жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Біз мектепке барамыз"
«Біз мектепке барамыз!»
Мақсаты: Балалардың балабақшадан алған білімдерін тиянақтау. Ой –өрісін жан-жақты дамыту. Ертеңгілік өткізу арқылы өнер білімге деген қызығушылығын арттыру. «Біз мектепке барамыз» ертеңгілігін өте қызықты етіп ұйымдастыру және ұйымшылдықпен қатыстыра білу.
Тәрбиешілер: Қымбатты ата-аналар, балабақша ұжымы. Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз.
(2 бала келіп, құттықтау сөзімен ашады)
І-бала: Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашты мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық
ІІ-бала: Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны ерекше
Бақшамызбен қоштастын
Бүгінгі той ерекше
«Аяулы мектебім»
Әуенімен балалар ортаға келіп 2 топқа бөлініп тұрады.
1.Жүргізуші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.
2.Жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
1.Жүргізуші: Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір – бірден
Қимай кетіп барады- дей отырып
ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз
Тақпақтар:
1 Құрметті тәрбиешілер мен ата-аналар
Кез келді сіздерден ақ бата алар
Ұл қыздарын көрсетпекші өнерін
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
2 Құрметті қонақтар армысындар
Бәріңізде есен - сау бармысыздар
Таусылмайтын ағытып ат арманының
Ал достарым, ақ жол тілеп, сөз бастағым
3 Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын
Болсын солай әр бір күнің, әр айың
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя ақ босаға киелі
Қанат қақтың білім алып өзіңнен
Күллі бала басын саған иеді.
4 Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
5 Қызық күндер өткіздік.
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік.
Ел мен Отан жайында.
6 Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап.
Оқып- жазып үйрендік.
7 Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
Жүргізуші: Өте жақсы, балалар. Сендер мектепке дайын екенсіңдер. Қане, бәріміз «Біз мектепке барамыз» әнін орындайық.
Ән: «Біз мектепке барамыз»
балалар әүенімен отырады.
Ортаға әүенімен «Білгішбек» келеді
Білгішбек:
Балалар сәлеметсіздерме! Менің атым Білгішбек,
мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің
мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім.
Сендердің барлықтарыңда ақылды,
саналы білімдісіңдер мен сендерді өз әлемімі шақырамын,
менің достарым боласыңдар,
бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?
Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді
Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар
ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр, кеттік .
2-Тәрбиеші:
Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе,
сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек
қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емеспе?
Жалқаубек:
Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр,
бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады,
біз мектепке бармаймыз! аналарымыз,
әжеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.
1-Тәрбиеші:
Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір,
бүгін балабақшамен қоштасып жатыр,
сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға
келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып ,
біліп алған кәне отыршы көресің.
Жалқаубек: қойынышы, ол маған кережоқ, мен былайда ақылдымын.
Білгішбек: ақылды екенің кәзір көреміз.
Мен саған әріптерді көрсетемің, ал сен маған айтып бер.
Жалқаубеке әріптерді көрсетеді, ол қате айтады.
Білгішбек: енді менің достарым айтып береді.
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.
2-Тәрбиеші : Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?
Енді келісі ойын: «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Жалқаубек: Ой балалар апаларың да, мамаларың да шаршайды ғой,
бармаңдар мектепке не керек?
2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ»
ойының ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
1 Жүргізуші: Рахмет көп- көп
«Айтыс» Зере мен Санжар
Білгішбек: Достарым мектепке дайын екенің көріп тұрмын,
Мектепте мен сендерді күтемің.
Ал сенімен Жалқаубек мен әлі дайындаламын, жүр менімен.
Білгішбек пен Жалқаубек қоштасады.
Жүргізуші: Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Портфель»
Жүргізуші:
– Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
1- бала. – оқып білім алу үшін
2- бала: – еліме еңбек ету үшін
3- бала: Білімді азамат болу үшін
4- бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін
Жүргізуші: Жарайсындар
Көнілді әүенімен Білім Ханшайым келеді
Білім ханшайымы:
-Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар!
Бөбек еді ол рас
Кіп кішкентай кешегі
Бүгін міне азамат
Болды бәрі деседі
Әріп танып сурет салып
Жаттықтырды қолдарын
Мектебіне шығарып сап
Тілейін ақ жолдарын!!!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Білім Ханшайымы! Балалар амандасайық!
Балалар амандасады
Білім ханшайымы: Құрметті де сүйікті балалар,
сіздерді мектепке барардағы
дайындықтарынызды білгім келіп тұр, мен сендерге
Алтын Кілтімді алып келдім, ол кілт білім
ордасына апарады, бірақ сендер менің тапсырмамды
орындауларың керек.
Білім ханшайымы: бірінші тапсырма математика пәніне
байланысты.
0..........10
дейін ретімен санау және кері
санау.
Математикалық
есептер:
Аулада бес үйрек,
Қорада
үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір
үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
(6)
Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз
қолыңда қалады? (2)
Бір-бірімен
жарысқан,
Бір аю, бір арыстан.
Екі
қоян, үш түлкі,
Бәрі нешеу ойлан сен?
(7)
Бір қоянның екі құлағы
бар,
Екі қоянның неше
құлағы бар? (4)
Табақта 5 алма, қолымда
2 алма,
Барлығын қосқанда, болады неше
алма? (7)
Ойын:
Сандарды ретімен орналастыр
3 2 7 5 6 4 9 10 8
1
Білім
ханшайымы: Екінші
тапсырма сауат ашу пәніне байланысты.
1.
.Дыбыстар
нешеге бөлінеді?
2. Дауысты дыбыстарды қандай
текшемен белгілейміз?
3. Дауыссыз дыбыстарды ше?
4. Сөздерді буынға бөліп оқып бер.
(Бо-та,
қа-ла, да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на,
ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық )
5. Мақал-мәтел кім айтады?
Ойын:
«Сөз ойла,тез ойла»
Білім
ханшайымы: Үшінші
тапсырма сұраққа жауап беру.
1.Біз қай елде тұрамыз? «Отан», «Қазақстан»
туралы жаттаған өлеңдерің барма?
2.
Сендердің ауылдарыңның аты қалай
аталады?
3. Балабақшаның аты
қалай аталады?
4. ҚР рәміздерін
кімдер атап береді?
5. Неше
жыл мезгілі бар?
6. 1 аптада неше
күн бар?
Ж
а р а й с ы ң д а р б а л а л а р
! Өте жақсы!
Білім Ханшайымы: Енді балаларға
Алтын Кілті берейін!!!
Сол уақытта Мыстан Кемпір жүгіріп кілті алып алады.
Мыс.кем: үйретіп үйретіп әбдәң есімін шығарды,
сендердің білімдерің ешкімге керегі жоқ.
Білім Ханшайымы: Мыстан кемпір неге сіз біздің
мейрамызды бузасыз?
Мыстан кемпір: Қайдағы мейрам ха-ха-ха!
Білім ханшайымы: Ия сенбейсіз ғой, балалар бізде
қандай мейрам?
Балалар: Балабақшамен қоштасу.
Мыс.Кем: ойбай-ойбай!!! Балабақшамен қоштасу
екен оларда,қарашы оларда қандай қу болвал ған
Жүргізуші: Мыстан кемпір балалармен амандасаншы
Мыстан: Неге мен амандасамын, олар қоштасады ғой,
менде олармен қоштасамын.
Балалардың қулақтарын ұстап қоштасады
Мыстан: ҚОШ, ҚОШ
Әнді орындайды
Ешкім мені жақсы көрмейді
Менімен де дос болмайды,
Ұялы телефонға ызвандамайт
Неге мені жақсы көрмейді.
Мендей апа әдемі жоқ,
Мендей апа мейірлі жоқ
Мен сендерге бәрін беремін
Тек мені жақсы көріндер
Жүргізуші: Мыстан апа сіз қоштаспаныз бізбен, оданша
балалардың мамаларға сізге арналған биді көрініз.
Би: «Ойыншықтар»
Бидің аяғында мыстан кемпірге береді
Мыстан: Мынау бәрі маған ба? Рахмет немерелерім, бөбектерім.
Мен сендерге нені айтуға келдім, менде кішкентәй
қызым Мыстанөк немерем бар, оны сендер
мектепке алсандар жөн болушеді
Жүргізуші: Сізде немереніз де бар екен!
Мыстан кемпір:
ия бар ғой, қудай бергені ғой, қудайдың сыйлығы,
өтте ақылды, қалай жамандықты жасайды охх!!!!
Бірақ мені тындамайды, сендер оған да
білім берсендер жақсы болушеді.
Жүргізуші: Балалар Мыстан кемпірдің немересің мектепке
бірге аламыз ба?
Балалар: Ия!!
Мыстан кемпір: Қазыр шақырып келемің, Мыстанөк келе ғой
Әүенмен МЫСТАНӨК шығады.
Мыстан кемпір: Немерем сен енді балалармен мектепке барасын
Мыстанөк: Урааааа!!!! а қашан мектепке барамыз?
Мыстан: Ойййй..... көктемде,
Балалар:--------------Күзде
Мыстан: аптаның үшінші күні?
Балалар:--------------- Сәрсенбі
Мыстан: Оқушының сөмкесі?
Балалар:------------- Портфель.
Мыстан кемпір: жақсы
Ал ертектерді білесіндер ме?
Қасқыр жейді.............. ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК
Қарлығаш........... ҚАРЛЫҒАШ ПЕН ДӘҮІТТ
Тышқан жүгіріп, қуйрыгымен ШЫБАР ТАУЫҚ
Білім ханшайымы: қалай екен біздің балалар?
мыстан апа немереніз мектепке баруымен құттықтаймыз!
Мыстанөкке менең сыйлық Бірінші кітәбі---ӘЛІППЕНІ сыйлайым
МЫСТАНӨККЕ СЫЙЛАЙДЫ-ӘЛІППЕНІ.
Жүргізуші: Ал біздің балалар саған Әліппе туралы әнді
айтып береді
Ән: «Менің атым Әліппе» кубиктармен
Өленің аяғында сөздерді құрастырады
Мыстан кемпір: ох бәрін біледі екен.
Білім Ханшайымы: бул тәрбиешілердің еңбегі.
Тәрбиешілерге мын РАХМЕТІҢ АЙТАЙЫҚ!!!!
Балалар: РАХМЕТ!!!
Білім Ханшайымы: Тәрбиешілерге үлкен сыйлық.
Ән: «Тәрбиеші бізбен»
Білім Ханшайымы: Апа енді бізге кілтімізді қайтарыныз!
Мыстан кемпір: жарайды, қайтарамын, бірақ мен әлі
сендер мен болатурайымшы, маған балаларыныз унайды!
Білім ханшайымы: Әрине қалыныз,
Балалар, сендер балабақшамен қоштасып,
мектепке барғалы отырсыңдар.
Мен сендерге оның кілтін табыс еткелі отырмын.
Бір бала, бір қызға кілтін табыс етеді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Олай болса, тентек болмауға,
сабақта жақсы оқып, әдепті болуға ант беріңдер.
Бәрі: ----------------------------Ант етеміз!
Би: «Вальс»
Білім ханшайымы: ойынға да уақыт келді, қалай балалар ойлайсындар?!
Ойын: «Кім бірінші»
Білім ханшайым: Көріп тұрып түлектерді қаншама,
Жақсы тілек білдірейін баршаңа
Өрендерім өлең айтып, би билеп,
Өнерлерін салсын бүгін ортаға
Жүргізуші: Ал балалар келіңдер
Әнді айтып беріңдер!!
Ән: «Жас дәүірдің»
Білім ханшайымы: Міне балалар, құттықтаушыларды бітіп, ойын сауығымызда аяқталуға жақын. Енді таза, пәк көңілдерімізбен, қимас жандарымызға алғыс айтататын сәт те келіп жетті.
1-бала: Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артық өзі басқадан. Менгеруші
2-
бала:
Әдіскер
Анара апай сізге де
Алғыс
айтып қимай барамыз
Қабыл
алып мына гүлімді
Әрқашан
әдемі болып жүріңіз Әдіскер
3-бала Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Айнур апайға мың алғыс Жетекші
4-бала Дәрумен жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Дәрігер Гульжанат апай сізге де
Алғыс айтып барамыз. Дәрігер
5-бала: Орындық, шкаф, төсек те
Шаңышқы, мен кесе де
Бәрі өзң келе ме?
Соңын бәрін табатын
Шаршамайтын, күлетін
Зыр жүгіріп, жүретін
Есепші Назира апайға мың алғыс Есепші
6-бала: Тәтті тағам пісіпген
Айран сүтін ішкізген
Азпазшы апайлар
Сіздерге де мың алғыс Аспазшы
6-бала: Төсек орнын тап-таза
Аппақ жуған сулгісі
Гуля Наташа апайға мың алғыс Наташа апай
7-бала: Айткуль апай өзіңізді
Жақсы көрем әрдайым
Әр қашан бізге жалықпай
Коридорды жуасын
Сізге де мың алғыс Айткуль
6-бала: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Тәрбиеші апайларға
Айтамыз біз мың алғыс Тәрбиешілер
7- бала: Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Күтуші апайымызға көп рахмет Рәш апай
Бәрі бірге--------------------------РАХМЕТ АПАЙЛАР!!!!!
Кішкентәй бүлдіршіндердің сыйлығын қабыл алыныздар!
Қошақан тобы әнімен «Біздің балабақша»
Жүргізүші: Білім ханшайымы алдымен біз мектепке
баратын балалардың тақпақтарын тындап жіберейікші.
Тақпақтар
Би:. «Флэшмоб»
Білім ханшайымы: Алдындағы балалар
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір бірден
Қимай кетіп барады
VІ-бала: 6 жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз
Сезімде туған баламыз
Оянды оқып санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамын
Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық көп білдік
Ел мен отан жайында
VІІ-бала: Мектепке ертең барамыз
Оқимыз сауық құрамыз
Қашық болмас арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз.
VІІІ-бала: Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз.
Беске толды жасымыз
Ересек біздер баламыз
Екіні қосып екіге
Санайда біздер аламыз.
IX-бала: Ұқсатпа мені басқаға
Есейдім 5 жастамын
Қош айтып енді бақшаға
Мектепке жолды бастадым.
Х-бала: Еркесі едім атамның
Еркесі едім әжемнің
Толып биыл беске
Мен оқушы атандым.
ХІ-бала: Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін.
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біз мектепке барамыз.
Білім ханшайымы: Қош балалар сәт сапар
Үлгілі бәрің болыңдар
Жақсы болып әрқашан
Тек бестікті алыңдар.
Білім ханшайымы: «Қош бол, балабақша!» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Қош бол балабақша»
Мыстан кемпір: Бүгін біздің кешімізге жақсы келгенсіздер. Рахмет Сіздерге, енді балалар сендермен қоштасатын сәтте келіп жетті. Біз білім ханшайымы екеуміз сендердің мектепке дайын екендеріңізді білдік.
Білім ханшайымы: Сүйкімді балғын бала шақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар
Тәрбиешілер: Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің
Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең
өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,
Тәрбиешілер бірге -------------------- Ашық болсын жолдарың!!!!
Құттықтау сөздер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген