Материалдар / «Біз өмірдің гүліміз» «1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Біз өмірдің гүліміз» «1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Тамыз 2023
175
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің №38 «Толағай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК







«Біз өмірдің гүліміз»

«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»

16 «Ақ қайың» ересек тобы






Тәрбиеші:В.Азимова.













2022-2023жыл



«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Балалар, 1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Міне, біздің «Толағай» бөбекжай-бақшасында да, осы балаларды қорғау күніне арналған «Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік шара өткелі отыр.
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, әнде бүгін шырқалар – дей отыра Алихан Дарияның орындауында «Қошақаным» әнін қабыл алыңызыдар ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші! Сәбидің көкейінде бәрін білсем деген сұрақ әсте таусылған ба?!
Сайқымазақтаркеледі: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Бүгін бізде, 1 - маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыларыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба?
Балалар: Иә, қалдырамыз.
Сайқымазақтар: Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Үстел үстінде тұрған ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу. Ойынға әр топтан 5 бала қатысады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де епті екенсіңдер.
Өнері де өрілген,
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ Би: «Ковбой»
Жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Осы кезде әуенмен Тәттібек пен Джек келеді.
Джек: Хеллоу чилдрен! Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын. Рұқсат болса, бізде сендермен бірге мерекені тойлайықшы. Қызықты болсын деп, бәріміз бірге ойын ойнайық.
Балалар: Алақай!!! ойнайық.
Ойын: «Тәттіні тасымалдау»
Ойынның шарты: Қолымызды артымызға қойып, үстел үстіндегі тәтті кәмпиттерді ауызбен тасымалдау.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Аю мен қоян келеді: бұл не деген мереке?
Жүргізуші: Бұл 1 - маусым балаларды қорғау күні мерекесі. Келіңіздер, бізбен бірге көңіл көтеріңіздер.
Жүргізуші: Олай болса, ойынымызды бастайық.
Ойынымыздың аты: «Кім мықты?»
Ойынның шарты: Алдымыздағы гүл мен доптарды екіге бөліп, екі себетке салайық.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өте тамаша ойын болды.
Құрметті қонақтар, келесі кезек тағы әсем әнге беріледі. Балабақшамыздың өнерлі бүлдіршіні Арманның орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Балалар, бізге африка елінен тағы да қонақтар келіпті. Қане, қарсы алайықшы.
Би: «Чунга - чанга»
Осы кезде Томпақ келеді: Қандай ғажайып әлем! Мен қай елге келдім.?
Жүргізуші: Бұл «Бәйтерек» балдырғандар елі. Бұр елде ақылды, әдемі, өнерпаз балалар тұрады. Бүгін бізде үлкен мереке. Кел, Томпақ бізбен бірге көңіл көтер.
Томпақ: Жарайды балалар.
Олай болса, Томпақпен бірге көңіл көтеріп алайық.
Би: «Томпақ»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Балалардың бәрін бірге «Ай, будет круто» биіне шақырамыз.
Жаз да келді көңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!