400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз миллиондаған Панфиловшилар мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысының 75 жыл мерей тойына орай жазылған Панфиловшылар,соғыс турулы,майденгерлер туралы жазылған.Бұл материал әрене мұғалемдерге тәрбие сағатыға керек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біз миллиондаған панфиловшылармыз»: Алматы естелік штандартын Екатеринбургқа табыстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Біз миллиондаған Панфиловшылармыз» халықаралық естелік штандартын Екатеринбург қаласына салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.Жиынға қала тұрғындары, құрметті қарауыл жасағы, Ұлттық Гвардия, аэроұтқыр әскери жасағы, әскери-үрлемелі аспап оркестрі, генерал Панфилов атындағы №54 мектеп оқушылары қатысты. Жиналғандар 28-Панфиловшылар паркіндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. «Бұл тек Алматы үшін ғана емес, Қазақстан үшін де мерейлі оқиға. Соңғы уақытта түрлі қауесет тарап жатыр. Оның ерлігі тарихта болмаған деп. Ресей мен Қазақстан тарихшылары жаппай ерлікті қазақстандықтар жасағанын дәлелдеді. Ешкім Мәлік Ғабдуллиннің, Төлеген Тоқтаровтың ерлігін жоққа шығара алмайды. 17 танк жойғыш, 11 сапер туралы да тарихта жазылған. Сондықтан, қазақстандықтардың бойында жеңімпаздың қаны ағып жатыр», - деді генералдың немересі Алуа Байқадамова. Ресми бөлімнен соң жиылған қауым Офицерлер үйінде Панфилов дивизиясының ерлігіне арналған фильмді, концертті тамашалады. Айта кету керек, акция Орынборда басталды. Төртінші қала ретінде Алматы штандартты Новосібірден қабылдап алған болатын. Бүгін Екатеринбург қаласы алып жатыр. Одан әрі естелік штандарты Қырғыз Республикасы, Тәжікстанға сапар шегеді. Бұл акция қараша, желтоқсанда Волоколамск қаласында аяқталады. 20 ақпанда аталған оқиғаға орай Алматы әкімдігінің, қалалық қорғаныс ісі бойынша департаментінің бастамасымен жауынгерлер шеруі өтеді.

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ. ҰОС басталғанына 75 жыл - шолу

2016 жылғы 22 маусым 00:01

Бөлісіңіз: 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Ұлы Отан соғысы басталғанына 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы - қазақтар.

Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары нақты айтқанда, 1946 жылы Құдайберген Сұрағанов, 1965 жылы генерал Сабыр Рахымов, ал 1990 жылы Бауыржан Момышұлы алды. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, ал Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі И.Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа лайықты деп танылды. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Бұл соғысқа Қазақстан Кеңестер Одағының бір бөлігі ретінде қатысты. Қазақстан соғыс уақытында майдан қажетіне қарай бейімделді. Көптеген әскери дивизиялар мен бригадалар, артиллерия, миномет, авиация полктері және дербес батальондар құрылды. Қазақстан жауынгерлері кеңес-герман майданының шешуші шайқастарына қатысты. Соғыстың алғашқы сәтінде шекара шебіндегі Брест қорғанысын қорғаушылар қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. 1941 жылғы қыркүйектің аяғында басталған Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал И.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсті. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-гвардияшыл атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Мәскеуді қорғауда панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.Вихров, М.Ғабдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиев ерлік көрсетті. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі 1941 жылғы 9 қыркүйектен бастап Ленинградты қорғауға қатысты. Қазақстан 1942 жылдың жазында Сталинград шайқасының ең жақын тылына айналып, соғыс қимылдарына Батыс Қазақстандағы темір жол стансалары мен елді мекендер кеңінен тартылды. Курск шайқасында және басқа да майдандарда қазақстандық құрамалар мен бөлімдер болды. Балтық бойы республикаларын, Украина мен Белоруссияны, Шығыс Еуропаны азат етуге және Берлин операциясын жүзеге асыруға қазақстандық жауынгерлер де қатысты. Қазақстандықтар партизан соғысына да белсене қатысты. Ленинград облысындағы шайқастарда - 220, Смоленск жерінде - 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда - 3000-дай қазақстандық ерлік көрсетті. Бұлардың ішінде Қ.Қайсенов, Ғ.Ахмедияров, Б.Жангелдин, Ә.Шәріпов, Н.Байсейітова мен Т.Жұмабаева, Ж.Саин, Ғ.Омаров сияқты қазақтың ұл-қыздары болды. Партизандар командирлері А.Егоровқа, Н.Зебницкийге және Ф.Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 300-дей қазақстандық Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысты. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін қазақстандық жауынгерлер Квантунь армиясына қарсы шайқасты. Қазақстанның табиғи байлығы Қызыл Армияны әскери техникамен жарақтандыруда маңызды рөл атқарды. КСРО ХКК мен БК(б)П ОК-нің 1941 жылғы 16 тамыздағы қаулысы Қазақстанның 1941 жылдың 4 тоқсаны мен 1942 жылға арналған әскери-шаруашылық жоспарын белгіледі. Осы қаулыға сәйкес республика экономикасы соғыс мүддесіне бағытталды. Республика әскери өндіріс үшін қажет мыс, қорғасын, металл, висмут, молибден, полиметалл кендерін өндіруде жетекші орында болды. Марганец, вольфрам, никель, т.б. өндіру жолға қойылды. Қазақстанның қорғаныс зауыттары қару-жарақ пен оқ-дәрі жасаудың жаңа үлгілерін игерді. Қарағанды кеншілері өнеркәсіп пен көлікті көмірмен қамтамасыз етті. Орал - Ембі мұнайлы аудандарының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 пайызға арттырды. Электр қуатын өндіру 2 есе дерлік өсті. 1941-1945 жылдары барлығы 460 жаңа өндіріс орны салынды. Бұлардың қатарында соғыс жүріп жатқан аудандарда Қазақстанға көшірілген 142 кәсіпорын қысқа мерзім ішінде орналастырылып, іске қосылды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен жабдықтады. 1942 жылы мал басы 2 млн-ға, егіс көлемі 8 млн гектарға жуық арттырылды. Республика 1941-1945 жылдары 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түлік берді. Соғыс жылдары республика еңбекшілері майданға киім-кешек, азық-түлік жіберіп, жеке азаматтардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар жасалды. Республика халқының майдан қажетіне ерікті жинаған қаржысы 4 700 млн сом болды. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні Қазақстан мен ТМД-да ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де кеңінен атап өтіледі. Бұл жыл сайынғы аталып өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орны бар. Біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің нышаны ретінде атап өтеді. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдығы құрметіне елімізде көптеген шаралар өткізілді. Бүгінде қатары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше. Республикамыздың түпкір-түпкірінде еске алу вахталары, әртүрлі акциялар, ардагерлермен кездесулер өтті.

Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. «ҚазАқпарат» осы қайғылы дата қарсаңында ақпарат агенттігінің сайтында биылғы жылы жарық көрген ең қызықты материалдарына шолуды ұсынады.

***

Оралда 101 жастағы майдангерді Ұлттық ұлан күнімен құттықтады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланының күні қарсаңында Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың атынан оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов Орал қаласында тұратын 101 жастағы Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдарының ардагері, доғарыстағы полковник Семен Данилинді аталмыш мерекемен құттықтады.«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полковник М.Сатов бас қолбасшының құттықтау хаты мен бағалы сыйлығын табыс етті. Майдангердің қызы Татьяна Семеновна бас қолбасшыға құттықтауы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Ұлттық ұланның құрылған күніне орай осындай құттықтаулар ҚР ішкі істер органдарының барлық ардагеріне жіберілген. Семен Акимович Данилин 101 жастан асса да, әлі тың, жігерлі. Осы жасқа жетуінің өзі жасынан әскери тәртіпке үйреніп, денсаулығын шыңдап, күткенінің арқасы деп біледі. Ол әскери қызметкерлерге сыйлықтары үшін алғысын айтып, өз өмірі туралы қысқаша әңгімелеп берді. Сырнайын қолына алып, ән де салды. Курск облысында 1914 жылы 30 қыркүйекте шаруа отбасында дүниеге келген С.Данилин әкесінен ерте айырылды. Өзі өмір есігін ашқан жылы бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан еді, әкесі содан оралмады. Анасы бұл қазаны көтере алмай, өмірден ерте кетті. Ағасы Андрей мен Семенді ата-әжесі тәрбиелеп өсірді. Жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін педтехникумда білім алған Семен Данилин соғысқа дейін тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Үйленіп, 1939 жылы үлкен қызы Галина өмірге келді. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ дерлік қатысып, 1942 жылы Брянск әскери-саяси училищесінің курсанттығынан 143-гвардиялық миномет полкы батальон командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасарлығына дейінгі жолдан өтті. «Қызыл Жұлдыз», екінші дәрежелі Отан соғысы ордендері, көптеген медальдармен марапатталды. «Саяси жетекші ретінде жауынгерлерді талай рет шабуылға көтеруге тура келді. Ол үшін сөз таба білу де керек еді. Сталинград түбіндегі, содан кейін Курск иініндегі алапат шайқастар есімде. Тіпті Курск иініндегі ұрыста оқ кеудемдегі «Қызыл Жұлдызға» тиіп, орден мені бір ажалдан сақтап қалды», деп еске алады майдангер. Соғыстан кейін Семен Данилин Алматыда, кейін Қарағандыда ішкі әскерлер полкі командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. Қызы Татьяна Оралда тұрғаннан кейін зайыбы Анна Павловна (қазір марқұм) екеуі осында көшіп келді. «Біз, ең бастысы, көп ұлтты Қазақстанда тату-тәтті өмір сүрудеміз. Еліміз қарқынды дамып келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтай Елбасымыз барда бәрі де жақсы болады», деді С.Данилин.


Жамбыл облысының әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеген Бақтыбаевты Жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.Аймақ басшысы ардагерге теледидар мен сыйлықтар салынған себетті, ақсақалдың жары Рахима апаға гүл шоғын сыйлады. ҰОС ардагері Сталинград пен Курск маңындағы қанды шайқасқа қатысқандығын баяндап берді. «Красноярск қаласында тоғыз ай бойы госпитальда жатып, кейін 1944 жылы Жамбылға оралдым», - деп еске алды Төлеген ата. Соғыстан кейін ардагер тарих пәнінен сабақ беріп, 30 жыл мектеп директоры қызметін атқарған. Мұғалімдік қызметтің бірінші жылында мектептегі оқуын аяқтағалы жатқан Рахиманы ұнатып, үйленген. Жары кейін мектепте кітапханашы болып қызмет етті. Екеуі бес қыз бен алты ұл тәрбиеледі. Қазір оларда 35 немере мен 36 шөбере бар. Төлеген ата мен Рахима апа балалары мен немерелерін мақтан тұтады. Олардың арасында экономика ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, математик, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, заңгерлер, сәулетшілер бар. «Біз Қазақстанның патриотымыз, - дейді ардагердің қызы Раушан Мақұлова. - Әкемнің балалары мен немерелерінің бірі де жақсы өмір іздеп шетелге кеткен жоқ». Кәрім Көкірекбаев Бақтыбаевтар жанұясын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, денсаулық пен елімізге бейбітшілік тіледі. Ақсақал билік тарапынан көңіл бөлініп жатқанына алғыс айтты. «Саусақпен санарлықтай соғыс ардагерлері қалды. Бізді естен шығармай, бағалайтынына разымын, - деді Төлеген ата. - Биыл Астанада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысқанда бұған тағы бір рет көз жеткіздім».



90 жастағы майдангер И. Ғалиуллин Т-72 танкісін жүргізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысы ардагерінің тілегін орындады. «Астана» өңірлік қолбасшылығында «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында Ұлы Отан соғысының ардагері, танкіші Исмагил Ғалиуллин жас әскери қызметшілерге шеберлік сыныбын өткізді. Сексеннің сеңгірінен асып, тоқсан жасқа келгеніне қарамастан, жауынгерлік машинаны басқару дағдысын жоғалтпай ардагер Т-72 танкісінің иінтірегіне отырды,деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Қазіргі кезде армияның жарағында анағұрлым ауыр құрышты, қару-жарағы мен техникалық тұрғыда жабдықталған заманауи жауынгерлік машиналар бар екенін айта кетейік. Алайда, танкіші ардагер үшін жаңа техниканы меңгеру аса бір қиындық туғызған жоқ. 90 жастағы Исмагил Ғалиуллин Ұлы Отан соғысы жылдары танкіші болды және өзінің қызмет еткен жылдарын есіне түсіргісі келді. «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері ардагерге бұл жайтты есіне алуға көмектесті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ғалиуллин аты шулы Т-44-те шайқасты. Бүкіл Еуропаны артқа тастап, майдан жолын Берлинде аяқтады. Жақында ғана Ұлы Отан соғысының батыры өзінің 90 жылдығын атап өтті. «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов ардагерді құттықтап, бағалы сыйлық табыс етті. «Исмагил Нигматұлы, біз Сізге ұзақ ғұмыр тілейміз және әрқашан көмектесуге дайынбыз. Бүгінгі таңда Сіз сияқты Ұлы Отан соғысының батырлары өте аз. Біз ерлігіңізді ешқашан ұмытпаймыз», - деп атап өтті қолбасшы өз сөзінде.

Петропавлда 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлерін еске алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жыл сайын 27 қаңтарда петропавлдықтар 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ескерткішіне келіп Ленинградты блокадалау кезінде қаланы қорғаған сарбаздарды еске алып, құрмет білдіреді. Жиналғандардың арасында сол оқиғалардың куәгері болағндар да бар.«Анамыздың үш баласы болғанбыз, себебі біз қызы Ленинградта қайтыс болған. Сол кезде ол төрт жаста еді. Өте ауыр болды. 125 грамм наннан басқа ештеңе берілмеді. Біз тіпті анамызға да сенбейтінбіз. Өзіміздің нан карточкаларымызды сұрап алып, дүкенге баратынбыз», - деп бөлісті блокадалы Ленинградтың тұрғыны Любовь Яковлева. Петропавлда ленинградтық блокаданың тірі куәгерлерінен небәрі 11 адам қалған. Жиналғандар қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Б.Момышұлының көптомдық шығармалар жинағының келесі 15 томы дайындалуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының көптомдық шығармалар жинағының келесі 15 томы дайындалуда. Бұған дейін оның 30 томы жарық көрген болатын. Аталған оқу орнының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге қарағанда, көптомдықта қазақтың көрнекті жазушысы, даңқты қолбасшы туралы естеліктер, драмалық шығармалар, арнаулар, поэмалар мен балладалар топтастырылған. 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38-ші томдарда Б. Момышұлы туралы есімі елге белгілі қаламгерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің естеліктері жинақталған. Олардың қатарында Мамытбек Қалдыбаев, Дмитрий Снегин, Әзілхан Нұршайықов, Тахауи Ахтанов, Тәкен Әлімқұлов, Тұрсын Жұртбай, Мырзатай Жолдасбеков, Бахытжан Момышұлы, Мекемтас Мырзахметұлы, Мұхтар Шаханов, Қасым Қайсенов, Шерхан Мұртаза, Ғабит Мүсірепов, Зейнеп Ахметова, Әкім Тарази сынды азаматтар бар. Ал 39-томға Мәлік Ғабдуллинның «Бауыржан Момышулы» атты орыс тіліндегі очеркі берілген. Батыр туралы драмалық шығармалар 40, 41-ші томдарда. Онда Шерхан Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған», Жәркен Бөдештің «Жұлдызтас» және өзге де жазушылардың туындылары бар. 42, 43-ші томдарда жалпы саны 200 арнау өлең топтастырылған. 44-ші томда поэмалар, 45-ші томда жыр, балладалар жинақталған. «Бүгінгі күнде 15 том баспаға толықтай дайын деуге болады. Жалпы, дүние жүзінде Баукең туралы жазылған еңбектер өте көп. Солардың бәрін жинап, аудару қажет. Осыларды реттесек, батыр ағамыздың 100 томдығын шығаруға мүмкіндігіміз бар», - дейді «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабаев. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарованың қолдауымен орталық бүгінде Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы Бауыржан Момышұлымен қарым-қатынаста болған қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар басқа да өнер адамдарының жеке қорларындағы Баукеңе байланысты архивтік құжаттарды жинақтау үстінде. Айта кетейік, ғылыми орталық Б. Момышұлының мұраларын жинау, зерттеу және басып шығару бағытында жұмыс атқарады. Жуырда «Легендарный батыр» деген атпен естелік кітабы мен «Фотоқұжаттық альбомын» көпшілік назарына ұсынылған болатын.


93 жастағы Ғ. Ергешов соғыс ардагері куәлігіне 70 жылдан кейін қол жеткізді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қарт жауынгер соғыс ардагері куәлігіне 70 жылдан кейін қол жеткізді. Ғани Ергешов ақсақал осылайша қаладағы ресми тіркелген 158-соғыс ардагері атанып отыр. 93 жастағы қарттың Ұлы Отан соғысына қатысқанын дәлелдеу үшін осынша жыл қажет болды, деп жазады otyrar.kz. Енді қарияның көнетоз костюмінің төсінде соғыс ордендері мен медальдары жарқырап тұр. Бірақ, бұған дейін осы төсбелгілердің өзі соғыс ардагері мәртебесін бере алмаған. Себеп - әскери билеттің жоғалуы. Ардагер ұрыстың бірінде ауыр жараланып, госпитальға түскенін айтады. Есін жиса, әскери билеті жоқ. -Мені госпитальға жеткізген санитарлар әскери билетті алған. Ары қарай қайда қойғандарын ешкім білмейді, - деп еске алады Ғани ақсақал. -Кейін сол госпитальдан басқасына ауыстырды. Елге 1947 жылы оралдым. Келе сала құжатымды қалпына келтіру үшін әскери комиссариатқа барсам, ондағылар ресми сұраныс жіберу керек дейді. Сөйтіп, бір-екі барған соң ол жаққа мүлде аяқ баспай қойдым. Ал қарттың немересі атасы үшін іздеуге кіріседі. Ол әділеттілікті қалпына келтіруде көздеп, әскери комиссариатқа барған. Жауап 6 айдан кейін келді. - Біз Ресейдің Подольск қаласындағы орталық архиві мен Санкт-Петербордағы әскери-медициналық музейге сұраныс жібердік, - дейді Шымкент қалалық қорғаныс істері басқармасының ардагерлермен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы Дариға Қожамұратова. - Ол жақтарда соғыста жарақат алған жауынгерлердің барлық құжаттары сақталады. Содан, 2016 жылдың қаңтар айында Ресейден мұрағат анықтамасы келді. Онда «Қызыл армия сарбазы Ғани Ергешов Ұлы Отан соғысында әскери ұрыстарға қатысты және жағына жарықшақ тиіп, жарақат алған» деп жазылған. Осы анықтама негізінде қарт жауынгер Ғани Ергешов ардагер куәлігіне қол жеткізді. Енді, Дариға Қожамұратованың айтуынша, қарияға соғыс ардагерлері қолданатын барлық жеңілдіктері тиесілі.


Жоғары әскери оқу орындарының біріне тұңғыш генерал Ш.Жексенбаевтың есімі берілсе дейміз - Е.Айталиев

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты жоғары әскери оқу орындарының біріне қазақтан шыққан тұңғыш техникалық әскерлердің генерал-майоры, көрнекті қайраткер Шәкір Жексенбаевтың есімі берілсе дейміз. Бұл туралы Орал қаласында тұратын генерал ұрпақтарының бірі, техника ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті информатика кафедрасының меңгерушісі Ермек Айталиев мәлім етті.Оның айтуынша, биылғы 28 ақпанда генерал-майор Шәкір Жексенбаевтың (1901-1988) туғанына тура 115 жыл толмақ. Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөкей ордасы ауданы Қаракөл-Шоңай маңында өмір есігін ашқан генерал Ұлы Отан соғысынан кейін Мәскеуде тұрғанымен, туған жерімен байланысын үзген жоқ. Сол келген кездерінде өзі еске алғанындай, Адай руының кеңшалбар бөлімінен тарайтын Қолөткенов Жексенбайдан үш ұл, екі қыз өрбіген. Ұлдары Айталы, Орынбай, Шанабас. Шәкір мен Сәтбай Айталыдан туған. Шәкірді қарт анасы Айғаным бауырына басқандықтан, ол Жексенбаев, Жексенбайұлы болып жазылған. Нулы да сулы Шоңай көлін қазан төңкерісіне дейін хан тұқымдары Махамбет, Науша, Нәреш, Сұлтан, Ибраш, Сәлім (шын аты Сәлімгерей) Бөкейхановтар жайлаған. Осы маңдағы ең биік те сәнді ғимарат Махамбеттің қарағай үйі болған (Махамбет пен Науша Бөкейхановтардың атақты күйші екені де мәлім). Жалпы, Шоңай көлінде жиырмадан астам рудың екі жүздей шаңырағы түтін түтеткен. Шоңай көлінің шығыс бетіндегі 6-7 шақырым қашықтықта Тастөбе аталған жерде Жексенбайдың жазғы орны болған. Табиғаты ерекше, айнала көк шалғын. Жазда киіз үйлер тігілген. Соның бірінде 1901 жылы Шәкір шыр етіп жерге түскен. Алдымен Шоңай көліндегі бастауыш мектепке жаяу барып оқыған жасөспірім 1912-1917 жылдары Ордада білім алады. Тіпті осындағы педагогикалық училищенің 1 курсын тәмамдап үлгереді. Ағаларына ілесіп, Басқұншақ тұз өндірісінде жұмыс жасаған Шәкір 1919 жылы 20 маусымда дәл осы Шоңайдың көк шалғын жерінен атқа отырып, Ордаға біржола аттанады. Анасы Жәмила көз жасын көл қылып, қимай шығарып салады. Бұл Хан ордасында жаңа өкімет орнап, қазақтың тұңғыш атты әскер полкі ұйымдастырылып жатқан кез-тін. Шәкір Жексенбаевтың әскери өмірі осылайша басталған еді. Генералдың өз қолымен жазған өмірбаянына қарағанда, аталмыш полктің курсанты болып қабылданған жас жігіт кейін атты әскер эскадроны құрамында Орынборға ауысады. Борисоглебск атты әскер курсында оқып, 1920 жылы 30 маусымда командир атағын алып, І дербес қазақ атты әскер дивизионына оралады. Әуелі взвод командирі, кейін эскадрон командирінің көмекшісі болған Шәкір Жексенбаев арнайы жолдамамен Бас штаб академиясында төрт жыл оқып, 1924 жылы жоғары әскери білім алып шығады. Қызмет баспалдағымен өрлеген қазақ жігіті рота командирлігінен Қазақ АССР Орталық атқару комитеті атындағы біріккен әскери мектептің оқу бөлімінің бастығы, Қазақстан әскери комиссариаты саптық бөлімінің бастығы, Белорус әскери округі 37-атқыштар дивизиясы 110-атқыштар полкінің штаб бастығына дейін көтерілді. Ал 1930-1931 жылдары Жоғары химиялық академиялық курсында оқып шыққаннан кейін әскери өмірінің жаңа кезеңі басталды. Яғни химиялық қызметке ауысқан ол 1932 жылдан бастап осы қиын саланың ауыр жүгін қайыспай көтерді. Былайғы жұрт қыр-сырына қанық болмаса да, әскерде химиялық қорғаныстың маңызы зор еді. Ұлы Отан соғысына дейін-ақ біраз лауазымды қызметтің басын қайырып үлгерген Шәкір Жексенбаев бірнеше майданның химиялық қорғау саласын басқарысуға тікелей қатысып, ерекше көзге түседі. Химиялық қарудың аса қауіпті әрі зардабы зор екендігін түсінген әскери басшылар Бас қолбасшы И.В.Сталиннің 1941 жылғы 13 тамыздағы №0285 бұйрығы негізінде арнайы әскерлерді қайта құра бастады. Ұйымдастырушылық жұмыстардың басы-қасында жүрген полковник Ш.Жексенбаев 1941 жылғы 28 қазанда Брянск майданы химиялық қорғаныс бөлімінің бастығы болып тағайындалып, осы қызметті 1943 жылғы қазанға дейін абыроймен атқарды. Соның дәлеліндей қолбасшы тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін сол жылғы 11 наурызда Қызыл ту, 23 қыркүйекте бірінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталып, 16 қазанда техникалық әскерлердің генерал-майоры атағы беріледі. Ш.Жексенбаев осындай жоғары атақты иеленген тұңғыш қазақ еді. Қызыл ту - КСРО-да жоғары бағаланған алғашқы ордендердің бірі. Отан қорғауда ерекше батырлығы мен қайсарлық көрсеткені үшін берілетін осынау орденмен Шәкір Жексенбаев бір емес, төрт мәрте марапатталған. Тарих магистрі, батысқазақстандық өлкетанушы Айболат Құрымбаевтың анықтағанындай, оның алғашқысын алған кезде Брянск майданын генерал-лейтенант Мартиниш (Макс) Рейтер басқарған. Ал штаб бастығы, генерал-лейтенант Леонид Сандалов Ш.Жексенбаевқа: «...ерекше жігерлі және ынталы. Әскери тапсырмаларды орындауда майданның бүкіл химиялық әскерлері жақсы дайындықтан өткізілген. Жаудың химиялық шабуылына қарсы дайындық бойынша әскер арасында үлкен жұмыс жүргізілген. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Майданның әскери және арнайы химиялық бөлімшелері жауынгерлерінің химиялық білімдерін шыңдауға сауатты да батыл басшылық жасайды. Өз мамандығына адал, толық берілген білімді әскери қолбасшы. Неміс фашистеріне қарсы шайқастарға жеке өзі де тікелей қатысқан. Мемлекеттің Қызыл ту ордені марапатына лайық» деген мінездеме бере отырып, марапаттау қағазына қол қойған. Ұлы Отан соғысы кезінде химиялық әскерлер аз көзге түскен жоқ. Химиялық әскер бөлімшелері талай құрметті атаққа қол жеткізсе, 28 жауынгері Кеңес Одағының Батыры атанып, мыңнан астамы орден-медальдармен марапатталды. Бір ғана мысал, солардың бел ортасында жүрген Шәкір Жексенбаев дайындап, басшылық еткен фугасты отшашқыш роталар 1942 жылдың ақпанында 13-армия құрамында ерлік көрсетті. Сол жылдың жазында аталған роталар 13-інші және 38-армия құрамында жаудың 9 танкісі мен мыңға жуық солдат-офицерлерін жойған. Сондай-ақ Воронеж-Касторное операциясы (1943 жылғы 24 қаңтар - 2 ақпан) кезінде әскери химик Ш.Жексенбаев шабуыл барысында химиялық реакция нәтижесінде жаудан тасалану үшін қою түтінді 8 шақырым қашықтықта қолданып, кеңес әскерлері жаудың 12 дивизиядан тұратын 2-неміс армиясының қорғанысын шығынсыз бұзған. Бұл операцияға екі жақтан 125 мың адам, 2100-ден астам зеңбірек-минометтер, 65 танк қатынасқан. 17 мың дұшпан қаза болып, 82 мыңы тұтқынға түскен. Курск, Орел, Брянск қалалары азат етілгеннен кейін 2-Прибалтика майданы құрылып, оның да химиялық қорғаныс бөлімін Ш.Жексенбаев басқарады. Кеңес одағы қалалары мен селоларын, соның ішінде Рига қаласын жаудан босатқан әскерлер кейін Ленинград майданына қосылады. Ақыры 1945 жылғы 8 мамырда неміс фашистерінің «Курляндия» тобы да тізе бүгеді. 1944 жылғы қарашада тағы да Қызыл ту, 1945 жылғы 23 ақпанда Ленин орденімен марапатталған қазақ генералының мәртебесі биіктеп тұрған кез еді ол. Қанқұйлы соғыс біткен соң әскерлерді таратып, қайта бөлу, қару-жарақ пен техниканы қабылдаумен айналысқан Ш.Жексенбаевтың өңіріне 1945 жылғы 6 маусымда Лениград майданының қолбасшысы, маршал Л.А.Говоров тағы бір Қызыл ту орденін тағады. Тек Л.А.Говоров қана емес, Ұлы Отан соғысы барысында Кеңес Одағының маршалдары С.К.Тимошенко, Б.М.Шапошников, К.К.Рокоссовский сынды әскери қолбасшылармен қызметтес болып, талай жауапты міндеттерді орындаған қазақ генералы ешкімнен кем емес еді. Соғыстан кейін химиялық қорғаныс саласындағы қызметін жалғастырған Шәкір Жексенбаев білімін жетілдіре түсіп, 1949 жылдан В.В.Куйбышев атындағы әскери академияда дәріс береді. 1950 жылғы мамырда төртінші Қызыл ту орденімен марапатталған генерал-майор әскери кадрларды даярлауға да айрықша еңбек сіңірді. Генералдың жары Нина Ивановна фармацевт болса, ұлы Олег медицина ғылымдарының докторы, микробиолог атанып, жары, дәрігер-окулист Вера Александровнамен осы салада өмірден өткенше талмай еңбек етті. Қазіргі таңда Шәкірден қалған немересі Марина ғана, ол Мәскеу қаласында тұрады. Ал інісі, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жыл Бөкей ордасы ауданында ұстаздық еткен Сәтбай Айталиевтен тараған ұрпақтар, шүкір, баршылық. Осы аудандағы Ұялы ауылындағы мектеп Ш.Жексенбаевтың есімімен аталса, Орал қаласындағы бір көшеге генералдың аты берілген. Биыл қазақ тарихында ерекше орны бар бірегей тұлғаның туғанына 115 жыл толып отыр. Ендеше, халықтың қаһарман ұлына қандай құрмет те артық емес.


«Біз миллиондаған панфиловшылармыз»: Алматы естелік штандартын Екатеринбургқа табыстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Біз миллиондаған Панфиловшылармыз» халықаралық естелік штандартын Екатеринбург қаласына салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.Жиынға қала тұрғындары, құрметті қарауыл жасағы, Ұлттық Гвардия, аэроұтқыр әскери жасағы, әскери-үрлемелі аспап оркестрі, генерал Панфилов атындағы №54 мектеп оқушылары қатысты. Жиналғандар 28-Панфиловшылар паркіндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. «Бұл тек Алматы үшін ғана емес, Қазақстан үшін де мерейлі оқиға. Соңғы уақытта түрлі қауесет тарап жатыр. Оның ерлігі тарихта болмаған деп. Ресей мен Қазақстан тарихшылары жаппай ерлікті қазақстандықтар жасағанын дәлелдеді. Ешкім Мәлік Ғабдуллиннің, Төлеген Тоқтаровтың ерлігін жоққа шығара алмайды. 17 танк жойғыш, 11 сапер туралы да тарихта жазылған. Сондықтан, қазақстандықтардың бойында жеңімпаздың қаны ағып жатыр», - деді генералдың немересі Алуа Байқадамова. Ресми бөлімнен соң жиылған қауым Офицерлер үйінде Панфилов дивизиясының ерлігіне арналған фильмді, концертті тамашалады. Айта кету керек, акция Орынборда басталды. Төртінші қала ретінде Алматы штандартты Новосібірден қабылдап алған болатын. Бүгін Екатеринбург қаласы алып жатыр. Одан әрі естелік штандарты Қырғыз Республикасы, Тәжікстанға сапар шегеді. Бұл акция қараша, желтоқсанда Волоколамск қаласында аяқталады. 20 ақпанда аталған оқиғаға орай Алматы әкімдігінің, қалалық қорғаныс ісі бойынша департаментінің бастамасымен жауынгерлер шеруі өтеді.


Қалмақ жерінде 13 қазақстандық майдангердің мәйіті табылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қалмақ Республикасындағы Хуто ауылынан «Сармат» астрахандық іздеу жасағы Ұлы Отан соғысында мерт болған 13 қазақстандық майдангердің мәйітін тапты.Сарбаздардың есімдері табылған медальондар бойынша анықталды. Барлығы 152-ші қорғаныс-атқыштар бригадасыншың жауынгерлері болған. Олардың ішінде үш павлодарлық бар. Бұл Яковенко Иван Трофимович, 1922 жылы туған, снаряд тасушы, Беляков Иван Григорьевич, 1922 жылы туған, қатардағы нысанашы және Сакин Николай Трофимович, 1922 жылы туған, қатардағы нысанашы. Барлығы майданға Павлодар облысы Цурюпин ауданынан шақыртылған. Бұл туралы павлодарлық «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитов №11 Павлодар мектебіндегі «Ерлік сабағында» айтты. Неміс әскері Қалмақ жерінің 8 ұлысын 1942 жылы шілдеде басып алған. Мұнда Қызыл әскер олардың басқыншылығын тоқтатты. А.Шитовтың сөзіне қарағанда, павлодарлық іздеушілер осы жерде қаза тапқан ержүрек жауынгерлердің туыстарын тауып, олардың ерлігі жайлы баяндайды. «Майдан жолы» командирі Қалмақ жерінде табылған қазақстандық жауынгерлердің тізімін атады: 1. Лопатин Александр Моисеевич, 1922 жылы туған, нысанашы, Алматы облысы. Гайницкий АӘК шақыртылған, мекен-жайы: Талдықорған облысы Сарыөзек стансасы, 5-ші аудан, №5 пәтер. 2.Кішімбаев Мәлік, 1915 жылы туған, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы АӘК шақыртылған. 3.Романюк Иван Макарович, 1922 жылы туған, сержант, бөлімше командирі, Алматы облысы Қоғалы ауданы Қоғалы АӘК шақыртылған. 4. Поляков Дмитрий Григорьевич, атқыш, Архангельск облысы. 5.Яковенко Иван Трофимович, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, снаряд тасушы, Павлодар облысы, Цурюпин ауданы, Кузьминка ауылы. 6.Аурамбетов Ахмут, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, оқ тасымалдаушы, Қызылорда облысы Тереңөзен ауданы, Тереңөзен стансасы. 7. Исабеков Қайпек, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, оқ тасушы, Қызылорда облысы Сырдария ауданы, 1 май колхозы. 8. Михайлов Илья Иванович, 1915 жылы туған, бөлімше командирі, Шымкент, Привокзальная слободка №2а. 9. Гаврилов Петр Николаевич, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, нысанашы, Алматы облысы Қоғалы ауданы, Сарыөзек стансасы. 10. Беляков Иван Григорьевич, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, нысанашы, Павлодар облысы Шарбақты ауданы (Цурюпин), Сергеевка кенті. 11.Сакин Николай Трофимович, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, нысанашы, Павлодар облысы Цурюпин ауданы. 12. Иванов Александр Георгиевич, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, оқ тасушы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы. 13. Барышников Михаил Макарович, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, снаряд тасушы. Жамбыл облысы Мерке ауданы Кузминка ауылы (қазіргі Сарымолдаев ауданы, Сарымолдаевка ауылы).


Екатеринборда «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» еске алу шарасы өтті

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Екатеринборда кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков ескерткішінің маңында «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» еске алу вахтасын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінен хабарлады. Халықаралық еске алу вахтасы 2015 жылдың қазанында Орынборда басталды. Кейін Челябі, Новосібір және Алматыға жол тартты. Алматыда туды Екатеринборға атақты 316-шы атқыштар дивизиясының командирі Иван Васильевич Панфиловтың немерелері тапсырды. Екатеринбор - вахтаға қатысып отырған бесінші қала. Ол 2016 жылдың күзінде Мәскеуде аяқталады. Шара аясында «Ресейдің іздеу қозғалысы» жалпыресейлік қозғалысының Свердлов өңірлік бөлімшесінің басшысы Татьяна Хардина 1919 жылы туған Петр Ябековтың сарбаздық медальоны мен мұрағат құжаттарын туыстарына тапсырды. Оның мәйітін Тверь облысы Ржев ауданы Соломино ауылында «Победа» іздеу жасағы тапты.

ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945)

АВТОР: ЕРЕК · ОПУБЛИКОВАНО 27.01.2017 · ОБНОВЛЕНО 27.01.2017

Студенттерге Кеңес халықтарының фашистік басқыншыларғақарсы өзі Отанын, жерін қорғаудағы табанды күресі туралы мәлімет беру. Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын ұғындыру.

Негізгі ұғымдар:Ұлы Отан соғысы, «Барбаросса жоспары», майдан арсеналы, депортация, мобилизация, тыл, 316 атқыштар дивизиясы.

 

Жоспар:

  1. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.

  2. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.

  3. Қазақстандықтардың тылдағы еңбектері.

 

1. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: Германия, Италия, Жапония тұтандырды. Гитлер және оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен КСРО елін құртуды мақсат етті. Фашизм Кеңес Одағын бөлшектеп «Остландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Московия» (Россия), (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Ветка, Қазан, Уфа, Пермь), «Украина» (Волга өңірі, Воронеж), «Кавказ» (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Кеңестік Азия жерінде «Гросс Түркістан», «Еділ-Орал» деген қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. 1941 ж. 22 маусымда Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Адам саны мен соғыс техникасы жағынан фашистер басым болды. 1941 ж. 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Президиумының Указымен 14 әскери округ территориясында мобилизация жарияланды. Коммунистік партия шаруашылықты соғыс жағдайына бейімдеуге, барлық күш пен құралдарды елімізді қорғауға жұмылдыруға басшылық жасап, жау тылында партизандық соғысты ұйымдастырды. Кеңес армиясы жаңа әскери құрамалар және халық жасақтарымен толыға түсті. Бірінші кезеңде соғыс Солтүстік-батыс (Ленинград), Батыс (Москва), Оңтүстік-батыс (Украина) бағытында жүрді. Басты әскери қимылдар: 194 1ж. шекарадағы шайқастар. Брест қамалы қорғанысы; Прибалтика және Белоруссияның басып алынуы; Ленинград блокадасының басталуы, Смоленск шайқасы (1941); Киев, Одесса, Севастополь қорғаныстары (1941-42). Герман әскерлерінің Украина мен Қырымды оккупациялауы, Москва шайқасы. 1942 ж. аяғы — 1943ж. бас. Сталинград қорғанысы (түбегейлі бетбұрыс).

Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешіміне сәйкес, Қазақстанда бес ұлттық дивизия мен бригада жасақтау ұйғарылды. Олар: 105, 106, 96 ұлттық атты әскер дивизиялары және 100, 101 ұлттық атқыштар бригадасы. Соғыстық бастапқы 3 айының ішінде 238, 310, 314, 387, 391, 316 атқыштар дивизиялары құрылды. 1939ж. халық санағы  бойынша Қазақстанның халқы 6.2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына 1.196.164 қазақстандық сапқа тұрды.

 

  1. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.ҰОС–ң даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Г. Жұматаев, Ш Шолтыров, К. Иманқұлов, Е.А. Качан болды. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты.Олар Ж. Саин, Қ.Қайсенов, Ә. Шәріпов. Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі жолдардың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Б. Момышұлы басқарған 1073 ұландық атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді(Б. Момышұлына 1990ж. Кеңес Одағы Батыры атағы берілді). 316 дивизиясының жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И.В. Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосеково разъезі түбінде 28–гвардияшыл-панфиловшылар жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Мәскеудің қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Төлеген Тоқтаров, Рамазан Аманкелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

КСРО көп шығынға ұшырады, 27 млн. астам адам мерт болды. Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар. Соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қорытындылар ешқашан ұмытылмауға тиіс.

 

  1. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалының және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілді, көптеген қиыншылықтар туғызды. 1941-45жж. Қазақстаннан батыс аудандардың 532.5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарынан өз орнын тапты. 970 мыңдай депортацияланған немістер, поляктар осында келді. Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, баға 10-15 есе көтерілді. Елде халықты нан және басқа да маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді. Қазақстанға 220 фабрика, завод, ұстаханалар, артель мен өнеркәсіп комбинаты көшіріліп әкелінді. Неміс әскерлерінің КСРО-ға терең бойлап кірген, Еділ бойындағы шайқастар кезінің өзінде-майдан шебі Қазақстанға жеткен жоқ. Соғыстың бірінші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпоындары сұйық отын шығаруды 39%арттырды, электр қуатын өндіру 2 есеге өсті. Республика мыс, қорғасын өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды, осымен бірге зерттелген кеніштердің негізінде металдар шығару, бойыту, балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары және т.б. салынды. 1941-45жж. Барлығы 460 завод, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды.

Көптеген колхоздарда жұмыс істеп жүргендердің 70-80% әйелдер болды. Қазақстан еңбекшілері Ақтөбе облысы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Шығанақ Берсиев тарының гектарынан 202ц. өнім алып, дүние жүзілік рекорд жасады. Қызылорда облысы «Авнгард» колхозының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштің гектарынан 172ц. өнім алды. Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді. 1941-45жж. Олар майдан мен елге 5879 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және т.б. азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Яндекс.Директ Скачать 81 обработчик возражений18+

 

Бекітуге арналған сұрақтар:

 

  1. Екінші дүниежүзілік соғыспен Ұлы Отан соғысының негізгі себептерін атаңыздар. Ұлы Отан соғысы басталған күнді атаңыз.

  2. Фашистік Германияны жеңуде Қазақстан халқы қандай үлес қосты?

  3. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда құрылып ерекше ерлігімен көзге түскен әскери құрылымдарды атаңыз.

  4. Қазақстан- майдан арсеналы дегенді қалай түсінесіз?

  5. Неше қазақстандық екі мәрте Ұлы Отан соғысының батыры атағын алды?

  6. Ұлы Отан соғысы жылдары ғылыммен өнер қандай рөл атқарды?

  7. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО-да ұлтаралық қатынас  қалай болды?

  8. Ұлы Отан соғысының жеңісінің тарихи маңызы қандай?

 

 

 

Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы,

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.

0

Автор публикации



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі