Сумен
ойындар.
Мақсаты:
Күнделікті өмірге қажетті қимылмылдарды
орындау дағдыларын қалыптастыру. Негізгі
функциялық сапаларын дамыта отырып,
ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Жақсы
көңіл-күй туғыза отырып, балаларды
спортты жақсы көруге тәрбиелеу. Жаттығулар
арқылы дене бітімінің дұрыс қалыптасуын
дамыту.
Барысы:
I.
Армысыңдар құрметті ата-аналар, қонақтар,
кішкентай бөбектер!
Біз
ананың қуанышымыз,
Бала
кезден шыныққан.
Болашақта
есейіп,
Біздер
мықты боламыз!
-
деп, біз бүгінгі «Спорт-тән азығы» атты
тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
II.
Құлақ түріп күйге-жаттығамыз биге!
Жаттығулар жасасақ біздің әдемі
болуымызға, дене бітіміміздің сымбатты
болып жетілуіне көмектеседі, ендеше
балалар біздер қара жорға биінің
қимылдарымен дайындық жаттығуымызды
бастайық. Қара жорға би қимылдарын маған
қарап орындаңдар.
-
Қара жорға музыкасының сүйемелдеуімен
дайындық жаттығуларды жасау.
III.Жақсы
балалар, жаттығуды жақсы жасадыңдар
рахмет! «Ойын ойнап ән салмай өсер бала
болама» демекші, олай болса балалар
ендігі кезекті біз ойынға берейік.
Ойынымыздың
аты «Кім шапшаң?»
Ойын
шарты: Допты екі аяқпен қысып, мәреге
дейін түсіріп алмай жету керек.
Екінші
ойынымыздың аты: «Кедергілерден өту.»
Ойын
шарты: Кеглилердің арасымен пойыз болып,
темір жолдар арқылы ел ордасы Астанаға
барамыз.
Соңғы
ойынымыз «Ептілікті байқау»
Ойын
шарты: Балалардың ептілігін байқауға
арналған. Мұнда балалар сендер қасықпен
допты себетке салу
керексіңдер.
Ендігі
кезекті әнге берейік те, бәріміз қосылып
ән шырқайық.
IX.
Өлең: «Жүрісіңнен жаңылма»
Жарайсыңдар
өлеңді жақсы айттыңдар, біздер енді
ауадағы ұшып жүрген көпіршіктерді ұстап
алайықшы...
X.
Қорытынды:
Құрметті ата-аналар, қонақтар біз осымен
бүгінгі «Спорт-тән азығы» атты тәрбиелік
шарамызды аяқтаймыз. Назар қойып
қарағандарыңызға рахмет! Тәрбиелік
шарамыз өз мақсатына жетті деп ойлаймыз,
Сау болыңыздар!
Біз
кішкентай спортшылармыз
(Спорттық
сайыс)
Тәрбиеші:
Рахметова.А.