400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Біз өсіп жатқан өлке сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану сабағына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Сыныбы: 2

Тақырыбы: №25. Біз өсіп жатқан өлке

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық

Мақсаты: Оқушыларға туған өлкесін жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2.www.zharar.com

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат.

2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №24 – сабақ. Жасы кіші балаларды қалай қуантар едіңдер? Қарт адамдарға қандай сыйқұрмет көрсетуге болады? Өз ойларыңды жазып
көрсетіңдер.

2. Келесі сабақ. №25, ел аузынан «Қарлығаш би» оқып келу.

Сұрақтар:

1. Төле бидің елінен, жерінен көшпей отыруына не себеп болды?
2.
Төле би ел-жұртын жаудан қалай қорғап қалды?
3.
Мәтіннен қазақ халқының бейбітшіліктің, тыныштықтың мекені болғанын көрсететін жерлерін тауып, баяндап беріңдер.
4.
ЖаудыТөле бидің қандай қасиеті кері шегіндірді?
5.
Елді, жерді қалай қорғап, көркейтуге болады деп ойлайсыңдар?

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Отанды сүю отбасынан басталады.
Мақал


Сұрақтар:

1. Сендер туған жерге қандай қадір-құрмет көрсетіп жүрсіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Күн мен түннің жермен достығы

І. Мұсаұлы

Бір күні Жер Күн мен Түнге:

– Сендер мені үздіксіз айналып, адамдардың өмірі үшін қызмет етіп келесіңдер. Түн, сен адамдар демалса екен, ұйықтаса екен дейсің, ал сен, Күн, адамдар күндіз еңбек істесе екен дейсің. Екеуіңнің де адамдарға жақсылық жасап келе жатқан еңбектерің зор,– деді.

– Сенің де еңбегіңді жақсы білеміз, – деп жауап берді оған Күн мен Түн.

– Сен де адамдарға ырыс бересің, олар сенде тұрып, өмір сүріп жатыр, олар сенен ырыздығын алып жейді. Сен оларды шаршамай көтеріп келесің, олардың бақытты өмір сүруін тілейсің, сенің де еңбегің өте зор.

Олар бір-біріне қарап, ризашылықпен күлісіп алды. Бірақ бұлардың әңгімелерін адамдар естіген жоқ. Олар әрқайсысы өз мемлекеттерінде – біреуі күндіз, біреуі түндегі тіршіліктерімен өмір сүріп жатты.

Сұрақтар:

1. Күн мен түн және жер не туралы әңгімелесті?

2. Олар адамдарға қалай жасайды?

3. Сендер олардың жақсылығына ризашылықтарыңды қалай білдіресіңдер?

4. Риясыз жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Өздерің қандай риясыз жақсылық жасап жүрсіңдер?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Төмендегі қасиеттерді қатыстыра отырып, «Қазақстан – бейбітшілік бесігі» тақырыбына шағын қойылым дайындап,сахналаңдар.

  • ақниет;

  • адалдық;

  • азаматтық;

  • бауырмалдық.


6. Топпен ән айту.

Елімізді сүйеміз
Өлеңін жазған: Дүнгенбай Ботбаев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза-Әли
Бал-бұл жанған гүл шағында
Біз Отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу ұранымыз.
Қайырмасы:
Біз өнерге, ұлы өмірге,
Гүл өмірге иеміз.
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз.
Туған жерде аунап-қунар,
Біз ұланбыз, өрімдейміз.
Біз ұланбыз еңбекқұмар,
Өнер десе ерінбейміз.
Қайырмасы.
Қуанышты әніміз де,
Біз ұланбыз жоқ арманы.
Біздер әлі бәріміз де
Боламыз ел қаһарманы
.


7. Үй тапсырмасы.

1. №25 – сабақ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал - мәтелдерді аяқтаңдар.
a) Отан елдің ...
ә) Отан үшін ...– ерге тиген ...
б) Ынтымақ түбі –...
Тиісті сөздер: анасы, күрес, үлес, береке.

2. Келесі сабақ. №26, Бауыржан Момышұлы мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
1374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі