Тақырыбы: Біз мектепке
барамыз!
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық
тобынан шығарып сала отырып, Оқу – білімге деген қызығушылықтарын
оятып, Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулып, адамгершілікке,
сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы: 1. Ұйымдастыру
кезеңі.
2. Кіріспе сөз. (Музыка
ойналып тұрады.)
- Құрметті ата – аналар,
ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді
ұямыздан ұшырып, 1 – сыныпқа шығарып салғалы
отырмыз.
Көз алдымыздағы тәп – тәтті,
сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр.
Білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы
отырған бүлдіршіндеріміздің «Біз мектепке
барамыз!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Бүлдіршіндерімізге сәт – сапар тілей отырып, ертеңгілігімізді
бастауға рұқсат етіңіздер.
Тәрбиеші: Өтті қызық көп
күндер,
Алты жасқа
жеттіңдер.
Барасыңдар
мектепке,
Бір белестен
өттіңдер.
Өсті міне
бойларың,
Өсті ақыл –
ойларың.
Қуанышқа
ортақпын,
Құтты болсын тойларың! - деп,
даярлық топпен қоштасқалы отырған, бітіруші түлектерді қошеметпен
ортаға шақырайық. Балалар музыкамен
келеді.
Санамызда өзің берген өнегең –
деп, бүгін қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебізін
тыңдасақ.
Димаш: Қуанамыз,
сыйлаймыз,
Қуаныштың мың
гүлін.
Алғашқы топты қимай
біз,
Қоштасатын күн
бүгін.
Ақерке: Өз үлгіңді
ұстаймын,
Айтқаныңнан
шықпаймын.
Мен балапан
құстаймын,
Баулыдың сен
мұғалім.
Бикон: Жеті жасқа
толамыз,
Әдепті бала
боламыз.
Ата – ананы
қуантып,
Кілең бестік
аламыз.
Мөлдір: Қуанышты,
көңілді
Нағыз жақсы
мереке.
Шығарып салмақ
мектепке.
Ән: Әрқашан күн
сөнбесін.
Көрініс:
«Портфель»
Тәрбиеші: Айналайын
балалар,
Алда мектеп – ана
бар.
Өздеріңнен
өседі,
Өнерпаздар, даналар. - деп,
балалар бүгінгі мерекеге арналған тақпақтарын айтып
береді.
Айым
«А»әрпі: Ата – ананың
тілегі,
Адам болып
өскенің,
Адамдықтың
тірегі,
Адал болып
өскенің.
Арман
«Ш»әрпі: Шананың да, шардың
да,
Мен алдында
тұрамын.
Менен ғана
басталар,
Шұғыла да, шалғын
да.
Назерке
«Р»әрпі: Раушан гүлін,
Раушан
Өте жақсы
көреді.
Үй маңына болсын
сән,
Деп өсіріп
келеді.
Жаныбек
«Т»әрпі: Түлкі, тазы,
тотықұс,
Тырнаны оған
қосыңыз.
Басталар «Т» - дан
басталар,
Терек, тарақ,
тасыңыз.
Айзере
«Л»әрпі: Тастан тасқа
секірген,
Ұзын салпаң
құлақты.
Қойдан маза
кетірген,
Кім білмейді
лақты.
Ерназар
«У»әрпі: Уық деген
немене,
Уыз жегің
келеме.
Қай әріптен
атаулар
Басталып тұр
атаңдар?
Тәрбиеші: Кішкене ғана
балдырғандар,
Сүйсе мейір
қандарғандар.
Ән салмақшы
біздерге,
Өнерлі біздің
балақандар.
Ән: Әліппе.
Тәрбиеші: Қазір балалар
сендермен «Ия, ия», «Жоқ,
жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сұрақ
қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай ия немесе жоқ деп жауап
бересіңдер.
-
Мектепке біз барамыз
ба?
-
Кілең бестік аламыз
ба?
-
Айтқан тілді аламыз
ба?
-
Ақылды бала боламыз
ба?
-
Нан жеймін деп жылаймыз
ба?
-
Ертеңгісін тұрамыз
ба?
-
Сабақта отырып, ұйықтаймыз
ба?
-
Ойыншықтармен ойнаймыз
ба?
-
Екі алғанда жылаймыз
ба?
-
Оқушы біз боламыз
ба?
Ата – аналармен
де «Ия, ия», «Жоқ,
жоқ» ойынын
ойнайық.
-
Балаңызға әрқашан тірексіз
бе?
-
Сабақ оқып, есепке сіз
жүйріксіз бе?
-
Тамағын уақытылы бересіз
бе?
-
Төзімділікке сіз әр уақыт
төзесіз бе?
-
Сериал көріп жатасыз
ба?
-
Ұрып, нұқып үйретуге барасыз
ба?
-
Оқыту мұғалімнің жұмысы деген
кері тартпа сөзді айтасыз ба?
-
Сен оқыт, мен оқытып, шаршадым
деп ұрысуға дайынсыз ба?
-
Балаңыз үшін балаларды соғасыз
ба?
-
Бала үшін асулардан асасыз
ба?
Көрініс: «Емхана» Драма
сабағынан
Тәрбиешінің
тапсырмасы.
Сауат ашу сабағы
бойынша:
Математика сабағы
бойынша:
Ән: Ертегілер
елінде. Орындайтын: Нұрсейітқызы
Аяжан.
Тәрбиеші: Өткізіп қызық
күндерді,
Мектепке кетіп
барады.
Тақпақ айтып
тамсанып,
Қимай кетіп барады.
(Тақпақтар)
Мейіржан 1 –
саны: Мені келсе
білгің
Мен таяқша
бірмін.
Барлық санға жол
бастап,
Ең басында
тұрамын.
Айару 2 –
саны: Бірден кейін
тұрамын,
Бірден кейін
тұрағым.
Бірді бірге
қосқанда,
Мен шығамын
шырағым.
Әмірхан 3 –
саны: Екіден соң
әрқашан,
Үш саны мен
тұрамын.
Орныма
барамын,
Екі айшық
саламын.
Ойын: «Кім жылдам сөз
табады?»
Музыка ойналады, ортаға
әріптер тасталады. Музыка тоқтағанда әріп үстіне тұра қалады және
сол әріпке сөз айтады.
Би:
Вальс.
Тақпақ:
Аяжан
Сен үйреттің
сөйлеуді,
Сенде ойым
есейді.
Мектепке мен
барамын,
Даярлығым, қош
енді.
Құшағыңда
жарқылдап
Өтті сәби
күндерім.
Мектепке барам мен
енді,
Даярлығым, қош
енді.
Қолыма гүл
аламын,
Дайын дәптер -
қаламым.
Қуанышпен
шаттана,
Мен мектепке
барамын.
Біздер жеті
жастамыз,
Сәбиліктен
асқанбыз.
Мектеп бізді
шақырады,
Қош бол, әсем
даярлық.
Мейіржан: Біріншіге
барамын.
Тәрбиеші: Сіздерге бүгінгі көңілді көңіл
күйімізді тарту ете отырып, барша бүлдіршіндерге бақыт, ашық аспан,
жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктер мен
сәттіліктер тілейміз.
Балалардың білімі құтты
болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты
болсын.
Білімдерін әрі қарай
дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор күшті
болсын!
Мектеп есігі әрқашан ашық
болсын,
Біріншіге баратын қадамдарың
құтты болсын!
Осымен,
«Біз мектепке
барамыз!» атты ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.
№1 Жамбыл атындағы орта
мектебі
Біз мектепке
барамыз!
Ертеңгілік.
Мектепалды даярлық
тобы.
Тәрбиеші: Ахметова А.
Ж.
2017ж.