400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Біз күштіміз,біз мықтымыз» атты ойын-сауық

Материал туралы қысқаша түсінік
«Біз күштіміз,біз мықтымыз» Ортаңғы топ.Мақсаты: Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біз күштіміз,біз мықтымыз»

Мақсаты: Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу


Құрметті тәрбиешілер мен балалар сәлеметсіздер ме! Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Біз күштіміз-біз мықтымыз» атты мерекелік сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат етіңіздер. Көңілді ойынымызға ортаңғы топ балалары қатысады. Ойынға қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір сырлы.

Жарайсыңдар балалар, олай болса ойынымызды бастамас бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру жаттығуына шақырамын.
Құрметті тәрбиешілер және балалар сіздерге жақсы көңіл-күй және жақсы әсер алуларыңызға тілектеспін! Ойнымызды бастаймыз.

1) «Командир»

Ойын шарты: Бағытаушы командир болады, балалар зай бойынша ойнап,секіріп жүреді. Сигнал бойынша орындарына бір-бірден колонаға тұрулары керек.


2) «Орын тап»

Ойын шарты: Залда еденге балалар санынан кем дөнгелектер қойылады.Музыка әуенімен балалар бір бірін қолдарына ұстайды шеңберге тұрады, айнала жүреді, музыка тоқтаған кезде балалар тез дөңгелектерге қарай жүгіреді,үстіне тұрады. Дөнгелек жетпеген бала ойынан шығады. Нұсқаушы бір дөнгелекті алып тастайды, ойын жалғасады. Ойын жеңімпаз анықталғанша ойналады.


3) «Шанырақ»

Ойын шарты: Нұсқаушы балаларды үш топқа бөледі.Бірінші топқа қызыл түсті шеңбер береді,екінші топқа жасыл шеңбер береді, ал үшінші топқа сары шеңбер береді. Балалар өз шеңберлерін айнала тұрады.Музыка қосылған кезде балалар залды айнала, ойнап, билеп жүреді.Музыка тоқтаған кезде балалар өз шеңберлеріне қарай жүгіріп, шеңберді жоғары көтереді, аяқ ұшына тұрады. Ойын бір неше рет қайталанады.



4) «Жел мен қар»

Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады, музыка қосылады. Балалар шеңберді айнала жүреді, «жел» музыкасы қосылған кезде балалар тез шеңберді айнала жүгіреді, ал «қар» музыкасы қосылған кезде балалар ақырын қолдарын жайып шеңберді айнала жүреді. Ойын бір неше рет қайталанады.

5) «Көліктер»

Ойын шарты: Нұсқаушы үш топқа бөледі, бірінші топқа қызыл ,екінші топқа сары, үшінші топқа көк түсті дөнгелектерді береді. Топтар бір бірлерінен алыс отырады. Нұсқаушы қызық дөнгелектерді көтерген кезде , қызық дөнглектер ұстап отырған балалар көліктерін тұтатады және залды аййнала жүгіреді ,ойнайды. Нұсқаушы сары дөнгелектерді көтерген кезде , сары дөнглектер ұстап отырған балалар көліктерін тұтатады және залды аййнала жүгіреді ,ойнайды.


6) «Қаршықтар»

Ойын шарты: Нұсқаушы балаларды екі топқа бөледі. Командалар аланың екі жағына бір бірлеріне қарама қарсы,бір сызық бойымен тұрады. Нұсқаушы балалардың алдарына, еденге қаршықтарды шашып тастайды. Сигнал бойынша бір-бірлеріне қар атысып ойнайды.


Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі