Жанұзақова.Ә.Т. «Балдырған»
балабақшасының тәрбиешісі.
Алматы облысы, Іле
ауданы,
Жетіген
ауылы
Ұйымдастырылған оқу
қызметі
Білім беру
саласы: Шығармашылық,
Денсаулық
Оқу
қызметі: сурет, дене
шынықтыру
Тақырыбы: «Біз өнерлі
балдырған»
Мақсаты: Балалардың дербес ойлауын,
қылқаламды дұрыс ұстап, бояудың әдіс – тәсілдерін жалғастыру,
қимылды жасай білу қабілеттерін дамыту, әдемілікке, ептілікке
тәрбиелеу.
Әдіс –
тәсілдері: сұрақ – жауап, жұмбақтар, ән,
көрсету, түсіндіру.
Қажетті құрал – жабдықтар
көрнекіліктер: Қысқы орман, аңдар, құстар,
шыршалар, үлкен дорба;
Билингвальді
компонент: Шырша – елка, бояу – краска,
қоян – зайчик, сыйлық - подарка
Оқу қызметі
кезеңі
Балалар қысқы орманға
саяхаттап барады. Шаттық шеңберінде тұрып, әр бала өзін қандай
екенін айтады.
Жұмбақтар:
Қыста ғана
болады
Ұстасаң қолың
тоңады./Жұмбақтың шешімін «қар» деп
табады/
-Қыста күн қандай
болады?
-Қыста қандай мерекелер
болады?
Жұмбақ:
Қызыл шапаны
бар,
Ұзын сақалы
бар
Балаларға сыйлығы
бар
Ол кім? / Жұмбақтың шешімін
«Аяз Ата» екенін айтады/
Тосын
сый: Орман ішінен Аяз Ата келіп :
Мен туралы айтып жатсыңдар ма?
Өткенде келіп сыйлық
таратқанмын. Енді ормандағы аңдар мен құстардың Жаңа Жыл мерекесі
өтеді. Соған сыйлық дорбаны әдемілеп маған көмектесіңдерші. Сендер
тапсырманы орындағанша, мен тәттілерімді дайындайын. /Аяз Ата
кетеді/
Тәрбиеші: Кәне балалар біраз сергіп
алайық;
«Сағатымыз соғады» әнін (ойын
- жаттығу) орындайық.
Балаларға сыйлық дорбаны
таратып, алдарына қояды.
Тәрбиеші:
-
1-2 сыйлық дорбаны көрсетіп,
әдемі екендеріне көз жеткізеді.
-
Қылқаламды қалай ұстау керек
екенін естеріне салады.
-
Түстерді ажыратып
айту.
-
Бояудан бұрын бояуларға тамшы
тамызу керек екенін ескерту.
-
Тақтаға салып
көрсету
Үшбұрыштардан шырша салып,
дөңгелек, жолақшаларды салып көрсетеді. Бояудың тәсілін солдан
оңға, жоғарыдан төмен жолақпен бояуды
көрсету.
Балалардың жұмысы. Әдемі әуен
ойналып тұрады, балалар өз бетінше жұмысты
орындайды.
Сурет салып болған соң,
тәрбиеші өз әдемілеген суретті үлкен дорбаға апарып іледі. Сол
кезде дорба қимылдайды, ішін ашқанда ойыншықтар шығады, соңынан Ақ
Қоян шығады. Ақ Қоян балалардың жұмыстарын көріп, мақтайды. Ойын
ойнауға шақырады.
Ойын: Қалаған қарыңның жанына
тұр. /қалаған қарларының жанына тұрады/
Қоян балалармен бірге
ритмикалық жаттығуларды орындайды. Қоян жаттығуларды жақсы
жасағанын айтып тапсырмаларды Аяз Атаға апаратынын айтады. Үлкен
дорбаны ашып, ішінен мишура шығарып, соңынан сыйлықтар шығады. Қоян
сыйлық таратып, қоштасып кетеді./Балалар сыйлығын алып рахмет
айтады/
Балаларды мақтап, мадақтап
қонақтармен қоштасады, қонақтар да «рахмет» айтады. / Балалар
саяхатқа барғандарына қуанып, топқа
қайтады/