жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Біз көңілді балдырған»
Мерекеге сай әсем
безендірілген залға екі бала кіріп, қоңырау
соғады.
1б:- Сыңғыр, сыңғыр
қоңырау
Қоңыраудың шақырған
Тәтті әуені ән думан
Білім алған бақшадан
2б:
-Біз көңілді
балдырған
Шақырады мектепке
Білім алған бақшадан
Біз көңілді балдырған
Шақырады мектепке
Сыңғырлаған қоңырау!
Екеуі залдан шығып
кетеді.
1тәрбиеші:
2тәрбиеші:
- Балабақша,балабақша -Күлімдеп көкте күндерің
Шаңырағы шаттықтың Құлпырып қырда гүлдерің.
Балабақша қорғанышы, Оқуда да,еңбекте де үнемі алға басыңдар
Балғын сәби шаттықтың. Білім қуып,көкке қанат қағыңдар.
Қуанамыз сыйлаймыз, Болашаққа батыл аттап барыңдар!!!
Қуаныштың мың гүлін.
Бөбектерді қимаймыз,
Қоштасатын күн бүгін.
-Ортамызға балабақшаның түлектерін шақырамыз! Көшеметтеп қарсы алыңыздар!
«Балалық шақ» әуені орындалады. Балалар залға кіреді. Қолдарында түрлі ойыншықтары бар. Ортада ойыншықтарымен ойнайды.
Жүргізуші: -Міне жақында ғана біздің кішкентай балаларымыз балабақшаға келген сияқты еді. Бірақ уақыт деген қайсар болып өтеді екен. Енді есейіп біздің түлектер мектептегі баспалдақтың бірінші сатысын аттайын деп отыр.Олар осы балабақшадан сурет салуды, жазуды, ертегі айтып беруді, ән айтып, би билеуді үйренді. Ал, балалар бүгін естен кетпес мерекені тойлағалы отырмыз, көптеген қонақтар мен ата-аналарың келіп,сендерді құттықтап қуаныштарыңа ортақ болып отыр.
|
Балабақша
бесігім, |
қызық той
өткіздік, |
Сезімді туған
баламыз, |
|
Мектепке ертең
барамыз, |
Балабақша қош
енді, |
Оқимыз, білім
аламыз |
Ән: «Балабақшамен қоштасу»
Көңілімізді біз көтерейік,
Би билейміз бәріміз бүгін.
Бір –бірімізге ақ жол тілейік,
Мәңгілік есте қалсын бұл күн.
Соңғы рет бүгін бірге боламыз,
Менің балабақша достарыммен.
Әнімізді бірге шырқаймыз,
Балалықпен қоштасамыз біз.
Қуантуға-елімді!
Қ-сы: Қуантуға-жерімді!
Қуантуға-жүректі!
Біз мектепке барамыз.
Талай баспалдақтарды аттармыз,
Ата-ананың үмітін ақтармыз.
Тәрбиеші сіздерге мың алғыс.
Есімізде өмір бойы сақтармыз.
Соңғы рет бүгін бірге боламыз,
Менің балабақша достарыммен.
Әнімізді бірге шырқаймыз,
Балалықпен қоштасамыз біз.
Қуантуға-елімді!
Қ-сы: Қуантуға-жерімді!
Қуантуға-жүректі!
Біз мектепке
барамыз.
ВАЛЬС
БИІ
Балалар орындарына
отырады.
Жүр:- Міне балалар, сендер көптен
күткен қимастыға мен қуанышы
бірдей мерекелерің басталып та кетті. Сендерді осы күндеріңмен
құттықтауды сәбилер тобының балалары келіп тұр екен. Бәріміз ду қол
шапалақтап оларды қарсы алайық.
Залға көңілді музыка
әуенімен кіші топтың балалары
кіреді.
-
1 бала: Сендермен бірге өстік біз,
Көп жақсы нәрсе үйрендік.
Шығарып сап мектепке
Құттықтауға біз келдік2 бала: Амал қанша бұл анық,
Қоштасатын кез келді,
Ойыншықтар мұңайып
Іздейді-ау енді сендерді.3 бала: Өздеріңді олар да,
Сағынады біліңдер
Бізбен бірге ойнауға,
Келіп-кетіп жүріңдер4 бала: Өздеріңді ұмытпай,
Есімізге аламыз.
Ұмытпас деп ұясын,
«Балабақша» әнін саламыз.
Ән: «Балабақша
бағында»
Сәбилер тобының балалары
шағын көрініс көрсету.
Ересек топтың баласы
кішкентай балалардың жанына
келіп:
Бірге ойнап, бір
жүрген
Күндеріңді қимаймыз
Естелік болсын біздерден
Ойыншықтар сыйлаймыз
Сыйлықтарын береді.
Сәбилер ризашылықтарын білдіріп, залдан шығып кетеді.
Жүр:- Балалар, бүгін сендердің
ойыншықтарың да көңілсіз. Сендерді қимайды. Бірақ сендер олармен
қоштасып, мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанасындар. Олармен
коштаса отырып, бір көңілді би-билеп
берейік.
-Бала кезім, балғын шағым,
Қызыққа бір тоймаған.
Көбелекпен жарысып,
Қуыршақпен ойнаған.-
Балалардың орындауында «Ойыншықтармен қоштасу» биін
тамашалайық.
Би: «Ойыншықтармен
қоштасу»
Жүр:- Құрметті қонақтар, таяуда
ғана алдымыздағы бүлдіршіндер осы өмірге тәй-тәй басып, былдырлап
сөйлеп келіп еді. Жақында ғана біздің балабақшаның есігін ашқан
еді. Бірақ уақыт зымырап өтеді- балаларымыз өсіп қалды.
Балабақшада сендер бір- бірімен достасып, бір топқа барып едіндер.
Ал, енді ертеннен бастап сендердің жолдарың жан-жаққа
бөлінеді.
Ортаға «Білім бағы» деген аркасы қойылады.
Балалар келіңдер, мына «Білім бағына» барып болашақты армандап ойланайықшы, сендерді не күтіп тұр?
Балалар қатар жүріп
«Білім бағына» кіреді, бәрі жайғасып отырады. Бақтың ішінде сиқырлы
ағаш тұрады.
Жүр:- Балалар бұл бақ өте ғажайып жер. Бұл бақтың ішінде армандарыңды айтып, жақсы тілектерді тілеп отырсаңдар ол міндетті түрде орындалады екен. Олай болса, арман-тілкетеріңді айтып отырыңдар.
Мектеп деген өте көп
Арнайы музыкалық, спорттық,
Алыста да, жақында да,
Бұған қалай таңғалмасқа?
Қай мектепке барсам екен?
Қайсысын таңдасам екен?
Мен ойлаймын, мектеп институт тәрізді
Оған тек қана ақылды балаларды алады
Алады да, партаға отырғызып
Он бір жыл оқытады!
Бізге нені үйретеді?
Біз көп нәрсе білеміз
Кітапты да, бәріміз оқимыз!
«Нені үйреткені» қалай?
Онда «Кім болуды» үйретеді!
Ал мен бұрыннан білемін
Күндіз бақшада ұйықтамай, армандайтынмын
Атақты футболист болам ба деп?
Ал мен – атақты әртіс боламын!
Ал мен – «крутой» финансист!
Мен ұшақты жүргізем
Ұшақта бас ұшқыш боламын!
Ал мен теңіз капитаны
боламын
Теңіздерді шарлаймын
Жүр:- Балалар, сендер ғажайыпқа
сенесіңдер ме? Менімше арманымыз орындалуға жақын
сияқты...
Музыка естіледі, залға
Сиқыршы кіреді
Сиқыршы:- Қанша бала, қанша халық!
Сәлеметсіңдер ме, құрметті қауым!
Мен мейірімді Сиқыршымын!
Жүр:- Балалар, қандай ғажап, бізге
нағыз Сиқыршының өзі келді! Сиқыршы- мырза, біздің
бүлдіршіндеріміздің бүгін ерекше күні, бізде бүгін үлкен
мереке.
Сиқыршы: - Мереке дейсіңдер ме?
Мерекені мен өте жақсы көремін.
Ал сендердің тойларында мен қандай көмек бере
аламын?
Жүр:- Сиқыршы мырза, біздің
кішкентай бүлдіршіндеріміздің армандарын орындай аласың ба? Олар
өскенде кім боламыз дегенді армандап, мына ағаштың жапырақтарына өз
арман-тілектерін жазды.
Сиқыршы:- Дұрыс, бұл ағаш- жәй ағаш
емес, бұл сикырлы ағаш, егер сендердің тілектерің бұл сикырлы
ағашта тұрса, онда олар міндетті түрде орындалады. Қызық екен,
қандай арман- тілектер жаздындар? Көруге
болама?
Бір жапырақты ағаштан алады, окиды.
Сиқыршы:- Мұнда «аудармашы,
тілші »- боламын деп біреуі жазыпты, ал қай тілден аудармашы
болатынын жазбапты? Балалар, сендер казак тілден басқа қандай тіл
білесіндер? ( балалардын
жауабы) Ал мен, өкінішке орай шетел
тілдерді білмеймін.
Жүр:- Сиқыршы-мырза, біздін балалар
сізді ағылшын шет тілімен таныстырғысы
келеді.
Сиқыршы: - Кане, тындайык
Ағылшын тілінде орындалатын
ән:
ойындар
Сиқыршы: - Тағы бір жапырақты
көрейін. Бұл маман маған өте таныс. Мұнда «циркте жұмыс істеймін»
деп жазған, бірақта циркте көп маман бар, балалар көмектесіндер
олар кандай:? жонглер, сайқымазак, дұрыс, тағы: акробат, мен сиякты
сикыршы бар, дрессировщик.
Ал маған өте ұнайтыны – сықыршы яғни
фокусник!
Сиқырлы фокус
көрінісі
Сиқыршы:- «Тәрбиеші, ұстаз болғым
келіп тұр» біреуы жазыпты, мына жапырақта да, мында да...Бұл
керемет қызық маман шығар? Тәрбиеші балаларды тәрбиелейді, окытады,
мейрімді болуға, ақылға үйретеді, тіпті балалармен бірге ойнайды
да!
Жүр:- Сиқыршы-мырза, балалар жыл
бойы көп нарсеге үйренді, сізге қазір көрсетеді.
Вальс әні: «Қош бол,
балабақша!»
(с. С.Қалиев, ә. Р.Төлендиева.)
1.Осында біз өстік, осында, осында
Білімге үйреніп бақшаға келеміз.
Бүгін ән саламыз балабақшамызға
Біз айтып барамыз "Көп рахмет,бақшаға!"
2. Бақшаны сүйеміз, біз өстік осында
Ұмытпаймыз сені бақша ешқашанда
Қоштасу сәлемі саған жол-дай-мыз
Әдемі, әндерді бақшаға сыйлаймыз.
Сау бол, балабақша,сау бол!
Ұмытпаймыз сені бақша ешқашанда!
Қоштасу сәлемі саған жол-дай-мыз
Әдемі, әндерді бақшаға сыйлаймыз.
ОЙЫН-КӨРІНІС: «Мектепке
баратын оқушы»
Залдың ортасына бір бала
келеді, қолында сөмкесі бар. Анасы айнаның алдында телефонмен
сөйлесіп отырады. Әкесі диванның үстінде газет оқып отырады. Ағасы
планшетпен ойын-ойнап отырады.
Бала- Мен мектептен келдім, енді сабақтың үй тапсырмасын орындауым керек, маған үлкендердің көмегі өте қажет. Қазір анашыма барамын, ана-тілден көмектесуін сұраймын.
Бала:-Анашым, анашым маған үй тапсырмасына ана-тілден көмек беріңізші.
Анасы:- қолында телефоны бар. Балам көріп тұрсың ғой менім қолым тимей жатыр, құрбыммен сөйлесіп отырмын. Одан кейін сериялдарым басталады. Барағой әкеңе сол көмектеседі. Бала әкесіне барады.
Бала:- Әкешім, әкешім маған үй тапсырмасынан есеп шығаруға көмектесіңізші.
Әкесі:- газет оқып отырып. Балам қоятұршы мына газеттегі жаңалықтарға қара, дүниежүзінде көптеген қызықтар болып жатыр екен. Барағой балам анау ағаңнан көмек сұрай сал. Ағасына барады.
Бала:- Ағатай, ағатай маған үй тапсырмасынан көмектесіңізші, өтінем сеннен.
Ағасы:- планшетпен беріліп ойнап отырады.Немене, дейді. Менің ойнымды бұзбашы, кетші әрі. Асханада әжеңе бар сол көмектеседі.
Бала:- Әже, әже, әжетай қайдасыз!!!
Осы кезде әжесі асханадан жүгіріп келеді.
Әжесі:- Не болды ботақаным-ау, мектептен келдің бе! Қарның аш болдыма? Тамақ ішесің бе?
Бала: - Әже мен мектептен сондай шаршап келдім, қарнымда аш. Әжетай қазір менің сабақтағы үй тапсырмамды барлығында орындап беріңізші.
Әжесі:- Әрине ботақаным. Сабақтарыңның барлық тапсырмаларын орындап, жазып дайындап қоямын. Ал, сен тамағыңды тойып ішіп же, сосын балалармен далада ойнап ал, сосын демалып ертеңнен мектебіңе бара ғой ботақаным. Сен уайымдама мен бәрінде өзім орындап қоямын.
Бала: - Рахмет әжетайым, сізді сондай жақсы көремін.
Бала қуанып сөмкесін әжесіне береді. Екеуі шығып кетеді.
Жүр:- Келесі күні баласы мектептен келеді. Өзі сондау қуанышты сабақтан бес деген баға алып келеді.
Бала:- Сүйінші, сүйінші мен сабақтан бес алдым.
Анасы, әкесі, ағасы, әжесі бәрі аң-таң болып қалады баланың қасына барып тұрады.
Бәрі:- Күнделігіңді көрсетші!
Бала сөмкесінен күнделікті ашып көрсеткенде ӘЖЕГЕ 5 деген баға тұрады.
Сиқыршы:- Ал бұл маман маған өте
ұнайды, мұнда «әртіс боламын» деп біреуі жазған. Ал әртістер,
шығындар, өнерлеріңді көрсетіндер
Жүр:- Көңілді өскен
балалар,
Күлім қағып тұрады.
Тойымызға сән беріп,
Көңілді билеп алады.- Балалардың орындауында «Үнді» биін тамашалаңыздар.
Би:
«Үнді»
Жүр:- Бүгін қызық бүгін
той,
Біздер үшін біліп қой.
Ән де салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды – ой.- Балалардың орындауында «Тілашар» әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Тілашар»
1.Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән салып билеп ойнаймыз.
Бүгін үйде мереке,
Тілашар тойын той-лай-мыз.
Қ-сы: Э-э-эй! Талшыбықтай бойыма
Әдемі көйлек жарасар.
Келіңдер менің тойыма
Тойымның аты "Тілашар". - 2 рет.
2.Қош айтып балабақшаға,
Мектепке енді барамын.
Отырам алғаш партаға
Үлгілі шәкірт бо-ла-мын.
Қ-сы:
3.Ықшамды сөмке аламын
Әліппе, дәптер саламын.
6 - ға толам мен бүгін
Анама еріп ба-ра-мын.
Қ-сы:
Сиқыршы:- Тағы бір жапырақты алып көрейін....О! Мұнда «Президент» деген сөз жазылған. Президент деген ол елдің басшысы ғой! О, президент болу үшін көп нәрсе білу керек, мінезі да жақсы болу керек, барлығымен тату жүру керек. Ол өте ақылды болуы керек.
Ортаға бір бала шығады
Президент туралы тақпақ айтып
береді.
Сиқыршы:- Міне, сиқырлы ағаштағы
жапырақтарды алып сендердің жазған тілектерінді мен мына сиқырлы
кұмыраға салайын, оны жақсылап жауып, 20 жыл өткен соң ашасындар,
мен ойлаймын сендердің жазған армандарын міндетті түрде орындалады.
Ал, мына кұмыраны біз осы балабақшанын меңгерушісі Гүлжазира
Мырзакелдіқызына сақтауға тапсырып
кетейін. (Меңгерушіге құмыраны
табыстайды.) Балалар енді менім сендерге
арнап жасап қойған тосын сыйым бар. Көздеріңді
жұмыңдар. (Сиқыршы сиқырлы сөздер
айтады. Ағаштың түбінде жарқырап жатқан кітапты алады. Балалар
көздерін ашады)
Жүр: - Балалар бұл не екен?
Балалар: - БҰЛ КІТАП!
Жүр:- Дұрыс айтасыңдар! Балалар бұл әріптерге бай кітап, ертең мектепке барғандарыңда ең алғашқы кітаптарың болады. Әліппе кітабындағы әріптерімнен түрлі сөздер жазуға болады. Рахмет сізге Сиқыршы –мырза!
Сиқыршы: - Ал, менім кететін уақытым болып қалыпты. Сендерге тек қана жақсылық тілеймін, мектепте озақ болындар, ұстаздарды құрметтеп, алғашқы тәрбие берген апайларыңды ұмытпандар! Сау болыңыздар, Балалар! (кетеді)
Жүр:- Мектеп-деген білім кені,жыр кені,
Мектеп-деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп-деген тәрбиеші адамға,
Мектеп-деген даналардың мекені.- Балалардың орындауында «Әліппем» әнін тамашалаңыздар!
Ән: «Әліппем»
Үйретеді әліппе, Әліппені алайық,
42 әріпке, Парақтап біз қарайық.
Ең алғашқы кітабың, Әріптерді үйреніп,
Әліппені дәріпте. Әсем әнге салайық.
Қ-сы:
А-дегенім АНА! А-дегенім АТА!
Ә-дегенім ӘКЕ! Ә-дегенім ӘЖЕ!
Б-дегенім БАЛА! Б- дегенім БАТА!
Естіп жүрме шала. Мұны есте сақта!!!
|
Балабакшам-бесік тұлға
байсалды |
Күннен-күнге өсіп біздер
келеміз |
|
Адам етіп баптаған |
Жадыраған, жаздай жылы, жаны
бар |
Бәрі: СІЗДЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!
Балалар гүл шоқтарымен ортаға келіп алғыс тақпақтарын айтады.
|
Бақшамыздың тірегі |
Жайдары жүз, ай
қабақ |
|
Баулап-баптап
өсірдіңіз |
Үйретіп әнді,
билерді |
|
Балабақшам бесігім, |
Гүл сыйладық, жыр
сыйладық |
Ән: «Ұстаз
апайым»
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, канат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Қ-сы: Ұстазым менің
Қамқоршым едің
Баулыған асыл өнерге.
Жүрегім дархан,
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Қ-сы: Ұстазым менің
Қамқоршым едің
Баулыған асыл өнерге.
Жүрегім дархан,
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде.
Жүргізуші:
Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын,
Батаңды бер қазағым!
– Ал, құрметті қонақтар және ұстаз апайлар балаларыңызға, құттықтау сөз кезегін сіздерге береміз.
(балаларға құттықтау, мақтау сөздер айтылады. Сыйлықтар беріледі. Әліппе балалардың қолдарына бір-бір шарлар беріп далаға өз тілектерін айтып ұшыруды ұсынады.)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген