400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз не үйреніп,не білді?"ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Викториналық сұрақтар
Материалдың қысқаша нұсқасы


19.04.2019ж

Оқу қызметінің жоспары

«Таным»

«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Уақыты 9.10 – 9.35

Тақырыбы

«Біз не үйреніп, не білдік?» (викторина)

Мақсаты

Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, сандарды санау, салыстыру,

Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, жыл мезгілдері ,уақытты,кеңістікті бағдарлау білімдерін пысықтау.

Керекті құралдармен көрнекіліктер

Дидактикалық материалдар, цифрлар , слайд логикалық ойындар, үлестірмелі материалдар, ноутбуктар

Сөздік жұмыс

Геометриялық пішіндер

Билингвальды компонент

Квадрат- шаршы, алтыбұрыш – шестиугольник, звезд-жұлдыз

Пайдаланылған әдебиет

Алматы кітап баспасы, интернет желісі.

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері.

Достарым, кең тұрыңдар,

Бақыт сонда ұғыңдар.

Қол ұстасып күлімдеп

Шаттық шеңбер құрыңдыр.

Жыл мезгілдері, апта күндері туралы сұрақ –жауап алу

«Көктем» А. Құнанбаев

Жазғытұры қалмайды , қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі,

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата –анадай елжірер күннің көзі.

Уақытты бағдарлау

Сандарды тура және кері санау

Негізгі бөлім

Балаларға екі командаға бөлініп , викториналық жарыс туралы түсінік беру

Бірінші команда : «Алғырлар»

Екінші команда : «Тапқырлар»

Балаларды әділ қазылармен таныстыру

«Алғыр» командасының ұраны : Біз әдепті баламыз ,айтқан тілді аламыз!

«Тапқырлар» командасының ұраны : Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар!

Теледидардан слайд арқылы тапсырмалармен таныстыру

1-тапсырма екі командаға бөлек-бөлек 7 сұрақтан қойылады

2- тапсырма Ойын Сурет бойынша өрнек құрастыру және таразыға қарап тастарды дұрыс орналастыру.

3- тапсырма қағаз бетінде кеңістікті бағдарлау (геометриялық пішіндермен)

Сергіту сәті.

Балаларға сандар таратылады ,музыка қойылады билейді, музыка тоқтағанда қолындағы сандарына қарап, өсу ретімен орналасады

Д/о: «Геометриялық пішіндерден Робот құрастыру »

Мақсаты : заттардың өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке және пішіндер туралы білімдерін бекіту.

Ноутбукты пайдаланып логикалық ойын ойнау. « Оң ,солына қарап көліктерді орналастыр» , «Геометриялық пішіндерді сана, қай пішін қанша?», «Шарлардың түсіне қарап қанша екенін сана»


Қорытынды бөлім

Әділқазылар алқасына сөз беріледі , мақтайды , мадақтайды. Барлық балаларға мадақтама қағазы беріледі.



ЖШС «Інжу-1» балабақшасы





Таным білім беру саласы

Қарапайым матеметикалық ұғымдарды қалыптастырудан

Ашық оқу қызметі тақырыбы: «Біз не үйреніп, не білдік?»

Марат А.К



Қайнар ауылы 2019ж







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
426
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі