400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Біз мектепке барамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Shape1

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№13 балабақша тәрбиешісі
Инкарбаева Панза Рахымжанқызы.




Білім беру саласы:
«Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі:
Сөйлеуді дамыту, Құрастыру, Сурет.
Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз»
Мақсаты: Балалардың білімдерін тиянақтау, берілген тапсырманы ынта- жігермен орындауға үйрету. Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін, ой- қиялын, сөздік қорын дамыту.
Сөздік жұмыс: Оқу құралдары
Билингвальды сыңары:
кеме- коробль, мектеп- школа, қалам- қарындаш, қаламсап- ручка.
Заттық дамыту ортасы:
түрлі- түсті бояулар, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Шаттық шеңбері
Армысың, шапағатты Күніміз!
Армысың, мейірімді Жеріміз!
Армысың, сүйікті Балабақшам!
Армысың, бірге ойнайтын Достарым!

Ұйымдастырушылық- ізденістік:
-Балалар, сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма? (Иә)
-Мектепке барғанда сендерді кім деп атайды? (Оқушы)
-Мектепке бару үшін сендерге не қажет? (Дәптер, кітап, қаламсап, қарындаш, сызғаш, өшіргіш, т.б.)
-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? (Мектеп құралдары)
Тосын сәт: Есіктен оқу құралы кіріп келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мені шақырдыңдар ма? Өз есімімді естіп, сендерге қонақ болып келіп қалдым.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, оқу құралы, кел, төрлет. Біздің балалар мектепке баруға дайындалып жатыр.
Оқу құралы: Жарайсыңдар, балалар! Мектеп- кеме, білім- теңіз. Мектепте білім алу өте қызықты, әрі жауапты іс. Олай болса, мектепке дайын болсаңдар, білімдеріңді тексеруге рұқсат етіңіздер.
1- тапсырма.
«Логикалық тапсырма»
-Әділ өзімен бірге мектепке не алып барады?
20180515_154427.jpg
Балалар суретке назар салады, оқушыға қандай құралдың қажет екенін аңғарып, құралдарлы сызық арқылы Әділге қосаады.
2- тапсырма.
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Екіге)
-Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз, дауыссыз дыбысты ше?
(Дауысты дыбысты қызыл текшемен, дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз).
Сөздік ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
20180515_154238.jpg 20180515_154351.jpg
Балалар ойын шартын түсініп, қызыға ойнайды.
-Өшіргіш «ө» дыбысынан басталады.
-Көбелек «к» дыбысынан басталады.
-Алма «а» дыбысынан басталады.
-Қаламсап «қ» дыбысынан басталады.
-Асық «а» дыбысынан басталады.
-Жүзім «ж» дабасанан басталады.
-Кітап «к» дыбысынан басталады.
-Гүл «г» дыбысынан басталады.
3- тапсырма.
Сергіту сәті
Балалар би қимылдарын жасап, бойларын сергітеді.
4- тапсырма.
Пішіндерді еске түсірейік.
Шатасқан пішіндерді сана.
20180515_160447.jpg
Шегелердің түстеріне қарай резіңкелерді орналастыр. Қандай геометриялық пішіндер шығады?
Ненің бейнесін құрастырдыңдар? (Кеменің)

20180515_154452.jpg 20180515_154439.jpg

5- тапсырма.
Суреттегі ертегі бойынша атын табу.
Слайдтан түрлі ертегі кейіпкерлері шығады.
Балалар слайдтағы ертегі кейіпкерлеріне қарап, қай ертегі екенін атайды.

6- тапсырма.
Шығармашылық жұмыс.
Дәстүрден тыс әдіс тұзбен сурет салу. Алдын ала жүргізілген жұмысты түрлі- түсті бояумен жалғастыру.
Тұзбен оқу құралдарын салу.
Қортынды:
Балалардың бүгінгі оқу қызметінен алған сезімдерімен бөлісу. Балаларды мақтап, мадақтау.


Күтілетін нәтиже:
Біледі:
пішіндердің атауын атауды, сан санауды, сөздің қай дыбыстан басталатынын, әріптерді танып, ажырта біледі;
Меңгереді: жыл бойғы алған білімдерін толық меңгереді;
Жасай алады:
ойын тапсырмаларды түсініп орындайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
1630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі