Біз өмір сүріп жатқан ел

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз өмір сүріп жатқан ел

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Гиззатова Ж.И_________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Федоровка ЖОББМ

Күні: 6.05.2021

Мұғалімі: Зайнуллина Г.Г.

Сыныбы: 2 а,б;

Тақырыбы: №29. Біз өмір сүріп жатқан ел

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.


Мақсаты: Оқушыларға өмір сүріп жатқан елімізд сүюге баулы отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көру керектігін үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Кітап, дәптер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №28 – сабақ. «Табиғатты қорғайық» тақырыбында шығарма жазу.

2. Келесі сабақ. №29, Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» үзіндіні оқып келу.

1. Ахмет ақсақал неліктен неміс баласын таңдады?
2.
Ахмет ақсақалдың бойындағы басты қасиеті қандай?
3.
Қалай ойлайсыңдар, Зигфридті қандай өмір күтіп тұр?
4.
Адамдарды не біріктіреді?

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ынтымақ түбі — игілік.
Қазақ мақалы
Сұрақтар:

1. Ынтымақ деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын.

Төле би бала кезінде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп қалған Әнет баба ел бірлігі жайында әңгіме айтып отырады. Төле:

  • Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ? - дегенді сұрайды.

Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын,бір бума солқылдақ шыбық алдырып:

  • Балам, мынаны сындырып көрші, - дейді.

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп,сындыра алмайды.

  • Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы.

Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп,біртіндеп оп-оңай сындырып береді.Әнет баба:

  • Бұдан не түсіндің, балам ?-дейді.Сонда Төле бала:

- Түсіндім,баба,бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықтыелді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, «бірлігі,ынтымағы жоқты жау да,дау да оп-оңай алады»дегеніңіз ғой.

- Бәрекелді, балам,дұрыс таптың.Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке,ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті Әнет баба.

Сұрақтар:

1. Әнет бабаның тапсырмасында қандай мән жатыр?

2. «Бірлік», «ынтымақ» сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер?

3. Сендерге ата-аналарыңмақал-мәтел арқылы ақыл, кеңес бере ме?

4. Қандай мақал-мәтелдер естеріңде қалды?

5. Ынтымақ пен бірлікте болған іс-әрекеттерің туралы жағдаяттарды айтып беріңіздерші.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Қазақ және орыс халқының мақал - мәтелдерінің ішінен мазмұны ұқсастықтарын табыңдар.

Қазақ халқының мақал
мәтелдері

Орыс халқының мақал
мәтелдері

Қыстың қамын жаз ойла.

Отан – елдің анасы.

Ел іші – алтын бесік.

Қыс арбаңды сайла, жаз
шанаңды сайла.

Денсаулық – зор байлық.

Тазалық бар жерде
денсаулық бар.

Еңбек етсең, емерсің.

Жүз сомың болғанша, жүз
досың болсын.

Досы көпті жау алмас.

Кім еңбек етсе, сол тоқ.



6. Топпен ән айту.

Отан
Өлеңін жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Туған Отан, дәулетің асқан,
Бақыт нұры сәулесін шашқан.
Асыл ана мейірі жылы,
Еркелесем кеудесін ашқан.
Қайырмасы:
Кең алқапты желпісін желің,
Байлық тасып, шалқысын көлің.
Байтақ жатқан алыпсың өзің,
Отан-ана, бақытты елім.
Майда ескен таң самалыңмен,
Кеуде шіреп тамсанамын мен.
Туған Отан, сүйемін сені
Кеудемдегі барша жалынмен.
Қайырмасы.


7. Үй тапсырмасы.

1. №29 – сабақ. Өзіңе таныс бір ұлтты таңдап алып, «Түріміз басқа болса да, Отанымыз бір» тақырыбында шағын зерттеу жүргізіңдер. Ол үшін сендерге төмендегілерді табу керек.
Осы ұлттың:
мақал-мәтелі; ертегісі;
халық әні;
ұлттық ойыны;
ұлттық киімі..

2. Келесі сабақ. №30, «Біз бәріміз бірдейміз» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2021
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі