400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Біз мектепке барамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды мектепке психологиялық тұрғыдан дайындау. Балаларға мектеп туралы жағымды пікір, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Балалардың танымдық қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!

Мақсаты: Балаларды мектепке психологиялық тұрғыдан дайындау. Балаларға мектеп туралы жағымды пікір, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Балалардың танымдық қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

Балаларда мектеп туралы жағымды ой қалыптасты. Танымдық қабілеттері (есте сақтау,ойлау,зейіні, қабылдауы,қиялы) жетілді. Ұсақ және жалпы моторикасын дамытуға арналған жаттығуларды жасай алады.Топ ішінде, жұппен және ұжыммен бірлескен іс-әрекетке түседі.

Көрнекіліктер: әуе шарлары, тапсырма салынған дорбашалар, математикалық планшет, математикалық тапсырма жазылған түрлі-түсті жолақшалар, 5-6 бөліктен тұратын қима суреттер, графикалық диктанттың тапсырмалары, кеңістікті бағдарлаудың суреттері, оқу құралдары,музыкалық әуендер.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, дамытушы ойындар, саусаққа арналған жаттығулар, тренингтік жаттығулардың элементтері.

Балалар көңілді әуенмен залға кіріп, шеңберге тұрады. Әр баламен ерекше амандасу.

Ұйымдастыру кезеңі:

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Менің айтқан сөзімді,

Құлақ салып тыңдайық.

Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйлерің жақсы ма? Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Шеңберге тұрып, бір-бірімізге күлімдеп, барлығымыз құшақтамыз. Балалар орындарына жайғасады.

Балалар, мына жерге қараңдаршы. Мынау не нәрсе? Дұрыс айтасыңдар. Бұл баспалдақ. Баспалдықтың неше басқышы бар екен. Қане, санап көрейікші. Алты басқышы бар екен. Балалар баспалдақтың жанында біреу отырған сияқты. Кім екенін қарап көрейікші. Бұл кім болды екен? Балалар бұл – Дара досымыз. Дара досымыз көмек сұрап келіпті. Көмектесеміз бе? Бұл басқыштар жай басқыштар емес, бұл ерекше басқыштар. Әр басқышта тапсырмалар бар. Егер баспалдақтың барлық тапсырмасын дұрыс орындасақ, біз Дараға көмек көрсетеміз.

Негізгі бөлім:

Бірінші тапсырма.

Көңілді әріптер.

Математикалық планшетті пайдалана отырып, әріптерді құрастыру, әріптерден сөз құрау, дыбыстық талдау жасау.

Екінші тапсырма.

Сиқырлы жолақшалар .

Балалар ортаға шығып, түрлі-түсті жолақшадағы тапсырмаларды орындайды.

Үшінші тапсырма.

«Орнын тап»

Балалардың қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай отырып, кесінді суреттерді орналастыруы.

Төртінші тапсырма.

Сергіту сәті: Балалар, кәне бәріміз бойымызды сергітейік. Балалардың әуен арқылы, сөз-сөйлем мағынасына қарай қимыл-қозғалыс жасап, орындауы.

  • Алақанды соғамыз.

  • Кеудемізді алақанымызбен соғамыз.

  • Тіземізді алақанмен соғамыз.

  • Аяқпен еденді тарсылдатамыз. Содан кейін әуеннің қайырмасында орындықты айналамыз.

Бесінші тапсырма.

Графикалық ою, сиқырлы қарындаш.

Балалар біз мектепке барғанда тағы нені білуіміз керек? Дұрыс айтасыңдар, әдемі жазуымыз қажет. Тапсырманы орындамас бұрын, саусақтарға арналған жаттығу жасаймыз. Графикалық диктант. Әр баланың өзіне тиісті тапсырмасын орындауы.

Алтыншы тапсырма.

«Сөмкені жина»

Балалардың алдында конвертке салынған 5-6 бөліктен тұратын қиылған суреттердің жиынтығы. Балалардың тапсырманы орындауы. Мектепке қажетті оқу құралдары сөмкеге салу.

Балалар, Дара қуанышты. Сендерге алғысын білдіріп тұр. Дараны әуе шарына отырғызайық. Біз де мектепке дайындалып, Дарамен бірге барайық.

Ант қабылдау:

  1. Мектепке біз барамыз,

Бестік баға аламыз.

Балалар: Ант етеміз!

  1. Тәртіпті болып жүреміз,

Ақылды бола білеміз.

Балалар: Ант етеміз!

  1. Достықты біз сақтаймыз,

Достасудан қашпаймыз.

Балалар: Ант етеміз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
425
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі