400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз өмірді таңдаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз өмірді таңдаймыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бостандық орта жалпы білім беретін меутебі




















Тақырыбы: «Біз өмірді таңдаймыз»






















Тақырыбы: Біз өмірді таңдаймыз.

Мақсаты: 1. Оқушыларға темекі және ішімдік зиянын түсіндіру;

2 .Қазіргі қоғам талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу;

3. Оқушылардың сана-сезімін,салауаттылығын,рухани дүниесін қалыптастыру;

Әдісі: Театрландырылған

Көрнекілігі: Суреттер, кітаптар т.б.

1) Ұйымдастыру 2) Жаңа сабақ

Жұргізуші: Өмір – сыйлық, өмір – жарық, өмір – сәуле. Осы нұрлы әлемді әсем гүлді баққа айналдырып, жан дүниесін қуанышқа бөлеу - әрбір адамзаттың табиғат алдындағы парызы. Алайда қазіргі таңда мына адамзат өмірінде, қоғамда түрлі жағдаяттар орын алуда. Осы тұрғыда сыр шертуге ортамызға шындықты шақырамыз.

Шындық: Мен қорқамын

Темекінің тұтқыны болған жастардан

Мен қорқамын

Ішімдіктің құрығына түскен жандардан

Мен қорқамын

Зиянды затқа құмар боп

Денсаулықтан айырылған мына қауымнан.

Жеткіншек: Ия, бұл – ащы шындық. Алайда қазіргі қоғамға қарап, жастардың бәріне бірдей кінә тағуға болмайды.

Қоғам: Адам анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем, жесем деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары. Екіншісі білсем, көрсем деп тұрады. Бұлар – жанның құмары.

Шындық: Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмырыда бірқалыпты емес. Мүны білу үшін темекіге тәуелді, темекінің тұтқынын шақырайық.

Тұтқын: Қазір мен бұл темекінің құрбанымын, бастапқыда менің тұла бойымда қызығушылық оянды, содан кейін жора – жолдастарымның арасында өзімді дербес етіп көрсеткім келді. Мұнан соң өзімнің жігерім таусылып, темекісіз күн кеше алмайтын жағдайға жеттім.

Қоғам: Кеселді жалқау, қылжақбас

Әзір тамақ, әзір ас

Сыртың пысық, ішің нас

Артын ойлап, ұялмас – деп Абай атамыз айтқандай «алдың жөн, артың соқпақ» болатынын білмей өншең жастар өмірлерін құрбан етіп жатады. Ал бұған ішкіліктің жолына түскен Тәуелді не айтар екен?

Тәуелді: Шынымды айтсам мен жастайымнан күш – қайратымның төмендігіне байланысты үнемі қиындықтан оңай құтылудың жолын іздейтінмін. Өсе келе өмірдің ауыртпалығы, үлкенді – кішілі жағдайлар, шаршап – шалдығу, қаржының жетіспеуі күйзеліске әкеп соқтырған соң барлығын ұмыту үшін ішімдікті бастадым. Содан кейін құмарлығым арта түсті, ішімдіксіз өмір сүре алмайтын жағдайға жеттім.

1 оқушы: «Шарап ішпеңіз, жүректі темекімен жүдетпеңіз»

2 оқушы: «Ішкілікке салынған адамның қайыры жоқ»

3 оқушы: «Маскүнемдік адамның өз басын масқаралап қорлауы»

4 оқушы: «Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды»

5 оқушы: «Ең басты дәрі – дәрмек – таза ауа, суық ск, ара мен балта».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
1779
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі