жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Біз не білдік,не үйрендік!
Біз не білдік, не үйрендік?
Білім беру саласы: «Қатынас». «Таным». «Әлеуметтік орта». «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Тіл дамыту.Қоршаған орта.Математика.Көркем әдебиет.Құрастыру.
Сабақтың тақырыбы:Біз не білдік,не үйрендік?
Сабақтың мақсаты:Балалармен екі- екіден,тар және кең,биік,аласа ,қысқа,ұзын сөздерін пысықтау.Түстерді,көлемді,пішінді ажырата білуді қайталау.1-5ке дейін санауды,ертегі кейіпкерлерін айта білуді,үйрету.Балалардың зейінін,ақыл – ойын,логикалық ойлау қабілетін,шығармашылық қабілетін,өзін-өзі бағалай білуін дамыту.
Көрнекі құралдар:магнитті тақта,жол,гүлзар бағы,түрлі пішіндер,ертегі суреттері,құстардың суреттері,бүршік атқан бұтақтың суреті,слайдтар.
Әдіс тәсілдер:сұрақ- жауап,ғажайып сәт,мақтау,мадақтау,қорытындылау.
Балалар,бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ,өйткені бізге коптеген қонақтар келіпті,ендеше кәне бәріміз шаттық шеңберге тұрып, келген қонақтармен амандасып алайық.
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз.
Бәріңізге құрметпен,
Бас иеміз біз!
Қайырлы таң адамдар!
Мейірімді жарандар!
Біз бастаймыз оқуды,
Бақылаңдар қараңдар!
Тәрбиеші:жарайсыңдар балалар,енді орнымызға отырайық.
Тәрбиеші:Бір жылда неше мезгіл бар?Қандай?(Балалардын жауабы).
-Қазір жылдың қай мезгілі?(Көктем).
-Көктем мезгілінде неше ай бар?(3 ай бар).
-Қандай?(Наурыз,сәуір,мамыр ).
-Балалар,сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма?( Балалардың жауабы).
-Олай болса балалар,ойынның аты «Ойлан да жауап бер»деп аталады.
- Көктемде ағаштар не жарады? (Көктемде ағаштар бүршік жарады ).
-Көктемде құстар қай жақтан ұшып келеді?(Көктемде құстар жылы жақтан ұшып келеді).
- Күндіз күн шығады,түнде не шығады? (Түнде ай шығады).
- Ай біреу,жұлдыз нешеу? ( Жұлдыз көп).
- Көктемде жаңбыр жауады,қыста не жауады? (Қыста қар жауады).
- Түлкінің құлағы қысқа,қоянның құлағы қандай?( Қоянның құлағы ұзын).
- Таңертең біз оянымыз,түнде біз не істейміз?( Түнде біз ұйықтаймыз).
-Тәрбиеші:Балалар,өте жақсы,сендер жыл бойы жақсы білім алдыңдар,бойларың да,ойларыңда өсті.Алдымызда жаз мезгілі келіп,сендер ересек топқа барасыңдар.Ал,сендер ересек топқа барғыларың келе ме?
-Иә,барғымыз келеді,- деп жауап береді.
Ғажайып сәт.
-Тәрбиеші:Балалар, тыңдандаршы,біреу есікті қағып тұрған сияқты.Мұқият тындайықшы,мүмкін бізге қонақ келіп қалған шығар.
-Ортаға Дымбілмес кіріп келеді.
-Дымбілмес:Салеметсіңдерме,балалар!
Балалар:Салеметсізбе!
Дымбілмес:Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.Менде сендер сияқты жақсы білім алып,ақылды болғым келеді.Балалар,сендердің ересек топқа баратыныңызды біліп мені сіздерге Білгішбек жіберді.Ол сіздерге хат беріп жіберді.Қазір хатты сендерге апай оқып береді
Тәрбиеші:Кәне көрейік ендеше хатты оқып не жазылған екен?
« Амансыңдар ма,шырақтарым!Мен сендердің ересек топқа барғыларың келетінін естідім.Бірақ мен сендердің білімдеріңді тексергім келеді.Сендер ересек топқа менің тапсырмамды орындасаңдар ғана бара аласыңдар.Жолға шыққанда алдарыңнан кең жол шығады.Сол жолдың бойында әр түрлі тапсырмалар болады.Және де әр тапсырманы орындаған сайын сол тапсырмаға сәйкес бір бір тақпақ айтуыңыз қажет.Әрі қарай өздерің көре жатасыңдар.Сәлеммен Білімпаз!»
Тәрбиеші:-Балалар,Білімпаздың тапсырмасын орындаймыз ба?Олай болса жолға шықтық.
Жолда әр түрлі тапсырмалар жатады.Бірінші тапсырманы ашып көреді.
1-тапсырма.
- Геометриялық пішіндерден үй құрастыр?
Екі бала шығып магнитті тақтаға пішіндерді орналастыру арқылы үй құрастырады.
Тақпақ: Әбілмансур:Төртбұрышы да тең түскен,
Осынша жақтау және тең
Мұндай шаршы мен білсем,
Табылмас ау еш жерден.
2–тапсырма
- Гүлзар бағындағы гүлдердің түстерін атап және оларды санау керек!
Балалар бұл тапсырманы да бұлжытпай орындайды.
Тақпақ: Нұрбибі:Гүлдер,гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер,көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып.
3-тапсырма.
-Экранда көрсетілген ертегілердің атын атап,кейіпкерлерін танып білу және атау!
Балалар экранда көрсетілген ертегілерді атап,ондағы кейіпкерлерді де атап берді.
Тақпақ:Гүлназым:Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегені ду ғой.
4 –тапсырма.
- Құстардың ішінен улкен құс пен кішкентай құсты ажыратып бер.
Балалар суретке мұқият қарап,құстардың ішінен үлкен құстар мен кіші құстарды атап көрсетеді.
Тақпақ:Бектас:Келіп көктем құстары.
Бау- бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Тәрбиеші:балалар біз Білгішбектің тапсырмаларын орындап болдық енді біз топқа қайтуға уақыт болды.Ендеше балалар кеттік.
Ал енді балалар шаршаған шығармыз денемізді бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп өніп толамыз.
Көкке қарап,талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып,бір тұрып.
Бір тынығып аламыз.
Білімпаз:-Жарайсыңдар,балалар,Білгішбектің тапсырмаларын жақсы орындадыңдар.Құрастыруды,санауды,ертегілерді,құстарды жақсы біледі екенсіңдер.Мен Сіздермен бірге көп нәрсені үйрендім.Сендер ересек топқа баруға әбден лайықтысыңдар!Мен Білгішбекке айтып барайын сондай білімді балалар екендеріңді.Ендеше балалар қош сау болыңдар!
Балалар:Сау болыңыз!
Тәрбиші: Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?(Ұнады).
-Бізге кім келді?(Дымбілмес).
-Дымбілмес бізге не алып келді?(Білгішбектен хат пен тапсырма).
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,сендер бүгін сабаққа жаксы қатыстыңдар.Сендер жыл бойы балабақшада білім алып,көп нәрсені үйрендіңдер.Санауды да, ертегілерді де білесіңдер.Келесі жылы ересек тобына одан да жақсы білімдеріңді шындап,биіктерден көрінетіндеріңе сенемін.Енді орнымыздан тұрып,келген қонақтармен қоштасайық.
Балалар келген қонақтармен қоштасады.
«Тексерілді»
№6 «Балапан» МКҚК балабақшасының
Әдіскері О.Бисебаева -----------------
« » ---------------------- 2017ж.
Қорытынды сабақ.
«Біз не білдік,не үйрендік?»
Дайындаған тәрбиеші:Казбекова Данагүл
№2 «Құлыншақ» 2-сәбилер тобы
2016-2017 оқу жылы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген