Іс
шара
«Біз кішкентай өрт
сөндірушіміз»
Мақсаты: балаларды өрт сөндірушінің
қызметімен таныстыруды жалғастыру, өрт қауіпсіздігі ережелері
туралы білімін жетілдіру.
Міндеті:
-жылдам қимыл қозғалыс
әрекетін нығайту;
-әртүрлі дене қозғалыстарын
меңгеруді жалғастыру;
-физикалық дамытуды көздей
отырып, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу;
- өрт сөндірушінің қызметін
құрметтеуге, еңбекті сүюге, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға
тәрбиелеу.
Қажетті
құралдар: 2орындық, фломастерлер, 1- ден
4-ке дейінгі сандар жазылған парақтар (01,02,03,04), кегілдер,
гимнастикалық таяқшалар, гимнастикалық орындық, қоңырау, спорттық
дөңгелектер, бастырма, қағаздан жасалған от жалыны, гір
тастар.
Іс шара
барысы
Жүргізуші: Ошақтағы отты немесе ас
бөлмеде жанып жатқан орамалды сөндіру әркімнің қолынан келеді.
Бірақ үлкен өрт болған жағдайда кәсіби өрт сөндірушінің қызметі
қажет болады. Осы қызметті атқаратын адамды өрт сөндіруші деп
атаймыз.(пожарные) Бұл қызмет үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Олардың ең басты міндеті адамдарды аман алып қалу. Өрт сөндірушінің
қызметі батырлық пен қырағылықты талап ететін күрделі
жұмыс.
Балалар қазір біз сендердің
араларыңнан күшті, батыр балаларды таңдап, кішкентай өрт
сөндірушілер құрамасын құруымыз керек.
Жүргізуші: Ал енді балалар, сендердің өрт
қауіпсіздігі ережелері туралы не білетіндеріңді тексеріп
көрейік.
Отпен ойнауға болама?
(болмайды)
Үй ішінде өрт
болып,
Терезеден түтін
шықса.
Не болды деп
ойлаймыз?(өрт)
Өрт болған жағдайда кім
көмекке келеді? (өрт сөндіруші)
Өрт шыққанда тез
жүгір,
Хабарласқын
нөмерге 01.
1 эстафета: «Өрт
сөндірушінің нөмірі» (Пожарный нөмер)
Орындық үстіндегі ақ
парақтарда 1- ден 4-ке дейінгі сандар жазылған (01,02,03,04).
Балалар кезекпен жүгіріп барып, өрт сөндірушіні шақыруға болмайтын
нөмірлерді айналдыра қоршауы керек. Ойын соңында 01 өрт қызметінің
нөмірі қалады.
2 эстафета: «Өрттен
құтқарушылар» (Пожарные спасатели)
Дөңгелекке жүгіріп жетіп, гір
тасты көтеріп алып артқа жылдам қайту керек. Ойын осылай
жалғасады.
3 эстафета: «Шапшаң өрт
сөндірушілер» (Ловкие пожарные)
Гимнастикалық орындықта
еңбектеп өтіп, шелекпен құмды алып өртті ауыздықтау. Жылдам артқа
қайтып ойынды жалғастыру.
Ойын: «Өртті қалай немен сөндіруге
болады?»(Что пригодиться в тушении пожара)
Жүргізуші іс әрекеттерді
атайды. Балалар дұрыс болса «Иә» деп бұрыс болса «жоқ» деп жауап
берулері керек.
Сыпыртқымен, бояумен,
оттықпен, өртсөндіргіш, доп, баспалдақ, қайшы, майшам, су, құм,
сабын.
4 эстафета: «Өртті бірге
өшіреміз» (Дружно тушим мы пожар)
Доңгелек ішінде өрттің жанған
бейнесі тұрады (қағаздан). Дөңгелектің жанында көгілдір түсті лента
байланған гимнастикалық таяқшалар тұрады. (өрт сөндіруге арналған
құбыр мен су) Балалар құбырларға жүгіріп жетіп, оны қолдарына алып
өртті сөндіре бастайды. Сосын гимнастикалық таяқтарды орнына қойып
артқа оралады.
Ойын: «Болады, болмайды» (Можно,
нельзя )
Жүргізуші сұрақтар қояды, ал
балалар қормен жауап береді.
Орманда отты өшірмей қалдыруға
болама? (болмайды)
Ыстық майшаммен ойнауға
болама? (болмайды)
Газды ересектерсіз жағуға
болама? (болмайды)
Оттықпен ойнауға ше?
(болмайды)
Балалар өтекті қосса болама?
(болмайды)
Балалар өрт сөндірушілерді
шақыруға болама (болады)
5 эстафета: «Адамдарды
өрттен алып шық» (Вывести людей из
огня)
Топ басшысы гимнасткалық
таяқты алып бір ұшынан ұстайды, екінші бала таяқтың екінші ұшынан
ұстайды. Екеуі таяқты ұстап мәреге дейін жгіріп барады. Топбасшысы
жанындағы баланы тастап артқа оралады. Келесі баланы алып жүіреді.
Ойын осылай жалғасады. Барлық балалар жүгіріп болған соң ойын өз
мәресіне жетеді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар
балалар! Бүгін сендер нағыз өрт сөндіруші бола білдіңдер! Сендерге
айтар ақылым отпен ойнамаңдар, өрт қауіпсіздігі ережелерін
сақтаңдар! Жарысқа белсенді қатысқан балаларды мадақтау. «Жас өрт
сөндіруші» медальдарымен марапаттау.