестенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс. Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне, матаның қалыңдығына байланысты. Кестелеу барысында үстіңгі негізгі тігістің бір бағытта түсіп отыруын бақылау керек. Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады. Бір түсті жіппен кестелеген кезде көбінесе басқа түсті жіппен жиіектеліп отырады. Өткерме тігісті - кестенің бұл түріне мережкалар (шілтерлер) жатады.
Шым кесте - сурет бойынша кестелеу. Кестенің бұл түрін кез келген матаға түсіруге болады.Оның бірнеше түрі бар. Бір жақты тығыз кестенің оң жағы, бір жақты тығыз кестенің сол жағы бар.
Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос
етектерді бүре жап - сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын
қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай
тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбіне екі қатар жүргізіледі.
Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре
тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей
жиырыла тігілуі мүмкін.
Есіп жөрмеу —
көбінесе су таситын қарын, мес, матадан, кенептен тіккен сондай
ыдыс қапшықтардың шеттерін тіккенде, кейде орамалдың шетін бүге
тіккенде қолданылады. Ондай заттардың қусырындысын, шеттерін сол
қолдың көмегімен ширата бүктемелеп отырып жөрмеп тігеді. Сонда шет
бүктесін тігісі ескен сияқты болып өз - өзіне кіріге жұмырланып
түседі.
«Қабырға» тігіс қол
инемен көркемдеп тігу әдісінің бір түрі. «Қабырға» тігісімен ұзынды
- қысқалы жарыса тігілген ұзын сызықтар арқылы ендірме, бастырма,
қабырға өрнектері тігіледі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен
немесе матаның бетіндегі тоқыманың белгілі бір жолағымен үнемі
біркелкі етіп көлденең орай шаншып отыру әдісі арқылы
тігіледі.
Киімнің бойын, шалбардың
балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп
атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу
сияқты тігіс әдістерінің түрлері
қолданылады.
«Таңдай» тігіс
— бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш
сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға»
мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің
жақтарын, жаға - қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген
материалдардың шеттерін өрнектеген.
«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не
шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі
сызықтан жоғары көтеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына
түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай
тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине
үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап
іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте
тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс
осылайша қайталана береді. Көркем
кесте -
бұл кестемен тек өсімдік суретін ғана емес, шағын пейзажды
бейнелеуге де болады. Осы кестемен кестелегенде бір түсті жіптің
бірнеше түрі бір-біріне баяу ауысып, құлпыра өзгеріп отырады. Ол
үшін бірнеше түстің тігісінің ұзындығы әр түрлі етіледі. Сосын
екінші түсті жіппен кестені жалғастырады, бұл тігістердің ұзындығы
да әр түрлі етіліп, алғашқы тігістен қалған аралық шетінен
толтырылады. Олар алғашқы тігістің үстін баса отырып, бір түрлі
жіптің бірнеше түске ауысқанын байқатпай жібереді. Орыс
кестесі -
бұл кесте "инені алға салу" әдісімен матаның түзу жібі бойымен
тігіледі, инені оң жағынан 1 мм жерден өткізеді. Өрнектің бәрін бір
бағытта түсетін тігіспен тігеді. Иненің жанындағы тігістің ортасына
таман шаншып, келесі қатардың тігісін түсіреді. Кестелеген кезде
тігістердің арасынан мата көрінбейтіндей етіп кестелейді. Ол үшін
тігістердің арасы өте жиі болуы тиіс (бос ширатылған жіппен тіккен
дұрыс). Орыс кестесімен ақ сары және сұр түсті маталарды ақ жіппен
кестелейді. Сондай-ақ жастық, жастық тысына, дастарқанға, т.б. ұсақ
тор көздермен үйлестіріп, әдемі кестелер төгеді. Матаға тор көзді
жасау үшін тор көз түсетін жердің бір шетінен келесі шетіне дейін
жіпті шаршылап таратып, жіптердің қиылысқан жерін ұсақ көлденең
тігістермен бекітеді. Қиып кестелеу. Бұл кестемен көрпенің,
жастықтың тыстарын, көйлек, жейдемелерді кестелейді. Кестелеу
мәнері ақ кестемен ойып торлуға ұқсайды, айырмашылығы формасының
тек қана дөңгелек емес, сопақша да болып келуінде.
Зер кесте - Алтын, күміс сияқты
қымбат бағалы заттар жүргіртіп немесе жіптің сыртын солармен
әшекейлеп жасалған сәндік бұйым. Алтындалған жіппен тігілген
бұйымдарды да зер деп атайды. Зерленген дайын бұйымдардың
үлкен-кішілігіне қарай зертаспа, ширатпа зер, оқа деп
бөлген. Зерлеп тігу кесте өнерінде көп қолданылады. Көбінесе
қымбат шапандар,
дәулетті адамдардың бас киімдері, бағалы тұскиіздер,
қалталар эер жіпптермен кестеленеді. Оюластырып кестелеу немесе
оюластырып жапсыру - маталарды бөлек-бөлек
кестелеп, оюластырып жапсыру. Бұлар бірыңғай матаға
(барқыт, шұға т.б.)
біртұтас мазмұндағы бірнеше ою-өрнектердің жиынтығынан, үйлескен
тұтас желісін жасау нгегізінде тігіледі. Бір матаның бетіне екінші
матадан қиылған сұлба салынып
шет жақтары әр түрлі кесте тігістерімен тігіліп сәнделеді. Көбнесе
торлау әдісін қолданады. Кесте тігер алдында қиылып алынған өрнекті
мата бетіне көктеп алып шеттерін бүгіп кестелеуге болады немесе
салынатын өрнекті маталарға арналған желімдермен үтіктеп
бекітіп алады. Баспа кесте деген материалдың ашық жерін қалдырмай
немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай
кестені айтады. Шым кесте ақ матаға тегістікті сақтау арқылы жіпті
қатар орналастыру әдісімен тігіледі. Шым кестеге өрнек пен
оюдың , аң-құс, гүлдің түрлі
сұлбалары салынып, көбіне орамалдың шеті, кимешектің жағы, жастықтың тысы, жейденеің жаға-жеңі
және төсекжапқыш, сәукеле сияқты
басқа да көптеген киімдерге тігіледі. Баумен кестелеу. Киімді әшекейлеу
үшін пайдаланылады. Жіптерден (жүн, жылтырақ жіп қосылған жартылай
жүн), ширатлыған баумен немесе дайын баулармен тігіледі. Баудың
жуандығы мен түрі кесте тігілетін бұйымның қандай екендігіне
байланысты. Бір киер киімге тігілетін бау жіңішке, жылтылдақ болуы
керек. Мұндай жағдайда майда өрнектерді таңдаған жөн.
Оған маржан салып
тігіп, өрнекті толықтыра түсуге де болады Спорт киімдері үшін бауды
жуандау етіп, бедерлеп тігеді. Түсірілген өрнек түрі де ірі
геометриялық бейне және эмблема болуы
керек. Теріден, замштан аппликация жасап,
толықтыруға болады. Ширатылған баудың нұсқасы суреттің үстіне
салынып, астынан білдірмей тігіледі немесе суретте көрсетілгендей
етіп бекітіледі.
Қорытынды
Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулықпен әсемдікті таңдайда, талғай білген. өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сән саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап меңгеріп біздің дәуірімізге ұштастырған.
Халқымыздың сонау арғы кезеңдердегі мәдени өміріне көз жүгіртіп көрсек ерте заманда да он саусағынан өнері тамған іскер шеберлердің жасаған бұйымдары таңғажайып шежіре болып шертіледі. Олардың қолтаңбалары түскен өшпес салтанатына айналуда.
Біздің ата-бабаларымыз өздерінің қандай рухани қазынаға мұрагер екенін жете танымаған. Сол ол халықтың өтеуі халық қолөнерін зерттеу қалын қауымның игілігіне айналдыру біздің заманымызда жүзеге асырылып келеді. Сәндік қолөнері-халықтық мәдениет пен өнердің айқын көрінісі өнегелі елден өнерлі, өнегелі бала туады - дейді халық мақалы. Көне де келешегі зор өнеріміздің өркендеуіне мемлекеттік маңыз беріліп, өмірімізде игілікті қозғалыс байқалуда.Мемлекетіміздегі қолөнер шеберханаларының өнімдерінің саны мен сапасының жақсаруы-оның бірден-бір айқын көрінісі деуге болады.
Біздің қаламызда өнерге байланысты жалпы мектептердегі тереңдетілген сыныптар, арнайы көркем-сурет, өнер мектептері, колледждер, жоғары оқу орындары жұмыс істеп, жастар арасында қолөнерді көркейту шараларын насихаттауға оқып үйретуге үлес қосуда. Адамзат қоғамында бұрын соңды жасаған мұраны мәдени, жүйесі меңгеруге, жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге жастарды тәрбиелеу қашанда маңызды мәселе. Сондықтан халқымыздың келешегі үшін, оның өсіп-өркендеу, дамуы үшін жас ұрпаққа жақсы тәрбие беріп, өнер мен білімді үйреніп, мәдениетін көтеру қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
1. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері. Алматы 1992ж.
2. Қасиманов С.Қазақ халқының
қолөнері. Алматы «Қазақстан» 1995ж.
3. Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы
«өнер» 1986ж том1, том2, том3.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген