400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Біз мектепке барамыз!" қоштасу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбы балалардың жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін көрсетіп, ортаға салу. Балалардың сөздік қорының тілін, ой-өрісін кеңейту. Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу. Мақсатым, әріптестеріммен тәжірибе бөлісу, қоштасу кешін жоспарлы түрде көңілді өткізуге ат салысу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДАЯРЛЫҚ ТОППЕН ҚОШТАСЫП, БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ

Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Байкенжеева Айгүл

Тақырыбы:  Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.
Әдісі:  Ертеңгілік.
Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )
–  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, 
«Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Өсті міне  бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпын,
Құтты  болсын тойларың!
       ҚР Гимні айтылады
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
1 оқушы:
Ержан
Нағыз білім ырыс  бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз  дұрыстап.
2 оқушы:
Әдемі
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге  барамыз.

3 оқушы:Нұрбол
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

4 оқушы:Айдана
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
5 оқушы:
Ахан
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.

Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен,өлеңдермен, жаңылтпаштармен өнерлерін ортаға салмақ.

 І тапсырма   Сұрақтарға  жауап  беру.
ІІ  тапсырма   Сауат ашу  сабағынан
ІІІ  тапсырма   Математика  сабағынан.
ІҮ  тапсырма  Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.

І тапсырма
– Біз қай елде тұрамыз?  ( Қазақстан)
– Сендердің  ауылдарыңның аты қалай  аталады? (Бейнеу)
–  Мектептің   аты қалай аталады? (Манашы)
– ҚР  рәміздерін  кімдер атап береді? (ТУ, елтаңба , ән ұран)
–    Неше  жыл мезгілі бар? ( 4. Күз, көктем, қыс жаз.)
–    1 аптада неше күн бар? ( 7күн)

Ж а р а й с ы ң д а р    б а л а л а р !
ІІ тапсырма
–         Дыбыстар нешеге  бөлінеді?
–         Дауысты дыбыстарды  қандай текшемен белгілейміз?
–         Дауыссыз    дыбыстарды ше?
–         Жаңылтпаштар кім айтады?

АShape1

Я

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

Ж

Т

Ұ

Ю

л олай болса « Сөйлеуді дамыту» патшалығына барып алма теру ойынын тамашалайық. ( Алмадағы әріптерді оқып қандай дыбыс екенін айтып сол дыбысқа жаңылтпаш айтамыз)




ӘН: « Әке мен ана» Әні (орынандайтын Нұртілеу.Айару.Бексұлтан.Айдана.Ұлболсын. қалған оқушылар қайырмасына қосылады)
ІҮ  тапсырма

Ағылшын, орыс тілде біздер сөйлей білеміз

  1. Жақсылық.М. 2.Ұлболсын 3. Айару. Орыс тілінде тақпақтары

  2. Ағылшынша санау

ONE TWO THREE FOUR FIVE SIX SEBEN EIGHT NINE TEN

Сұрақ- жауап

Кітап – Book . Қалам – Pen . Әже – Grandmathe . Ата – Granlfathe

  БИ:  ортаға  ұлдар тобын шақырамыз.

Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
ӘН: « Ұстаз – Ана» ( Орындайтын Гүлдана. Аяжан. Жомутбай Нұрай.)
 
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Қорытынды 
–  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

Ортаға Ата-аналар тілегін қабыл алайық.

 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі